Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛСЕ, САПА ЖАҚСАРА МА?

10.04.2017
FacebookWhatsappTelegram

7 сәуір күні қалалық әкімдікте жол ақысына және тасымалдаушылардың қызмет сапасын жақсартуға байланысты кезекті жиын өтті. Жиынға қала әкімі Ермак Сәлімов, прокурор Марат Турубаев және қалаішілік тасымалдаушы мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиында тариф бағасының көтерілуі және тасымалдаушылардың қызмет сапасының деңгейі мәселелері күн тәртібіне қойылды. Қала әкімі жол ақысының көтерілуі және қоғамдық көліктердің талапқа сай болуы бір-бірімен тығыз байланысты екенін, бұл мәселелер тасымалдаушылардан жоғары қызмет сапасын талап ететінін ескертті.

— Тасымалдаушылардың өтінішіне байланысты барлық шығындарды қарастырып, қоғамдық келісім кеңесімен ақылдастық. Сәуір айында тариф бағасына байланысты сұрақтар шешіліп, белгілі бір келісімге келеміз деп ойлаймын. Біз белгілеген жол ақысы – 80 теңге. Бұл, әрине, бірінші кезекте тасымалдаушылардан жауапкершілікті талап етеді. Тасымалдаушылармен жүйелі түрде құрылған, заңды күші бар келісімшартпен жұмыс істейміз. Келісімшартта көрсетілген жағдайлар орындалмаған немесе бұзылған жағдайда, екі тарапқа да айыппұл белгіленген. Біз де қол қусырып қарап отырған жоқпыз, жол жөндеу жұмыстарына кірістік. Интернационал және Шәкәрім даңғылы көшелерінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Техникалық консультант жұмыс істеп жатыр. Тариф бағасының көтерілуі өз уақытымен болады. Сіздер қоғамдық көліктердің өз деңгейінде жүріп-тұруын қадағалап, соған кепілдік беріңіздер,- деді Ермак Сәлімов тасымалдаушыларға.

Осыдан соң прокурор Марат Турубаев «Семавтопарк» ЖШС басшысы Владимир Филичкинге: «Қаладағы қоғамдық көліктердің көпшілігіне иелік ететіндіктен, сіз,  қоғамдық көліктер сынып немесе бұзылып қалды деген уәж айтпай, олардың уақтылы жүріп-тұруына жүз пайыз кепілдік бере аласыз ба?»- деген сауал тастады. Өз кезегінде Владимир  Филичкин барлық жағдай оның қолында емес екендігін, төтенше жағдайлар кез келген уақытта орын алатынын және көліктердің аяқ астынан сынып немесе бұзылып қалуы әбден мүмкін екенін, бірақ қолынан келгенін жасайтынын жеткізді.

— Біз онда келісімшартты не үшін жасадық? Белгіленген уақытта жүріп-тұруға кепілдік бере алмасаңыз, мойныңызға жауапкершілік алмауыңыз керек еді. Сіздің қолыңызда емес жағдайлар – су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс немесе өрттің орын алуы. Бұл форс-мажорлық жағдайлар келісімшартта да көрсетілген. Басқа жағдайлардың бәрінде жол тауып шығуға болады. Автобус бұзылып немесе сынып қалған жағдайда, қосымша автобустар дайын тұруы керек,- деген прокурорға Владимир Филичкин келісімшарт бойынша екі жақ та өз міндетін мүлтіксіз орындауы тиіс екендігін айтты.

— Мен жолаушыларды тасымалдауға жауап беретін болсам, келісімшарт бойынша, екінші тарап жол қауіпсіздігіне жауап беруі тиіс. Егер жүргізуші шұңқырға түсіп кетсе, бұл да форс-мажорлық жағдай емес. Мен бұл салада бірінші жыл жүрген жоқпын. Осыған дейін біздің тараптан ережені бұзған немесе жолаушылар өміріне қауіп төндірген жағдайлар орын алған жоқ. Егер жол түп-түзу болса, елу теңгеге де жолаушыларды тасымалдауға дайынбыз,- деп сөзін қорытты ол.

Бұл жиында да жол ақысына байланысты мәселе өз шешімін тапқан жоқ. Дегенмен әкімдік тарапынан тасымалдаушылардың сұранымына байланысты жол ақысын сексен теңгеге көтеру мәселесі айтылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС