Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

20.04.2017
FacebookWhatsappTelegram

20 сәуір күні қалалық Достық үйінде «Кешегі Алаш – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан, болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қалалық Достық үйі, «Ахау-Семей» қазақ құндылықтарын қолдау орталығы мен қалалық Аналар кеңесінің мүшелері ұйымдастырған шараға тарихи зерттеу орталығының мамандары, аға буын өкілдері, Достық үйінің этноорталықтары мен қаладағы колледждердің студенттері қатысты.

— Бүгін біз, Алашорданың 100 жылдығына орай, кешегі Алаш тарихы мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанды, Елбасы Үндеуі мен мақаласын қамтып, болашаққа бағдарымызды саралап, мақсатымызды айқындамақпыз. Алаш арыстары жайлы әңгімелеп, олардың армандарына қол жеткізгенімізді, бүгінгі таңда ел еңсесі тіктеліп, 130-дан астам  ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын айтқымыз келеді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, әрбір қазақтың жүрегінде «Мен қазақстандықпын» деген код болу керек. Бұл идеяны аға буын арқылы жастардың санасына жеткізбекпіз, дөңгелек үстелдің мақсаты да осы,- деді «Ахау-Семей» орталығының төрайымы Нағима Мойынбаева.

Тәуелсіздік жайында ой қозғағанда, ең алдымен Алаш арыстарының ақ жолы туралы айтпай кету мүмкін емес. Шара барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің академик Қозыбаев атындағы тарихи зерттеу орталығының жетекшісі Асылбек Мұхамедбек «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» тақырыбын кеңінен тарқатты. Ол өз сөзінде Алаш арыстарының идеясына, мақсат-міндеттеріне тоқталды, ұлтжандылық жайлы ой өрбітті.

Бұл басқосуда студент жастар да өзіндік пікірлерін білдірді. Қайнар колледжінің 1 курс студенті Шырын Сәтбаеваның «Бүгінгі тәуелсіздік – кешегі Алаш қозғалысы» атты зерттеу жұмысы көпшіліктің көңілінен шықты.

— Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы, тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде, ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені бұл қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш қозғалысының тарихы – отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын тарих. Алаш азаматтарының қазақ елінің азаттығы жолындағы күресі, ұрандары бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат,- деп атап өткен Шырын Сәтбаева тәуелсіздіктің тамыры Алаш қозғалысынан бастау алатынын атап өтіп, жақында жарияланған Елбасы мақаласына қатысты пікірін де білдірді.

— Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Елбасымыз латын әліпбиіне көшу тұрғысында межелі тапсырмалар жүктеді. Біз қазір үштілділікке бейімделіп жатырмыз. Латын әліпбиі арқылы тарихымызға қалай жақындай түссек, болашаққа деген сеніміміз де солай нығая түседі деп ойлаймын. Әр істің бастамасында қиыншылық болатындығы сөзсіз. Оқуға ынталы жастары бар қоғам жаңашылдықты жеңіспен еңсерді деген сенімдемін,- дейді Қайнар колледжінің студенті.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС