Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БИЫЛ 17 МЕКТЕП АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

03.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында білім бөлімінің кеңесі өтті. Кеңеске білім беру мекемелерінде құрылған кәсіподақ ұйымының төрағалары, қаланың ата-аналар активі мен білім ошақтарының басшылары және ұстаздар қауымы қатысты. Кеңестің  күн тәртібі бойынша Семей қалалық білім бөлімінің өткен жылы атқарған жұмыстары қорытындыланып, 2017 жылға арналған жоспарлары  талқыланды. Тақырып бойынша баяндама жасаған білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мектепке дейінгі мекемелер жұмысы мен орта білім беру ошақтарының жай-күйіне тоқталды.

Қаланың бас мұғалімінің айтуынша, 2015 жылы 32 балабақша, 49 шағын орталық болса, қазіргі таңда 48 балабақша мен 48 шағын орталық жұмыс істеп тұр. 2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 541 баланы қамтитын 7 балабақша ашылған. Десе де шағын орталықтардың 33 пайызы ғана толық күн режімінде жұмыс істейді. Яғни, 1900 бала мектепке дейінгі  білімді қысқартылған түрде алуға мәжбүр. Ал ауылдық жерлерде 15 шағын орталық бар. Оның тек үшеуі ғана толық күнге арналған. Ата-аналардың қалтасы көтермейтіндіктен, ауылдық жерлерде жекеменшік балабақша ашу қолға алынбайтын көрінеді.

Сонымен бірге кеңесте мектеп мәселесі де қозғалды. Білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, 2016-2017 оқу жылында шаһардағы 66 мектепте 41 960 оқушы білім алуда. 2009-2011 жылдары туу көрсеткіші жоғары болуына орай, өткен жылмен салыстырғанда шәкірт саны да артқан.

2016 жылы білім саласын қаржыландыруға 12 млрд. теңге бөлініпті. Ол қаржыға 42 мекемеге ағымдағы, бесеуіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған қаржы саланы дамытуға жұмсалған. Ал 2017 жылы 17 білім ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 7-еуінің шатырын ауыстыру, тағы 7 мекеменің жылыту, суағар, кәріз жүйесін жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Юность кентіндегі 1200 орындық, Бобровка саяжайындағы 600 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Мектептегі басты мәселе оқушыларды ыстық тамақпен қамту екендігін жеткізген Наталия Анатольевна 54 мектепте асхана бар екендігін, бірер мектеп таза ауыз су мәселесіне орай ыстық тамақпен қамтылмай отырғандығын мәлімдеді.

Пилоттық жоба ретінде 30 мектепте электронды күнделік, 35-інде «e-learning» электронды оқыту жүйесі қолға алынған. Сонымен қоса «Дарынды мектеп», «Шығыс Ұландары» сыныптары мен бір балабақшада «Ой-ойна» кабинеті ашылған.

Республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде «Үздік олимпиадалық команда» аталымын жеңіп алған Семей қаласы мектептерінің командасына құрмет көрсетіліп, №6 гимназияға «Үздік қалалық мектеп — 2017» аталымы беріліп, ұжымға диплом табысталды. Сондай-ақ «Үздік мектеп асханасы», «Үздік мұз қалашық», «Үздік спорт залы» аталымдары бойынша да жеңімпаздар марапатталды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС