Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ДАНИАЛ АХМЕТОВ: СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРЕДІ

28.04.2017
FacebookWhatsappTelegram

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2017 жылға қойылған міндеттеріне арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекет басшысы Жолдауында экономиканың жедел технологиялық жаңғыруын бірінші басымдық ретінде белгілеген болатын.  Президенттің, жаңа индустрияларды құрумен қатар, дәстүрлі негізгі салаларға дем беру қажет деген тапсырмасына орай, дамудың келесі сатысына аяқ басқан Шығыс Қазақстан 2017 жылды  әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларында жағымды динамикамен бастады.

— Жолдаудың бірінші басымдығы – «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» бойынша облысымызда базалық салалар мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту бойынша 10 ғылыми жоба іске асырылуда. Аталған жобалар қатарында титан, тантал бұйымдарын және медицина үшін өткізгіш сымдарды, мұнай-газ өнеркәсібін әзірлеуге байланысты  бірегей өнімдер бар,- деді облыс әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар Даниал Кенжетайұлы базалық салаларды дамытуға да үлкен көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті. Нәтижесінде ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтоғай тау-кен өндіру комбинатында алғашқы тауарлық мыс концентраты алынып, Бақыршық тау-кен байыту кешенін игеру жобасы да жаңа технологиялардың көмегімен қарқынды жүзеге асуда екен. Мұндағы инвестиция көлеміне сәйкес, жылына 2 млн. тонна кен өндіріледі. Жоба 2018 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Аймақ басшысы сондай-ақ өңірде толық циклді автозауыт пен автобөлшек шығарушы технопарктің құрылысы жалғасып жатқандығын,  шығыста құрастырылған көліктер Тәжікстан мен Қырғызстанға экспортталатынына тоқталды.

— Моңғолияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда болып, Үкіметтерінің басшыларымен біздің автомобильдердің сол нарықтарға шығуы жайында кездесулер өткіздім және шығатын да боламыз,- деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.  Сонымен қатар өңір басшысы тілшілердің қазақстандық көліктерді Ауғанстан нарығына жеткізу мүмкіндігіне қатысты сауалдарына жауап берді.

— Егер бізде Ауғанстанға шығу мүмкіндігі болса, онда өзімізде құрастырылған көліктерді Ауғанстан Республикасының нарығына да зор қуанышпен жеткізуге дайынмын. Алайда, өкінішке орай, әзірше мұндай белгі байқалмайды. Бірақ біз дайын екенімізді айтқым келеді. 100-ден астам «Нива» көлігін Қытайға жібердік. Ауғанстанға да  жібере алар едік,- деді Даниал Ахметов.                                                                                                                                                                                                                                                                             Облыс әкімі Семей қаласына қатысты мәселелерге де ерекше тоқталды. Журналистер қауымы алдында көне  шаһарды дамыту жоспарымен де бөлісті.

— Семей қаласында мәдени құндылықтар өте көп. 2014 жылы қала бюджеті 21 млрд. теңге болса, ағымдағы жылы жиынтық бюджеті 49 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бүгінде қаланың әуежайы 10 млрд. теңгеге жаңғыртылуда. Мұндай жайт бұрын-соңды болмаған. «Абай — Арена» атты бірегей мәдени-спорттық кешеннің жобалық-сметалық құжаттамасын да аяқтап қалдық. Шынын айтсам, Семей қаласының жалпы инженерлік-коммуникациялық жүйесі сын көтермейді. Сондықтан бүгінде жаңбыр суына арналған кәріздің жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр, инженерлік коммуникациялары, сумен қамтамасыз ету, кәріз және жылу бойынша да үлкен істер атқарылуда,- деді облыс басшысы өз сөзінде.                                                                                                                                                                          Қала картасына Қарағайлы деп аталатын шағын ауданның енетіндігін жеткізген әкім алғашқы жұмыстардың басталып кеткендігін ортаға салды.

— Семей сәулет — қала құрылысы құндылықтарына сай келетін шағын ауданға ие болғанын қалаймын. ШҚО-ның барлық қалаларында және Семейде жаңадан салынатын әрбір үйдің, әрбір пәтердің көлік қоюға арналған тұрақтары болады. Жүретін жолдың ені 3,6-дан 6 метрге дейін болады. Яғни мүлдем бөлек параметрлер қолданылады. Сондай-ақ барлық үйлерге жапсарлас әлеуметтік нысандар салынады,- деді ШҚО әкімі. Облыс әкімінің айтуынша, таяу аралықта Семей қаласы адам танымастай өзгеріске ұшырайды. Сөз соңында аймақ басшысы осы жұмыстарды өз көздерімен көруі үшін тілшілерді Семейге шақырды.

«СТ — ақпарат»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС