Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

21.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Жылда көгілдір экранға қадала қарап, Елбасы Жолдауының әр сөзін қалт жібермей ұйып тыңдайтын едік. Биылғы Жолдау жаңаша, өзгеше. Президентіміз Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы бойынша мәлімдеме жасады. Онда: «Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Бас тақырып – Қазақстанның үшінші жаңғыруы»,- деп атап көрсетті.

Өткен жылдың желтоқсанында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы абыроймен асқақталып, Елбасы идеяларына топтасқандығымызды көрсеттік. «Қазақстан — 2030» жоспарының іс жүзіне асқандығының куәсі болдық, дамыған 50 елдің қатарынан орын алдық.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа тұрпатты мемлекет құрғанымызды, елімізді түбегейлі өзгерткен, әсем Астананы күллі әлемге танытқан жанқиярлық еңбегімізді, яғни екі жаңғыруды ширек ғасыр ішінде бастан кешкенімізді айғақтап берді.

Алда ірі міндеттер тұр. Ең бастысы — 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру барысында экономиканы жедел технологиялық жаңартуға ден қою, мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті қарқынды дамыту; цифрлық технологияны қолдану арқылы бұрыннан бар және жаңадан іске қосылатын өндіріс ошақтарын өркендетуді жедел қолға алу.

Елбасы Жолдауындағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту – тікелей білім және ғылым жүйесінің алдындағы міндет. Ол дегеніміз — бұрыннан қолға алынған білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан реформаларды одан да әрі тереңдету деген сөз. Оқыту бағдарламаларын ғылыми сараптамалар өткізіп, қоғамда қалыптасқан сын-ескертпелерді елеп-екшеп, басты нысанада оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетінше іздену дағдыларын дамытуды ұстаған абзал.

Оқыту-тәрбие үдерісінде IТ – білімді жан-жақты меңгеруге, қаржылық сауаттылықты оқушылардың санасына ұялатуға, ұлтжандылықты жас өскіннің өмірлік ұстанымына бағыттауға қоғам мен ұстаздар қауымы ынтымақтаса кіріскен жағдайда тиісті нәтижесін бермек. Бұл арада бөліп қарастыруды қажетсінетін мәселе – үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшудің көкейкестілігі. 2019 жылдан бастап жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сыныптарында 4-5 пәннің ағылшын тілінде оқытылуы ең алдымен шешуге тиісті қажеттіліктерімізден саналады. Кадрдың жетіспеушілігі, оқу-әдістемелік кешеннің дайындалуы мәселелерін алдымызға кесе-көлденең тартып шегіншектей бермей, ойланып, жоспарлы түрде іске асырғанымыз жөн. Бүгінгі таңда ағылшын тілінің әлемдік өркениеттегі орны өзгеше. Шығатын газет-журнал, түрлі салалар бойынша басылатын кітап, ақпараттық орта, көрсетіліп жатқан кинофильмдердің дені ағылшын тілінің үлесінде. Олар аударылып қазақ оқырманына жеткенше жылдар өтеді. Зымырай жөңкілген жылдар ешкімді де, ештеңені де күтіп тұрмайды. Ағылшын тілінің қажеттілігі дау туғызбас. Оның ғылымның, білімнің, бұқаралық ақпараттың тіліне айналғаны — мойындайтын шындық. Ендеше, мемлекеттік тілмен егізқатар қазақ мектебінде ағылшын тілін батыл енгізудің еш сөкеттігі жоқ. Ағылшын тілі қазақ тілін ығыстырмайды, қайта өркениетке қол созуымызға мүмкіндіктер жасайды. Жолдауда құнтталған мәселенің бірі осы. Елбасы тауып айтқан: «Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпыұлттық прогреске жете алмайды». Оның мысалдары Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде білім нәрімен сусындап келген жаңа типті мамандар үлгісінен айқын көрінеді.

Президент бастамасымен жүзеге асырыла бастаған «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасынан күтеріміз көп. Соңғы жылдары жете назар аударылмаған өндіріс үшін мамандар дайындауда бұл жоба өз сөзін айтары сөзсіз. Инновациялық өндіріс орындарына жаңа типті мамандар даярлау өндіріс ошақтарын жаңадан ашу мен модернизациялау ісінде шынайы артықшылығын танытары анық.

Елбасы Жолдауында: «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет»,– деп асты сызылып жазылған шымыр ой жоғары мектептің алдында тұрған кешенді мәселелердің баршасын қамтыған. Күн санап өсіп келе жатқан университет ұжымдарының алдына қойылатын биік талап, жаңа ізденістер, студенттік аудитория мен өндірістің арасындағы тығыз байланыс, ең бастысы, оқу сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу қажеттігіне жол нұсқайды.

Жолдау және оның басты қағидаттары университетімізде ашылып жатқан «Мәңгілік Ел» кафедрасының алдына соны міндеттер қояды. Бір сөзбен түйгенде, жаңалыққа жетелейтін Жолдауды тиянақты оқып, күнделікті іс-қимылымызға пайдалану міндетіміз.

Арап ЕСПЕНБЕТОВ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, профессор.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС