Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛАШ ИДЕЯСЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

24.02.2017
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханасы, Алашорда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы аясында, «Алашорда – тәуелсіздік бастауы» тақырыбымен Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық әкімдігінің ұсынысымен Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық кітапханасы және Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен үш жақты онлайн-конференция өткізді.

Конференцияға қатысушылар кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені Семейде Алашорда үкіметінің Шығыс бөлігі орналасса, Жымпиты жерінде күнбатыс Алашорда үкіметі ту тігіп, тұңғыш қазақ мемлекеттілігі идеясының негізі қаланды. Семей мен Жымпитыда  қазақ зиялыларының бір тобы шоғырланды. Олардың көзқарастары әртүрлі болғанымен, жалпы бағыты тәуелсіз қазақ елін құру болатын.

Алашорда үкіметінің шығыс бөлігі Семей қаласына 1918 жылы қаңтар айында  келіп орналасады. 1917 жылдан 1927 жылға дейінгі аралықта, он жылға жуық уақыт бойы, Семейдің Жаңа Семей аумағы Алаш қаласы болып аталып келді. Алаш үкіметінің ақ туын көтерген Семейде осы жылдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.Тұрғанбаев — бәрі-бәрі ұлт мүддесі үшін жан аямай қызмет етті. Қазақ топырағындағы алғашқы қазақ газет-журналдары осы Семейде дүниеге келді. Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде Алашорда үкіметінің Қаулы-қарарлары, алаш жаңалықтары, мәдениетке үндеген мақалалары басылып тұрды.

Жалпы, Семей қаласының Алашорда үкіметінің орталығы болғандығы жайындағы зерттеу еңбектердің қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың «Алаш қаласының тарихы» атты зерттеу еңбегін атап өткен жөн. Кітапта Алаш қаласының тарихы, Алашорда үкіметіне қатысты тың деректер нақты мұрағат материалдары негізінде жазылған. Сондай-ақ Семей облыстық қазақ комитеті, облыстық және уездік Земство басқармалары, Алашорда үкіметі кеңселері, Алашорда соты мен әскері, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналы редакциялары, «Алашорда» баспаханасы сияқты т.б. мекемелер орналасқан ғимараттар тарихы алғаш рет жан-жақты айтылады.

Сондай-ақ осы тақырыпта тарихшы-журналист Мұратбек Кенемолдиннің көптеген зерттеу мақалалары бар. Олардың қатарында «Алаш қаласы», «Семей облыстық қазақ комитеті», «Ә.Бөкейханның Семейдегі жылдары», «Алаш автономиясы», «Ә.Бөкейханов және Шығыс Алашорда Үкіметі» атты тақырыптағы мақалалары оқырмандардың қызығушылығын тудырып отыр.

«Ә.Бөкейханов және Шығыс Алашорда үкіметі» атты мақаласында алаштанушы-журналист М.Кенемолдин Семей қаласының рухани-мәдени орталық ретіндегі рөлін ерекше атап көрсете отырып, Ә.Бөкейханның қазақ автономиясы үшін Семейді тегіннен-тегін таңдап алмағанына тоқталып өтеді. Мақаладан үзінді келтірер болсақ, «Жалпы, Ә.Бөкейхановтың болашақ қазақ автономиясы үшін қолайлы жердің бірі ретінде алдын ала Семейді таңдап алуының мынадай өзіндік нақты себептері бар еді. Біріншіден, Семей — ұлы Абай мен Шәкерімнің отаны, сондай-ақ әр жылдарда орыс демократтары Ф.Достоевский, НДолгополов, Е.Михаэлис, Б.Герасимов, Г.Потанин, т.б. қызмет істеген, сонау ерте кезден білімі мен мәдениеті дамып өркендеген қала болды. Сол себепті мұнда қазақ сахарасының түкпір-түкпірінен бас қосып жиналған, егер де ғұлама ақын Шәкерімше түйіндесек, “қазақтың оқыған жастары” көп болды. Қысқасы, Семей зиялылары өздерінің ұйымшылдығы және жоғары саяси белсенділігімен барша қазақ-орыс қауымына жақсы танымал еді. Және де тағы бір атап айтарлығы, Семей қаласы Қазақстанның ішкері аймақтарын тікелей Орынбормен байланыстыратын темір жол бойында орналасқандықтан, Сібір автономистері табан тіреген Омск, Томск қалаларына барып тұруға өте қолайлы болды. Әлихан Бөкейхановқа, екіншіден, күннен-күнге Орынбордағы саяси өмірдің орнықсыздығы бел алып, корниловшылдық пен большевиктік тайталастың зардабы, ең бастысы, адмирал Колчактың жымысқы жауыздық әрекеті ашық қауіп-қатер төндіре бастаған шақта, жаңадан құрылатын Алашорда үкіметін қалайда осы бүліншіліктерге ұрындырмай, аулақ әкету керек болды. Сол себепті 1917 жылдың желтоқсаны соңына қарай дереу екінші жалпықазақ съезі шақырылып, онда, Алашорда үкіметі құрыла салысымен, оның уақытша тұратын орны Семей қаласы болып жарияланды».

Онлайн-конференцияға Батыс Қазақстаннан тарихшы, алаштанушы Д.Сүлейменова, Б.Боранбаева, Ж.Ақбай,   Е.Хайдаров сияқты ғалымдар қатысса, Семейден филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Кәрімов, Алаштану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т.Шаңбай, тарихшы-ғалымдар Мұхамедқазы Мұхамадиұлы, Асылбек Мұхаметбек қатысып, ел тәуелсіздігін, еліміздің егемендігін аңсап кеткен ұлт зиялылары Ә.Бөкейхан, Ә.Ермеков, А.Қозбағаров, М.Тұрғанбаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Тілеулин туралы тарихи деректермен бөлісті.

Семейлік ғалымдар Семей қаласының  Алашорда үкіметінің орталығы болғандығы, Алаш қайраткерлерінің ізі қалған тарихи орындар жайында кеңінен әңгімелеп қана қоймай, Алаш қайраткерлерінің Семейде атқарған қоғамдық-саяси қызметтеріне де тоқталды. Батыс Алашорда тарихын кеңінен зерттеп жүрген алаштанушы, ғалым Дәметкен Сүлейменова Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы жайында, ал өлкетанушы, қоғам қайраткері Жайсаң Ақбай Алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедов туралы құнды мәліметтермен бөлісті.

Жанар ЧУШЕКОВА, ШҚО Абай атындағы кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС