Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД: ЕЛБАСЫНЫҢ СЕМЕЙГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ ЕРЕКШЕ

10.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Аптаның алғашқы жұмыс күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Семей қаласында болды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Семейдің сол жағалауын жылумен қамтамасыз ететін №1 ЖЭО-дағы жаңғырту жұмыстарымен танысты. Семейге сапары кезінде Мұхтар Құл – Мұхаммед жедел медициналық жәрдем ауруханасында ақ халатты абзал жандармен жүздесті. Мұхтар Абрарұлы дәрігерлермен Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған басым бағыттарды талқылады.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Семейге жасаған сапарында алдымен  №1 ЖЭО-да болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Семей қаласындағы өзекті мәселелердің бірі жылумен қамтамасыз ету болатын. Бұл өз кезегінде семейліктер үшін біршама қиындықтар туғызғанын да ұмытқан жоқпыз. Шаһардың қыстан қысылмай шығуы үшін, үкіметтік деңгейде арнайы бағдарлама қаралып, қомақты қаражат та бөлінді. Бұл ретте Семейдің сол жағалауын жылумен қамтуда жаңа жылу беру нысаны салынып, іске қосу кезең – кезеңмен жүзеге асуда. Қазір №1 ЖЭО-да жұмыстар аяқталды десе де болады. Тұрғындар жаңартылған жылу орталығының іске қосылуын асыға күтуде, дегенмен ол үшін әлі де миллиардтан астам теңге қажет.

Тарқатып айтар болсақ, бүгінгі күні орталықты қайта жаңғыртудың негізгі жобасына түзетулер енгізілген. Ол бойынша жоба құны 1,8 млн. теңгеге артыпты. Бұл жұмыстарға №6 және №7 қазандықтардың үстіңгі жылытқыштары ауыстырылмақ. Сонымен қатар орталықты іске қосу және ретке келтіру жұмыстарына 680 млн. теңге қаржы жұмсау көзделуде.

— Семей қаласын жылумен қамту жыл сайын мәселе тудырып келгенін білесіздер. Бұл — қаладағы ірі жылу орталығы. Елбасының тапсырмасы бойынша аталған орталықты қайта жаңғыртудан өткізу үшін бүгінгі күнге дейін 23 млрд. теңге қаражат бөлініп, ауқымды жұмыстар жүргізілген. Елбасының арқасында тек қана Семей қаласындағы бір нысанға осынша қомақты қаражат бөлініп отыр. Осының барлығы Мемлекет басшысының Семейге жасап жатқан үлкен қамқорлығының белгісі. Бүгінгі күні бұл жұмыстардың нәтижесінде қаланың сол жағалауы толықтай жылумен қамтамасыз етіліп отыр. Алдағы уақытта жылу орталығындағы жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 2,9 млрд. теңге қаржы қажет. Бұл бюджетке енгізіліп отыр. Семей облыс орталығы болып тұрған кезде, орталықтағы халықтың саны 230 мың болатын, қазір 340 мың халық тұрады. Яғни қазір Семейдің халқы Петропавл, Көкшетау, Қызылорда сияқты облыс орталықтарының халқынан көп. Сондықтан Семей қаласына көп көңіл бөлу керек. «Нұр Отан» партиясы осы позицияны ұстанады және қолдайды,- деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мұхтар Абрарұлы бұдан кейін «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде қалада жаңадан тұрғызылған жедел медициналық жәрдем ауруханасында болды. Зәулім әрі кең жаңа аурухана ғимаратында сегіз стационарлық бөлімше мен Семейдің медициналық университетінің алты кафедрасы орналасқан. Аурухана директоры Қайноллан Мусиннің айтуынша, жаңа емдеу мекемесінің сыйымдылығы 325 орын. Ал аурухананың құрылысына республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге жұмсалған. Бұл қаражаттың 2,8 млрд. теңгесі заманауи медициналық құрал-жабдықтар алуға жұмсалыпты. Олардың ішінде гемодиализге арналған «жасанды бауыр» аппараты, функционалды модульдермен қамтылған орталықтандырылған мониторинг стансасы, асқынған диализ жүйесі сияқты жаңа құрал-жабдықтар бар. Мұхтар Абрарұлы жаңа аурухананың барлық заманауи талаптарға сай салынғанын, ал құрал-жабдықтармен қамтылуы орталықты әлемдегі ең үздік медициналық мекемелердің қатарына қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мамандардың біліктілігі де жоғары екеніне көз жеткізді.

Дәрігерлермен әңгімелесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед Президент жария еткен  «Үшінші жаңғырудың» бүкіл Қазақстанды қамтитынын және денсаулық сақтау саласының да одан тыс қалмайтынын атап өтті.

— Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Елімізде 1 шілдеден бастап жалпы әлемдік тәжірибенің тиімділігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Біз бұған дайын болып, медициналық қызмет көрсету саласының аясын мейлінше кеңейтуіміз қажет»,- деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Өңірдің медицина қызметкерлері Мұхтар Құл-Мұхаммедке Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен мұқият танысып шыққандарын айтып, Мемлекет басшысы белгілеп берген еліміздің даму бағытын толық қолдайтындарын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС