Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КЕҢ

16.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Аптаның сейсенбісінде ел көлемінде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды алу мәселелеріне қатысты азаматтарды бірыңғай қабылдау күні акциясы ұйымдастырылды. Шаһардағы «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында өткен шараға филиал төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Марат Нүгеров, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдері, өз бизнесін ашқысы келетін азаматтар мен кәсіпкерлер қатысты.

Акцияның мақсаты «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен даму институттарының азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне пікірталас алаңын ұсыну болатын.

Ашық есік күнінде Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұрат Нүгеров шаһарда бизнесті бастау және жүргізу үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ қала қазынасына түсетін салықтық түсімдердің 50 пайызынан астамын шағын және орта кәсіпкерлік қалыптастырып отырғанын айтқан Марат Нүгеров мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысына жан-жақты тоқталды.

— «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы кәсіп ашу және оны өркендету жолында толыққанды  жүзеге асырылуда. Жыл сайын бағдарлама арқылы кәсіп ашып, нәсіп тауып отырған тұрғындар қатары артуда. Мысалы, өткен жылы 55 мың адам кәсіпкерлік салада еңбек етсе, бұл көрсеткіш ағымдағы жылы 57 мыңға жеткен. Бұл қаламыздағы әрбір жетінші адам осы салада екенін көрсетеді,- деп атап өткен бөлім басшысы бүгінде жеңіл өнеркәсіп те қанат жайып келе жатқанын жеткізді.

Бұл ретте Марат Мұратбекұлы бағдарлама бойынша, салыстырмалы түрде айтқанда, өткен жылы  Өскеменнен 54 жоба, Семейден 64 жоба ұсынылғанын тілге тиек етті. Жеңіл өнеркәсіпті дамытумен қоса, аймақ бойынша әлі қолға алына қоймаған тың істердің де (мысалы, электр тасымалдаушы бағандар дайындау) игеріліп жатқандығы бағдарлама жемісі екендігін мәлімдеді.

Қала кәсіпкерлігі жайлы ақпарат берілген соң, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы арқылы несие алу жолдары да жан-жақты түсіндірілді.

— «Бизнестің жол картасы-2020» — шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған Қазақстандағы нәтижелі бағдарлама. Семей қаласында субсидия беруге 213 жоба бекітілген. Ол аймақ бойынша берілген жобалардың үштен бір бөлігін құрайды,- деген ШҚО бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалының директоры Тимур Екеев бағдарламаның жүзеге асырылуы ойдағыдай деген пікірін білдірді.

Сондай-ақ кәсіп ашуға қадам жасаған әрбір тұрғынға шаһарда орналасқан «Даму» қорының кеңсесінде мамандар, тұшымды ақпарат берумен қоса, құжаттарды рәсімдеуден банкке дейінгі аралықта тегін кеңес ұсынатынын атап өтті. Ал қала маңындағы ауыл-аймақтарға қордың көшпелі тобы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады екен.

Акция аясында бағдарлама бойынша қаржы қандай салаларға бөлінетіндігі айтылып, болашақ кәсіпкерлерге бағыт-бағдар берілді.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС