Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ІТ — БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

20.04.2017
FacebookWhatsappTelegram

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында Радиотехника және байланыс колледжінің ұйымдастыруымен ІТ-марафон өтті. Шараға колледж ұжымы мен студенттері, мектеп оқушылары мен ұстаздары және ата-аналар қатысты. Марафон ұйымдастырудағы мақсат – мектеп оқушыларын техникалық мамандықтарды таңдауға шақыру.

— Басты мақсат – қала мектептеріндегі оқушылар арасынан талантты жастарды анықтау. ІТ – ақпараттық технология — ол болашақтың кілті. Қазақстан экономикасындағы барлық салалар бұл технологиямен ұштасып жатыр. Өмірді ІТ технологиясыз елестету мүмкін емес. Оқушылардың бұл салаға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыру үшін марафон ұйымдастырып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар әзірледік,- дейді Радиотехника және байланыс колледжінің директоры Оралхан Сартаев.

Айта кетерлігі, мұндай марафон өткен жылы тұңғыш рет қолға алынған. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.  ІТ-марафон барысында Радиотехника және байланыс колледжі арнайы сайт ашыпты. Сайтқа тіркеліп, сауалдарға жауап беру арқылы онлайн режімде №№26, 10, 31, 37, 16 мектептердің оқушылары марафонға қатысып, білімдерін сынауға ниет білдірген. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті 11 талапкер ақтық сынға жолдама алды. Олар осы марафонда информатика және бағдарламалауға қатысты сауалдарға жауап беріп, білімдерін таразылады.

Ресей Федерациясының Барнауыл қаласында «AltayScool-CTF» мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында компьютерлік қауіпсіздік тапсырмаларына құрылған халықаралық білім додасы ұйымдастырылған. Оған аталмыш колледждің 4-ші курс студенттері Әлішер Бекенов, Виктор Кох, Евгений Малыга, Артем Титоренко сынды студенттер қатысып, 26 команда арасында Радиотехника және байланыс колледжі командасы 12-ші орынға табан тіреген. Екі студент 1-2- орындарды жеңіп алып, медаль, сертификаттарға ие болыпты. ІТ-марафон барысында колледж директоры халықаралық чемпионатта бірінші орын алған Евгений Малыгаға 50 мың теңгенің, екінші орын алған Виктор Кохқа 25 мың теңгенің сертификатын, ал ата – аналарына алғыс хат табыс етті.

Енді екі жеңімпаз мамыр айының басында Астана қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына барып қатысады. Өз білімдерін дәлелдеп, жүлдемен қанжығаларын майласа, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін байрақты білім бәсекесіне жолдама алмақ. Колледж басшылығының айтуынша, жас байланысшылар алдарына мақсат қойып отыр, бұл жолда біраз белестерді бағындыратындарына сенім зор екен.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, колледжің барлық салтанатты жиындары ұзақ жылдар бойы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткізіліп келеді екен. Бұл тұрғыда колледж ұжымының Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы ұжымына айтар алғысы көп. Сөзіміздің дәлелі  ретінде айтсақ, марафон аясында Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директорының орынбасары Татьяна Матычукке «Радиотехника және байланыс колледжіне 75 жыл» мерекелік медалі табыс етілді.

ІТ-марафон қорытындысы бойынша, І орынға ноутбук,  ІІ орынға планшет, ІІІ орын иегеріне ұялы телефон тарту етілді. Қонақтар арасында лотерея ойнатылып, сәттілік серігі болған жандар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС