Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛ АҚЫСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН БЕ?

16.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын монополистер қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын 60 теңгеден 80 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Тасымалдаушылар бұл мәселе бойынша облыс әкімі Д.Ахметовке, Шығыс Қазақстан облысы ҰҚКД бастығы Б.Валениязов пен Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Б.Тайымбетовке арнайы хат жолдаған екен.

Олардың пайымынша, мұндай қадамға олар мәжбүрліктен барып отырған көрінеді. Өйткені қазір жол ақысынан түскен табыс шығынның орнын жабуға ғана жетеді екен. Тасымалдаушылар сондай-ақ тарифтің өсуін республиканың басқа қалаларымен салыстырады. Тіпті облыс орталығы Өскеменде жол жүру құны көтерілгенін мысалға келтірген. Мұнымен қоймай, жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер өз талаптары орындалмаған жағдайда, қоғамдық көліктің жүру уақытын шектейтіндерін де айтыпты.

Осыған орай өткен сейсенбі, 14 ақпан күні қалалық әкімдікте арнайы жиын өтті. Басқосуға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қала прокуроры Марат Турубаев, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Аталған кездесуге сондай–ақ жолаушы тасымалдаушы мекемелердің басшылары да келді.

Жиында алғаш болып сөз алған қаламыздың жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме өкілдері мен жетекшілері жиналғандардың алдында өздері ұсынған тарифке жергілікті биліктің келісімін сұрады. Алайда тасымалдаушылар бағаның көтерілуіне негіз болатын ешқандай құжаттарын көрсете алмады.

— Ешкім де сіздерге жол ақысын көтеруге қарсылық танытып отырған жоқ. Жол ақысын 80 теңгеге дейін көтеруге болады. Есептеріңізді көрсетіңіздер, сонда ғана мәселе шешімін табады,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Юрий Пазына.

«Семдортехника» ЖШС директоры Геннадий Пьянов  жол ақысын көтеру керектігін айтады. Алайда тасымалдаушылардың шыққан шығынды көрсетуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ екен.

Осы орайда қала әкімі Ермак Сәлімов, аталған жұмыстарды тасымалдаушылар орындай алмаса, қаламызға шақыртылған арнайы мамандар анықтайтынын, сонда барып жолаушылардың нақты саны анықталатынын жеткізді. Осыдан кейін арнайы құрылған жұмыс тобы бұл ұсыныстың қаншалықты негізді болатынын анықтамақ.

Айта кетейік, семейлік тасымалдаушылар шаһарда 2013 жылғы қаңтардан бері қолданысқа енген тариф бүгінгі күнге дейін өзгермей отырғанын айтып, жоғарыда атап өткеніміздей, өз талаптарын да қойыпты. «Егер Семей қаласындағы жолаушылар тасымалы бойынша тариф мәселесі жақын арада шешімін таппаса, тасымалдаушылар 2017 жылғы 20 ақпаннан бастап жолаушылар тасымалының қысқарған режіміне – сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс күніне көшуге мәжбүр болады»,- деген екен арнайы жазған хаттарында.

Ал атқарушы билік жол жүру құнының Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің қызмет көрсетуге тарифтердің арнайы есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленетінін, осыған орай тасымалдаушылардың растаушы құжаттары болуы керектігін, кейін тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес белгіленетінін айтады.

Тасымалдаушылар, жоғарыда атап өткеніміздей, бұған дейін де жол ақысын көтеруді ұсынып келеді. Айталық, өткен жылы «Таксомоторный парк» ЖШС мен «Семдортехника-2» ЖШС қоғамдық көлікте жол жүруге тарифті 80 теңгеге жоғарылату туралы өтініш білдірген. Тасымалдаушылар ұсынған есептер бойынша, бір жолаушының жол жүру құны 92-127 теңгені, орта есеппен 110 теңгені құрайды екен. Алайда ол кезде де атқарушы билік тасымалдаушылармен кеңес өткізіп, есептерді растайтын құжаттарды сұраған. Дегенмен онда да қажетті құжаттар ұсынылмапты.

Жиынды қорытындылаған қала прокуроры Марат Турубаев та барлық мәселенің заң аясында шешілуі керектігін, тасымалдаушылардың көбі өздерінің кірісі мен шығыстарын растай алмай отырғанын атап өтті.

— Келісімшартқа отырғаннан кейін, сіздердің қоғамдық көлік санын қысқартуға, уақытты шектеуге құқыларыңыз жоқ. Егер олай істейтін болсаңыздар, жауапкершілікті алуға дайын болыңыздар. Мәселені дау-жанжалмен немесе бопсалаумен емес, заң аясында шешу керек. Мен түсінемін, сіздерге шығындарыңызды жауып, табыс табу керек, алайда ол қарапайым халықтың есебінен шешілмеуі керек,- деп қорытты өз сөзін Марат Турубаев.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС