Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАСЫНДА ПІКІР АЛМАСТЫ

16.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Елімізде ширек ғасыр бойы мықты Президенттік басқару жүйесі салтанат құрды. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, аумалы-төкпелі кезеңде сан түрлі ұлт пен ұлысты бөлінушілік пен бүлінушіліктен сақтаған тегеурінді басқару жүйесі бола білді. Соның арқасында бүгінгі күні ел іргесі бекіп, халықтың әл-ауқаты артып, әлемдік аренада Қазақстан өз орнын айқындап алды. Әрі қарай да демократиялы түрде дамуымыз үшін, Президентіміз билік тармақтарына қатысты өкілеттіліктерді қайта бөлу реформасын және оған сәйкес Ата Заңға өзгерту енгізуді талқылауға ұсынған.

Саяси сауаты мен мәдениеті жетіліп, қоғамдық үлкен өзгерістерге ұстанымдарын парасатты түрде жеткізіп жүрген халқымыз конституциялық реформаны талқылауда.

Десе де Ата Заңның 26-шы бабына енгізілетін «әркім» сөзі көпшіліктің санасында күмән туғыз-                        ғаны рас. Бұл мәселе 14 ақпан күні Семей қаласының Абай атындағы облыстық әмбебеп кітапханасында  ұйымдастырылған дөңгелек үстелде жергілікті атқарушы билік және саяси  партиялардың өкілдерінің, халық қалаулыларының, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің, ардагерлер мен саясаттанушылардың және әлеуметтанушылардың да талқысына түсті.

Дөңгелек үстел жұмысының мақсатын таныстырған қалалық әкімдік жанындағы қоғам-дық кеңес төрағасының орынбасары Жанна            Жибраева конституциялық реформаға тоқталып, енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп өтті.

Одан кейін тәуелсіз әлеуметтанушы Алексей Коновалов халық реформамен таныс па, Мемлекет басшысының бұл қадамын қолдай ма, болашақтан не күтеді деген сауалдар арқылы тұрғындардың саяси сауаттылығын, пікірін саралау үшін зерттеу жүргізгендігін атап өтті.

— 940 қала тұрғыны зерттеу жұмысына қатысты. Пікір білдірушілер — 18-63 жас аралығындағы шаһардағы 89 көшенің тұрғындары. Әлеуметтік топтарына қарай, сауалнама зейнеткерлер мен еңбеккерлерден, жұмыссыздар мен үй шаруасындағы әйелдерден, жағдайы төмен отбасы мүшелері мен мемлекеттік және өзге саладағы қызметкерлерден алынды. Қорытындысы бойынша, 6 пайыз тұрғын Президент талқылауға ұсынған құжатпен таныс болмай шықты. Яғни, халықтың 94 пайызы саяси сауатты. Ал жалпы респонденттердің 54,3 пайызы Мемлекет басшысының билік тармақтарын қайта бөлу тұрғысындағы қадамына қолдау танытып отыр,- деген «Семей қаласындағы тәуелсіз әлеуметтік орталық» ҚБ төрағасы А.Коновалов семейліктер Елбасы бастамасына құрметпен қарайтындықтарын жеткізді.

Сауалнама қорытындысынан соң дөңгелек үстел басына жиылғандар өздерін сауалнама нәтижесі емес, Ата Заңдағы 26-баптың 1-тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары» сөзін «әркім» сөзіне алмастыру мәселесі толғандыратындарын атап өтті.

— «Қазақстан Республикасының азаматтары» сөзін «әркім» деп өзгерту арқылы біз Қазақстанның азаматтарын, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды теңестіріп отырмыз. Бұған қарсымын. 26-шы бапқа өзгеріс енгізудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Мемлекеттің басты құжаты Ата Заң болғандықтан және өзге заңдар осы құжат негізінде әзірленетіндіктен, «әркім» сөзін енгізбеуді ұсынамын,- деп Сұлтан есімді қала тұрғыны өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ пікірталас алаңында тілге қатыс-ты  да «Конституцияда орыс тілі ресми тіл деп көрсетпей-ақ, мемлекеттік тіл қазақ тілі деп қана жазылса», ел атауына қатысты  «Қазақстан Республикасы емес, Қазақ Республикасы деп өзгертілсе», жер мәселесіне орай, «Жер мемлекеттің меншігі деп ерекше аталып, ол жалға берілген жағдайда да әркімнің меншігіне өтпей, мемлекет иелігінде қалса» деген ұсыныс-пікірлер де айтылды.

Ал «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова әркімнің өз пікірін ұсынуға құқы бар екендігін айтып, мәселені түсіндіруге тырысты.

— Мемлекет басшысы талқылауға ұсынған Ата Заңға енгізілетін жоба. Бүгін еліміздің әр аймағында реформаны талқылау өтіп жатыр. Күн сайын әрбір қазақстандық өз пікірін мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді бөлуге қатысты ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған жұмыс тобына жолдай алады. Ұсыныстарыңызды жұмыс тобына жолдаңыздар. Бірақ бұл бап, Конституцияның «Адам және азамзат» бөлімінде болғандықтан, адамның құқығын қорғау мақсатында өзгеріске ұшырағалы отыр. Ол жер мен басқа мәселеге қатысты емес. Ал жер мәселесі Жер кодексінде  толық көрсетілген,- деп Зульфия Фазылжанқызы пікір білдірді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС