Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕСІМІҢІЗ БЕН ТЕГІҢІЗ ҚАЗАҚША МА?

21.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 жылғы 26 қаңтар мен 26 ақпан аралығында «Есімің мен тегің – сенің ұлттық келбетің» атты айлық жариялаған болатын.  Осыған орай өткен аптада Шәкәрім атындағы №5 гимназияның жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтіп, айлықтың мақсаты мен мәнін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жоғары және арнаулы оқу орындары мен мектептерде оқитын жастарды тегі мен әкесінің атын қазақша жазуға шақыру мақсатында акция ұйымдастырып жатыр. Айлықтың мақсаты, ҚР Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» № 2923 Жарлығына сәйкес, ҚР азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес келтіру.

Аталмыш Жарлықта: «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффикстерді алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте, әкесінің атын жазған кезде, азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген сөздері қосылып жазылады»,- делінген.

Көптеген ұлты қазақ азаматтар «аты-жөнімізді өзгертсек, іс қағаздары мен құжаттама жүргізуде қиындықтарға тап боламыз немесе оны өзгерту үшін басы артық көп құжаттар жинау керек» деген оймен бұл іске үрке қарайды. Шын мәнінде олай емес. Егер аты-жөніңізді өзгерту барысында тегіңіздің немесе әкеңіздің атының түбірлік негізі сақталса, ешқандай құжат ауыстырудың керегі болмайды. Тек аты-жөніңіздегі «ов» немесе «ова» қосымшасын алып тастау жөнінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш берсеңіз болғаны.

— Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады. Тектіден туған ұл мен қыз тексізден биік тұрады» деген жақсы сөз бар. Сондықтан әрбір қазақ тегін білуі керек және оны қазақша түзеп жаздыруы тиіс. Сталиннің қатал басқару жүйесі кезінде Бауыржан Момышұлы өзінің тегін қазақша өзгертіп, бүкіл қазақ ұлтына үлгі болды. Өкінішке орай, азаттық алғанымызға ширек ғасыр толса да, әлі күнге дейін қазақ халқы аты-жөнін түзете алмай жүр. Тегін түзетпеген қазақ – қазақ ұлтының тәуелсіздігінің құнын, бағасын түсінбей жүр деген сөз. Әрине, жасы үлкен адамдарға бұл іс біраз қиындық әкеледі. Алайда жасы 16–ға жаңа толған, әлі ешқандай құжат алмаған жасөспірімдерге тегін өзгерту оңай,- деп өз ойын білдірді қоғам белсендісі Рахат Алтай.

Жиын барысында, Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты, оқушылар Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайлы бейнекөріністі тамашалап, олар айтқан қанатты сөздерді тыңдады. Ән айтылып, күй шертілді. Жеке куәлік алуға жастары жеткен жасөспірімдерге аты-жөнін қазақша жаздырудың маңыздылығы түсіндірілді.

— Бүгінгі өткізіліп отырған шара тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Бұл акция аясында әрбір қазақ азаматына ана тілінің жағдайын жақсартуға өз ісі арқылы үлес қосуға мүмкіндік туып отыр. Акция жыл сайын еліміздің барлық облыстары мен қалаларында ақпан-наурыз айларында тұрақты түрде өтіп келеді. Биыл бұл шараны Алаш қозғалысының жүз жылдығымен байланыстырып отырмыз. Себебі  ататегімізді қазақша жазу керектігін айтып алғаш пікір білдірген Әлихан Бөкейханов сынды Алаш қайраткерлері болатын. Алдағы уақытта бірқатар мектептер мен оқу орындарында насихат жұмыстарын жүргіземіз. Акция соңында тегін қазақшаға өзгертіп, осы шараға атсалысқан белсенділерді марапаттайтын боламыз,- дейді Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаева.

Көп ұлтты еліміздегі қазақ халқының мемлекеттің негізін құраушы ұлт ретінде қалыптасуына бейжай қарағыңыз келмесе, «Есімің мен тегің – сенің ұлттық келбетің» айлығына өз үлесіңізді қосыңыз. 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС