Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰРЛЫҚ ТҮБІ — ҚОРЛЫҚ

16.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық ішкі істер басқармасында ұрлық жасаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топтардың құрықталуына байланысты баспасөз мәслихаты өткізілді. Жалпы, 2017 жылдың қаңтар айы бойынша қаламызда ұрлық жасау қылмысы бойынша 504 іс тіркелсе, соның тең жарымы ашылған.

Ұрлық жасау қылмысы өз ішінде пәтер, көлік, қалта ұрлығы секілді бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде пәтер ұрлығы бойынша осы жылдың қаңтар айына тиесілі 213 іс тіркеліп, оның 89,2 %-ы  ашылған.

— Жыл басынан пәтер ұрлығына байланысты үш қылмыстық топ құрықталды. Олар екі адамнан құралған Ринг, ағайынды Галкиндер және Ганские қылмыстық топтары.  Александр Ринг пәтер ұрлығы бойынша 2004 жылдан бері сотты болып келе жатыр. Ең алғаш пәтер ұрлығымен он бес жасында ұсталған ол терезені ашу арқылы ұрлық жасауға әбден машықтанған. Осымен алтыншы рет ісі қаралып жатыр. Ал 1993 және 1994 жылғы ағайынды Галкиндер саяжайдағы жеке сектордағы үйлерде оннан аса алаяқтық іс жасаған. Сондай-ақ Бубнов және Котов есімді екі азамат «Казахтелеком» мекемесінен кабель жымқырумен айналысқан. Сонымен бірге «Казахтелеком» АҚ қызметкері Александр Матушенко да кабель ұрлығымен ұсталды. Ол бұл іспен соңғы екі-үш ай бойы шұғылданған. Ал Юность ықшам ауданы және Комсомол кентінде автокөлік бөлшектерін жымқырумен айналысқан Шалқар Көпеспаев есімді азаматтың үстінен 11 қылмыстық іс тіркелді. Ол бұл аудандарды өте жақсы біледі, күндіз де, түнде де ұрлық жасаған. Жыл басынан бері автөлік ұрлығына байланысты 78 іс тіркелді,- деп атап өтті ІІБ криминалды полиция бөлімі басшысының орынбасары Тілеубек Жүнісов.

Қазіргі уақытта ҚР Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі шешімімен Өзгенің мүлігін ұрлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты — алдын алу шараларын күшейту арқылы өзгенің мүлкіне қол сұғушылықты бәсеңдету.

Тілеубек Жүнісовтің айтуынша, пәтер ұрлығының жүзеге асуына есікте қыстырылып тұратын коммуналдық төлем қағаздарының да ықпалы бар. Неше күн бойы алынбаған төлем қағаздары ұрлықшыға үйде ешкімнің жоқ екенін айғақтайын белгі болып саналады. Пәтер мүліктерін қолды қылу көбіне күндізгі уақытта орын алады екен. Яғни пәтер мүліктерін ұрлау уақыты үй иелері жұмысқа кеткен 8.00-17.00 аралығына сәйкес келеді. Талан-таражға көп түсетін пәтерлер қатарына 1-2 қабатта орналасқан пәтерлер жатады. Себебі пластикалық терезені ашу оңай, тұрғындардың басым бөлігі терезелеріне темір тор орнатпайды. Ал ондай терезелерді ашып кіру әккі ұрыларға түк емес.

— Кейбір пәтерлердің есіктері де осал болып келеді. Жоғарғы қабаттағы пәтерлерге ұрылар көбіне төбедегі люк арқылы түседі. Сондықтан ПИК қызметкерлері төбедегі люк қақпағын жауып отыруға тиіс. Ал ұрылар үшін жеке сектордағы үйлерге ұрлыққа түсу тіптен оңай. Сондықтан үй иелері қылмыстың алдын алу үшін бейнебақылау орнатқандары дұрыс. Бейнебақылау қойылған жерге ұрылар мүлде жоламайды. Егер бейнебақылау қоюға мүмкіндік болмаса, ит асырау керек. Қаламыздағы халық көп қатынайтын бірқатар көшелерге бейнебақылау қойылған, бірақ ол жеткіліксіз,- деген ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов үлкен сомадағы ақшаны үйде сақтаудың дұрыс еместігін айтады. Себебі алтын мен бағалы заттарды ломбардтан кері қайтарып алудың мүмкіндігі болса, ақшаны қайтарып алу көп жағдайда мүмкін емес көрінеді. Себебі ұрылар ақшаны дереу жаратып қояды, ал оны өндіріп беруге олардың шамалары, әлбетте, жетпейді.

Ал қалта ұрлығы бойынша, өткен қаңтар айында 27 іс тіркелген. Қазірдің өзінде ІІБ криминалды полиция бөлімінде қалта ұрлығына машықтанған 43 адам тіркеуде тұр. Қалта ұрлығына байланысты ең көп таралған ұрлық түрі – ұялы телефондардың қолды болуы. Әккі ұрылар ұялы телефон мен әмиянды сөмкеден де, қалтадан да алуға машықтанғанын айтады полиция қызметкерлері. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, ұрлықтың ашылуына кедергі келтіретін — азаматтардың құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласпауы. Осыған байланысты қаладағы халық көп жүретін орындар мен аялдамаларға, қоғамдық көліктер мен саябақтарға, ломбардтар мен  ұсталған қалта телефондарын сататын және жөндейтін бутиктерге бақылау күшейтілген. Ал біз ұрлық түбі қорлық екенін тағы да айта келе, халыққа өз заттарына мұқият болуды ескертеміз.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС