Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

16.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

15 ақпан күні Семейде, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Ауған соғысының ардагерлері, Семей қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы мен жауынгерлері және қала тұрғындары қатысты. Ең алдымен саябаққа жиналған қауым Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кейін Ауған соғысының ардагерлері бастаған қауым интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова жиналғандарды атаулы күнмен құттықтай отырып, интернационалист жауынгерлердің ерліктері ешқашан да ұмытылмайтынын айтты.

— Құрметті жерлестер, Ауған соғысының ардагерлері. Арада 28 жыл өтсе де, Ауған жерінде орын алған соғыстың қайғысы елдің санасынан өшкен жоқ. Ерлікті құрметтеу, батырлықты дәріптеу, боздақтар рухын еске алу — азаматтық міндетіміз. Семей жерінен мыңнан астам жауынгер аттанып, Ауған соғысына қатысты. 10 жылға созылған сол бір мағынасыз соғыста талай боздақтарымыздан айырылдық. Бірақ олардың ерліктері ешқашан да ұмытылмайды. Біз қыршын кеткен жауынгерлеріміздің ата-аналары алдында басымызды иеміз. Интернационалист жауынгерлер өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындады. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес,- деді Н.Шарова.

Бұдан кейін ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Александр Мартынов сөз алып, майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің ата-аналары мен ардагерлерге алғысын жеткізді.

— Құрметті жерлестер, Ауған жерінде жауынгерлеріміз өздерінің әскери міндеттерін абыроймен орындады. Олардың ерліктерін халқымыз ешқашан ұмытпақ емес. Бүгінгі күні жауынгерлердің ата-аналарының, тіпті Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің де қатары арамызда сиреп барады. Алайда жыл сайын өткізілетін осы бір еске алу шарасына қатысушылар саны артуда. Ал бұл — жауынгерлердің ерлігін ұлықтау, оларға құрмет көрсетудің белгісі, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілікті білдірсе керек,- деді генерал – майор А.Мартынов.

Бұдан кейін қалалық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов жиналғандарды осы атаулы күнмен құттықтап, ел Тәуелсіздігі мен бейбітшіліктің баянды болуын тіледі.

Жиын соңында Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы  «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының курсанттары салтанатты түрде ардагерлер алдынан сап түзеп өтті.

Айта кетейік, осыдан дәл 28 жыл бұрын, 1989 жылы 15-ші ақпан күні, Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен біржола шығарылған болатын. Соғыс 1979 жылдың желтоқсан айынан 1989 жылдың 15-ші ақпанына дейін созылды. Оған Қазақстаннан 22 269 жауынгер қатысты. 924 жауынгер қаза тауып, 1015 жауынгер елге мүгедек болып оралды. Семейден 1185 жауынгер аттанып, оның 47-сі қаза тапқан. Ал 2 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігі қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болары сөзсіз.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС