Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ СЕМЕЙДЕ

11.02.2014
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ СЕМЕЙДЕ
FacebookWhatsappTelegram

Семейге ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова  жұмыс сапарымен келді.  Шығыс Қазақстан облысы  әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, облыс- тық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Вадим Овсянников, қала әкімі Айбек Кәрімов мейманмен  бірнеше медициналық мекемелерді аралап,  олардың жұмысымен танысты. Сапар барысында министр  өңірлік  онкологиялық диспансерде  болып, қаладағы емдеу мекемелерінің басшыларымен  жиын  өткізді.

 

Сапардың мақсаты  — еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылау болатын.

— Мен бүгін тағы бір мәрте медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасымыздың Жолдауын талқылау мақсатында Семей қаласына келіп отырмын. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында денсаулық сақтау саласына  баса  көңіл бөліп келеді, — дей келе, халық денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар, салаға бағытталған қаражат, оларды тиімді және ашық пайдалану жайына тоқталып өтті.

— Жолдауда медицина саласының қызметкерлеріне нақты тапсырма берілген. Ең бастысы, Елбасымыз халықтың орташа өмір сүру жасы 80 жасқа жету керек деген болатын. Әрқайсымыз, министрден бастап қарапайым ,қатардағы әлеуметтік қызметкерге дейін өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адалдық таныта білсек, қазіргі қарқынмен жүретін болсақ, 2030 жылы бізде  орташа өмір сүру жасы  84 жас болатын көрсеткішке қол жеткіземіз,- деген  С.Қайырбекова  адам өліміне соқтыратын басты себептер туралы айтып,  олардың алдын алу жолдарын қарастыру қажеттілігіне тоқталды.  -Шығыс өңірінде өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді. Оның басты себебі — дамыған технологияларды қолданудың нәтижесі, — деп білетін сала басшысы  алғашқы медициналық-санитарлық көмекті де дамыту керектігін  айтты. Салидат Зекенқызы: — Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде іске асырылатын қаржыландыру жүйесі медициналық қызметкерлер үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласында нәтижелі жұмыс істеуге жағдай жасап отыр,- деп атап өтті.

 

{jcomments on}Сондай-ақ, жиында халықтың өмір жасы ұзақ болу үшін тұрғындар  арасында салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану қағидалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жолдары да талқыланды. Осы орайда министр Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтыл- ған «Өзінің жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзі ойлауы керек. Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді болар еді» деген сөзін тілге тиек етті. Аурудың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүретін болса, дерт ертерек анықталып, бүгінгідей көп  күш пен қаржының   қажеттілігі азаятындығын да атап өтті.

 

-Алдын алуға болатын ана және нәрес- те өлім-жітімінің болмауы, онкология және туберкулезді ерте кезеңде анықтау, сондай-ақ, науқастардан арыз-шағым болмаған жағдайда медициналық қызметкерлердің негізгі жалақысына қосымша ақы төленеді. 2013 жылы бұл мақсат-қа 10 млрд. теңге жұмсалса, ағымдағы жылы оның көлемі екі есеге ұлғайтылды. Біз мамандарды жігерлендіруіміз керек, олар нәтижелі жұмыс істеген сайын, жалақыларының да артатындығын түсінуі керек», — деді С.Қайырбекова.

Тағы бір мәселе – міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Бұл тапсырманың тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, ең озығын таңдап алуымыз керектігін де министр ханым  атап өтті.

Онкологиялық диспансерде журналистерге берген сұхбатында Салидат Зекенқызы: — Семей аймағы үшін бұл өте керек орталық. Семеймен қоса, бұл орталық Павлодар өңірінің халқына қызмет ететін болады. Онкологиялық ауруға қарсы күрес мәселесі де Елбасы тапсырмасынан көрініс тапты. Біз халыққа мықты маманданған, жоғарғы технологияларды қолдана отырып, бұрын шет елде ғана көрсетілетін сапалы медициналық көмек көрсетпекпіз. Әрбір екінші өлім онкологиялық аурулар есебінен орын алса, біз бұл ретте жұмыс жасаймыз, нәтиже болады деп үміттенемін» —  деді. Үміттене отырып, жақсы нәтижеге жұмыла жұмыс істеу арқылы жетерміз деген ойын да білдірді. Салидат Зекенқызы осы  орталықтан ашылған «Арт-терапия» бөлмесіне ерекше көңіл аударды. Қол-өнермен, сурет салумен шұғылдануға мүмкіндік беретін бөлмеде қолөнер, бейнелеу өнерінің тамаша туындылары назар аударуға тұрарлық. Ең бастысы, ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалардың санасынан туған, ол туындылар күрең түспен емес, қызылды-жасылды реңге ие. Жанына жаман дерт жабысса да, өмірге деген құлшыныстары жоғалмаған жандардың тырнақалды туындыларын тамашалап, әсер алған сала басшысы —-Сіздер үлкен іс жасап жатырсыздар! Денсаулық сақтау министрі ретінде, мен сіздерге бұл бағыт бойынша қандай қолдау көрсеткенімді қалайсыздар?- деп сұрап, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, С. Қайырбекова Семей қаласының №2 және №3  аралас үлгідегі емханасына, №3 кеңестік — диагностикалық емханаларының жұмыстарымен танысып,  алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласы және отбасы дәрігерлерімен тілдесті. Мамандардың орташа жалақы мөлшерін біліп,  нәтижелі жұмыс үшін қосымша ақы төленетіндігі жөнінде де айтты. Сонымен қатар, отбасы дәрігерлерінен күнделікті қанша жүкті әйелдің  қабылдауға келетіндігі жайлы сұрап, отбасын жоспарлау кезінде, АХАЖ орталықтарында «дені сау ұрпақ» ұранымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ойластыру керектігін де айтып өтті. Сонымен қатар,сала басшысы ақ халатты абзал жандарға халыққа қызмет етуде сыпайы мінез бен жоғары мәдениеттіліктің де науқастар үшін маңызды екендігін ескертті. Кездесу барысында денсаулық сақтау министрі бас дәрігерлермен қай емханаға қандай маман керек немесе артық екенін, жалпы кадр мәселесін талқылады.

-Елбасымыз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуді мақсат еткенде, біз үшін бұл оңай емес сияқты көрінген болатын, алайда бірлігіміз бен елдігіміздің, еңбегіміздің арқасында біз ол межені орындадық. Ендігі мақсат –  жан-жақты дамыған 30 елдің қатарынан табылу. Мен Алматы өңірінде болдым, бүгін семейлік дәрігерлермен кездестім. Барлық медицина қызметкерлері Жолдауға қолдау танытып отыр. Бәріміз біріксек, бұл белесті де бағындырамыз,- деген сеніммен кездесуді қорытындылап, ақ халатты абзал жандарға артылып отырған жауапкершіліктің ауқымды екенін айтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

7 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС