Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР КӨРМЕСІ

31.03.2017
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі, 29 наурыз күні Семей қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «ЭКСПО-2017» балалар көзімен» атты қолданыстағы модельдер, роботты техника, компьютерлік технологиядан көрме-сайысы өтті.

Көрме-сайысқа шаһардағы жалпы орта білім беретін мектептердегі, мектептен тыс ұйымдардағы, тұрғылықты жердегі клубтардағы техникалық және сәндік-қолданбалы үйірмелерге қатысатын оқушылардың 40 жекелей және топтық жұмысы қабылданды.

Көрмені ұйымдастыру-шылардың айтуынша, басты мақсат оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға ықпал ету, балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамыту, шығармашылық әлеуеті бар дарынды балаларды анықтау және жас техниктердің үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау болып табылады.

Жас дарындылардың басын қосқан шараның ашылу салтанатында мұндай сайыс дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын айтқан қалалық білім бөлімінің әдіскері Айдар Әбдіхамитов қатысушыларға сәттілік серік болсын деген тілегін жеткізді.

Көрме техникалық шығармашылық, ғылыми-зерттеу жобасы, педагог шығармашылығы сынды бөлімдерден құралған. Әр бөлім бойынша заманауи авиа-, авто-, судомодельдеу макеттері ұсынылды. Жас өнертапқыштар өз жұмыстарында роботты техника, медицина, биотехнология, жанармай және экология, энергетика мен табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетуге тырысты.

Новобаженова ауылының оқушысы сайысқа өзі ойлап тапқан қайығы мен шар үрлейтін компрессор аппаратын, «Беларусь» тракторын әкеліпті. Техникасының ерекшелігі  пультпен басқарылатындығында.

— Қолданыстағы қайықтардың моторлары соңғы бөлігінде орналасса, мен екі бүйіріне орналастырдым. Ал компрессорды тоңазытқыштың моторын пайдалану арқылы ойлап таптық, ол тоқ көзін пайдаланбай жұмыс істей алады, тракторымыз да пультпен басқарылады,- дейді Ибраев мектебінің 8 сынып оқушысы Нұрбол Айтқазин.

Ал Шәкәрім атындағы гимназия оқушыларының ұшқыр қиялдарынан туған туындылар әлдеқайда күрделірек. Сумен әрекет ететін эксковатор, ауа күшімен көтерілетін кран, күн көзімен қозғалатын болашақтың автомобилі, «ЭКСПО қалашық» сынды тоғыз туынды бар.

— Ұлттық нақыштағы «ЭКСПО қалашығын» сайысқа әкеліп отырмыз. Орталықта шар тәрізді нысан, ол шарға барар жолда домбыра, шыға берісінде қазақ үй  орналастырылған. Қазақтың үнімен, күйімен әрлеп, қонақтарды көрмеге кіргізсек, одан кейін қонақжайлығымызды киіз үйде көрсетсек деген ойдан туындаған. Домбырадан үн шығады, киіз үйдің есігі ашылып, жабылады. Ал шарымыз әртүрлі түске еніп, шамдары шуақ шашады. Барлығы да робот жасау бағдарламалары арқылы жүзеге асырылды,- дейді Шәкәрім гимназиясының мұғалімдері Айдар Мердемғалиев пен Әлем Мұқанов.

Бұл туындыны ұстаздарының бағыт-бағдар беруімен 16 жасар Санжар Амантаев бір аптада дайындаған екен. Айта кетерлігі, аталмыш қалашық бұл сайысқа дейін облыстық байқауда топ жарыпты.

Көрмеге қойылған экспонаттардың барлығы дерлік өзіндік ерекшелікке ие, табиғатты қорғауға, шикізатты тиімді пайдалануға, қоршаған ортаны ластанудан сақтауға бағытталған. Десе де, жүзден жүйрік озатындығы сынды, 40 туындының ішінен санаулысы ғана суырылып шығатыны белгілі. Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алмақ. Ал республикалық кезеңде топ жарған туынды халықаралық көрмеге ұсынылады деп жоспарлануда.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС