Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖӨСӨСПІРІМДЕР ЖАТ АҒЫМДАРДАН АЛЫС БОЛСЫН ДЕСЕК…

21.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында кәмелетке толмағандар арасында аудиодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында ауқымды жиын өтті. Жиынға қалалық прокуратура, білім бөлімі, ішкі саясат бөлімі және дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілдерімен бірге, мектеп директорлары мен психологтер қатысты.

Жиынның мақсаты – жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің, өз-өзіне қол жұмсаушылықтың алдын алу. Суицид — қазақстандықтар үшін өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде Қазақстан кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау бойынша үшінші орында тұр. Өткен жылы қаламызда жасөспірімдер арасында  4 суицидтік оқиға тіркелсе, 16 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Жыл басынан бері тағы осындай 4 оқиға тіркелген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсайтын жасөспірімдер, негізінен, 12-18 жас аралығын қамтып отыр.

Соңғы кездерде «ВКонтакте» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде балаларды суицидке итермелейтін ойындардың пайда болуы көпшілікті алаңдатуда. Семей қалалық прокуратурасының прокуроры Лаура Тугелованың айтуынша, қаламызда аты шулы «Синий кит» ойынынан зардап шеккен жасөспірім жоқ. Ол қаламызда осы ойынның құрбандары болды деген дақпыртты жоққа шығарып, бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

— Жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себеп көп. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, мұндай әрекетке баратындардың көбі тұрмыс жағдайы нашар немесе сәтсіз отбасылардан шыққан балалар. Ал қазіргі уақытта кейбір интернет сайттар да балаларды суицидке итермелейді. Осы бағытта қалалық прокуратура басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай сайттарға қарсы іс-қимыл жүргізіп жатыр. Айталық, Бас прокуратураға өтініш жолданып, нәтижесінде суицидті насихаттайтын 20-ға жуық сайт бұғатталды.  Мұндай сайттардың әкімшілеріне, тұлғаны өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін, ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бас бостандығынан айыру көзделген, — дейді Лаура Түгелова.

Жиында сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова бүгінде жасөспірімдердің ғаламторға тәуелді екенін сөз етіп, олардың теріс пиғылды діни ағымдардың соңына түсіп кетпеуіне мән беру керектігін айтты:

— Әрбір ата-ана балаға көп көңіл бөліп, онымен жиі сөйлесуі керек. Әрбір бала оны ата-анасы, ұстазы, қоршаған ортасы жақсы көретінін, өзінің керек екенін сезінуге тиіс. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, оны қорғауда  ата-анамен қоса, мектеп ұстаздарының да жауапкершілігі зор. Сондықтан, кәмелетке толмаған жасөспірімдер өзге діни ағымдардан жан тыныштығын іздемесін десек, бірлесе жан-жақты жұмыс істеуіміз керек,- деді Надежда Шарова.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев Семей қаласы бойынша діни ахуалдың тұрақты екенін, діннің атын жамылып қандай да бір террорлық әрекеттерге бару фактілерінің тіркелмегенін  айтты.

— Дін мәселесі тек қана құзырлы мекеменің, я болмаса құқық қорғау органдарының күнделікті күн тәртібіндегі мәселе ғана емес. Қазіргі таңда көп салмақ профилактикалық жұмыстарға бағытталған. Әсіресе білім беру саласы мен бюджеттік сала өкілдеріне өзіміздің іні-қарындастарымызға түйткілді мәселені жан-жақты пысықтап, насихаттау жайында құзырлы мекемелер, құқық қорғау органдары тарапынан үлкен талап қойылып отыр. Діни экстремизм – бүгінгі таңда қоғамды елеңдетіп отырған елеулі мәселе. Әсіресе 2016 жылдың маусым айында Ақтөбе облысы мен Алматы қаласында орын алған жағдайлар, қауіпсіздіктің сары деңгейінің енгізілуі келер ұрпақтың қамын ойлаған барша азаматқа ой салады. Осында отырған мектеп директорлары мен психологтер оқушыларының қандай діни ұйымдарға әуес екендіктерін жақсы біледі. Оларға бірден үзілді-кесілді тыйым салу нәтиже бермейді. Сондықтан ондай оқушыларды  мектептің қоғамдық өміріне белсенді түрде тарту керек. Көпшілікті жиып алып, жарты сағат діннің не екенін насихаттаумен көп нәрсенің басы қайырылмайды,- деді Айдар Садырбаев.

Сондай-ақ  жуырда ашылған Дін мәселелерін зерттеу орталығының Семей өңірі бойынша филиалы басшысы Мирас Еспаев орталықтың жұмыс барысымен, мақсатымен таныстырып өтті.

— Бұл орталықтың негізгі мақсаты — дінді насихаттау емес, керісінше, белгілі бір себептермен теріс пиғылды діни ұйымдардың әрекетіне душар болған, зардабын шеккен адамдармен жекелей жұмыс жасау. Бұл бағытта түрлі  оқу тренингтеріне қатысқан психологтер мен теологтер, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Егер сіздерді алаңдатқан мәселелер болса, орталықтың көмегіне жүгінулеріңізге болады,- деген Мирас Еспаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тамамдалуға жақын екенін, бұл ретте 2017-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын да тілге тиек етті.

Жиын қорытындысы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар мен арнайы мектеп-интернаттардан оралған жасөспірімдерді, қамқоршылық және патронаттық тәрбиедегі балаларды қадағалау; «қауіпті топтағы» балаларды үйірмелерге жаздыру; оқушылар арасында бірыңғай мектеп формасын сақтау; мектеп қабырғасында оқушылардың смартфон пайдалануына тыйым салу; балалардың қауіпті сайттарға кіруіне ата-аналармен бірлесе отырып бақылау қою секілді ұсыныстар айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС