Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЗЫҚ — ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

23.01.2017
FacebookWhatsappTelegram

АЗЫҚ – ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Үкімет және Ұлттық Банк қабылдаған дағдарысқа қарсы жоспар аясында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді мықтап тапсырғаны баршаға мәлім. Осы ретте Үржар ауданында аудан әкімі Серік Зайнулдиннің төрағалығымен аудандағы баға тұрақсыздығына байланысты арнайы жиын өтті. Жиында азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты мәселе қаралып, бірқатар ауылдық округ әкімдері сынға ілікті.

Әлеуметтік маңызы бар макарон өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа және тұз сынды 33 түрлі халық күнделікті тұтынатын бірінші қажеттегі тауарлар халыққа қолжетімді болуы керек. Аудан орталығындағы халыққа қызмет көрсетіп отырған «Гүлназ» азық-түлік сауда дүкенінің бағалары қолжетімді. Бірқатар ауылдық округтердің жеке кәсіпкерлері тауарларды осы сауда дүкенінен алады. Алайда кейбір ауылдық округтерде саудагерлер халыққа тауар бағасын негізсіз өсіріп ұсынып отырғанын аудан әкімі атап өтіп, бағаның бас жібін босатып жіберген бірқатар ауыл әкімдерін сынға алды.

— Осыған байланысты ауданда тәуелсіз комиссия құрылған, комиссия мүшелері 27 ауылдық округтегі азық-түліктің бағасын көріп шықты. Жалпы, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келеді. Дегенмен төмен деңгейде отырған жанұялар да жоқ емес. Сол себепті қарапайым шаруадан бастап кәсіпкерлерге дейін өзара қарым-қатынаста, түсіністікпен жұмыс істеуіміз керек. Азық-түлік пен жанар-жағармайдың бағасы негізсіз шарықтамай, өзінің есебіне байланысты ғана қосылуы керек. Мысалы, Катонқарағай ауданында жеке кәсіпкер Александр Матасов жергілікті халыққа нанның бағасын 25 теңгеден ұсынып отыр. Ал біз 50 мың гектарға дәнді астық ектік, тұрақтандыру қорын құрдық. Алайда баға әр округте әрқалай. Мысалға алатын болсақ, Көктерек ауылдық округінде нанның бағасы 52 теңге, ал Мақаншыда АИ-93 маркалы бензиннің бағасы 140 теңге болса, пастерленген 2,5 пайыздық сүттің бір литрі 125 теңге,- деген Серік Зинабекұлы әр ауылдық округтің әкімі өзінің қарамағындағы дүкендердегі бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қойып, бақылауда ұстауға тиіс екендігін қатаң ескертті.

Айтылған мәселелердің барлығы назарға алынып, атқарылған жұмыстар нәтижелі болуы керектігін де аудан әкімі жиын барысында қадап айтты. «Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Үржар ауданы облыс көлемінде бесінші орынға шықты. 8 млрд-тан астам қаржы толығымен игеріліп, салық бойынша тапсырмалар орындалды. Ал салықтың түсімі — ол ауданымыздың өсіп-өркендеуі. Демек, істелген жұмысымыз аз емес. Алда атқаратын қыруар жұмыстар бар. Соның бірі, әлбетте, бағаны бақылауда ұстау»,- деді аудан басшысы.  Сонымен қатар аудан әкімі Серік Зайнулдин «Төрлет» нан пісіру цехының басшысы Мұхаметжан Ақпековке аз қамтылған отбасыларға нанның бөлкесін 50 теңгеден — арзандатылған бағамен беру туралы ұсыныс айтты.

Жиын соңында Серік Зинабекұлы әр ауылдық округ әкімі он күн сайын азық-түлік бағасы жөнінде есеп беріп отыруы керектігін, аудан әкімінің орынбасары Құсайын Сейітқанов пен ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Тәуіржан Шомановқа бірлесе отырып бағаға бақылауды күшейтуге тапсырма жүктеді.

Бауыржан ЖАҚЫП, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС