Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАҒЫТЫ АЙҚЫН БАҒДАРЛАМА

13.03.2017
FacebookWhatsappTelegram

Елімізде жаңа жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының орнын басатын аталған жаңа бағдарламаның артықшылығы мол. Бағдарлама аясында еңбек нарығында өз кәсібі бойынша жұмыс таба алмай жүрген азаматтар даярлықтан өтіп, өзге кәсіпті игеруге мүмкіндік алмақ.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев, қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен колледж директорлары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Іс-шара барысында  бағдарламаны іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, аталған бағдарлама аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар жайы сөз болды. Дөңгелек үстелде алғаш болып сөз алған Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова үстіміздегі жылдан бастап елімізде тұрақты жұмыс орындарын ашуға күш салынатынын, сондай-ақ табысы төмен қазақстандықтарға жеке ісін ашу үшін де мемлекеттік қолдау көрсетілетінін атап өтті.

— Мұндай мүмкіндіктер Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген жаңа бағдарламаның басты мақсаты – елімізде нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып, халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру,- деді қала әкімінің орынбасары.

Азаматтардың кәсіп ашуын жеңілдететін жоба үш бағыттан тұрады. Алғашқысы — бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету, екіншісі — жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылдар мен қалаларда несие беруді жолға қою, үшіншісі — халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Аталған жоба табысы төмен ауыл халқының елеулі бөлігіне кәсібін ашуда алғашқы қадамдарын жасауға және өздерінің бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жаңа бағдарлама жастардың мамандықты тегін игеруіне де жол ашпақ. Бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының шеңберінде уақытша жұмыс орындарын құруға басымдық берілген болса, енді оқыту арқылы тұрақты еңбекпен қамтуға ден қойылмақ. Ең бастысы, өз кәсібін ашуға мүмкіндік берілмек.

Бағдарлама аясында азаматтарға бірінші және екінші мамандықты тегін алып шығу мүмкіндігі беріледі. Бұдан өзге ҰБТ тапсыра алмаған мектеп түлегін, оқу орнына түсе алмағандар мен тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды оқыту көзделген. Оқу ақысына, бір рет тамақтануға қаржы бөлініп, стипендия қарастырылады.

Қазіргі таңда барлығына бірдей жұмыс тауып беру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес. Осыған орай тығырықтан шығудың тың жолы ретінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ден қойылып отыр. Негізгі мақсат — жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін микрокредиттеуді қолжетімді ету. Бұл оларға өз ісін ашуға немесе кәсібін кеңейтуге, кооперативтер құруға немесе кәсіпкерлікке қажетті инфрақұрылымды жақсартуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар жоба аясында қосымша жұмыс орындары құрылатын болады.

Ауыл тұрғындары үшін несиелер сомасын өтеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін және несиенің жылдық мөлшерлемесін 6% деңгейінде сақтай отырып, 16 млн. теңгеге дейін арттыру қарастырылған.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылдық елді мекендерде микробизнес ашуды, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуді, кооперативтер құруды жоспарлап отырған өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар үшін шағын несиелендіруді кепілдендіру қарастырылған.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар бағдарламаның нәтижелі болуы әр саланың атқаратын жұмыс сапасына тәуелді екенін айтып, сала мамандарына жемісті еңбек тіледі.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС