Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

03.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Осы аптада «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қалалық мәслихаттың бір топ депутаты студент жастармен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады.

Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Зульфия Жамалтдинова өз сөзінде Елбасы жария еткен жаңғырулардың мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық үш тармағының өзара іс-әрекетінің үйлесімділігі мен олардың әрқайсысының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

— Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің әрбір азаматына қатысты. Жолдау еліміздің жаңғыруының үшінші толқынына арналған, атап айтқанда, экономикамыздың дамуына. Бүгінгі күні барлық сайлау учаскелерінде Елбасы Жолдауы талқыланып жатыр. Барлық депутаттар да бұл қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі кездесуде жастар халық қалаулыларына кез келген сауалдарымен жүгіне алады,- деді Зульфия Фазылжанқызы.

Оның айтуынша, Жолдауда шешуші жағдайлар белгіленген, атап айтсақ: заңнаманы бүгінгі күннің шындығына икемдеу, индустрияландыру мен IT технологияны дамыту, ғылым мен білім саласындағы прогресс, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін мол мүмкіндіктер.

Келесіде сөз алған қалалық мәслихат депутаттары Әміржан Ахмеджанов, Айдар Ибраев, Дариға Дайрова, Светлана Киселева Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдауында көрсетілген басым бағыттардың мәні мен маңызына тоқталды.

Тәуелсіздіктің ширек ғасырында еліміздің екі жаңғыруды сәтті жүзеге асырғанына тоқталған мәслихат депутаты Әміржан Ахмеджанов еліміз жаңғырудың үшінші кезеңіне аяқ басып отырғанын, бұл Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосатын кезең болатынын атап өтті.

— Жолдаудағы бес басымдықтың маңызы өте зор. Өйткені онда Мемлекет басшысы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, адами капитал сапасын жетілдіру, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне қатысты батыл қадамдарды айқындап берді. Енді біздің алдымызда Президент Жолдауының басым бағыттары мен олардың мәнін әр қазақстандыққа түсіндіру міндеті тұр,– деді.

Халық қалаулылары сондай-ақ Елбасының әлеуметтік саланы да басым бағыт ретінде белгілегенін,  бұл салаға да бірқатар оң өзгерістер жоспарланып, енгізіліп те жатқанын атап өтті. Атап айтсақ, ол зейнетақы мен жәрдемақыны 20% индексациялау, зейнетақылық жарнаны есепке ала отырып, зейнетақы есебінің жаңа тәсілін енгізу, бұл өз кезегінде 2018 жылы зейнетақыны 1,8 есеге көтеруге, сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейі мен әлеуметтік жәрдемақыны арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында жастар әлеуметтік, денсаулық сақтау, жастарды жұмыспен қамту саласына қатысты көптеген сауалдар қойды.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС