Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАН-ЖАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

04.05.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейде қоғамдық көлік қатынасын оңтайландыру және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру мақсатында ғылыми зерттеу жүргізіледі. Семей қаласы әкімдігінде өткен жиында қала басшысы Ермак Сәлімов осы жұмыстарды мойнына алған мердігер мекемемен таныстырды. Қаламыздағы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме өкілдері алдында «Көлік және коммуникация ғылыми –зерттеу институты» ЖШС директорының орынбасары Байболат Баймаханбет атқарылатын шаруалар жайында кеңінен мағлұмат берді.

Алматы қаласында орналасқан ғылыми–зерттеу институты бұл іспен бірінші рет айналысып отырған жоқ. Өз тарихтарында көптеген жауапты жұмыстарды абыроймен атқарған мекеме бізге дейін Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларында еңбек еткен. Байболат Досалыұлының сөзіне қарағанда, қоғамдық көлік мәселесі қазір еліміздің көптеген қалаларында орын алған. Нәтижесінде кемшіліктер жетіп артылатыны анықталған. Олардың қатарында алдыңғы кезекке білікті кадрлардың жетіспеушілігі шығып отыр екен. Соның кесірінен бұл салада нағыз мамандар тапшы. Сонымен қатар  тариф мәселесі де өткір тұр. Жергілікті бюджеттен бұл саланың субсидиялануы да көңіл көншітпейді. Ал Семей қаласы үшін басты мәселе – жолаушыларға сапасыз қызмет көрсету.

— Біз өз жұмысымызда жалпы қолданыстағы жолаушылар тасымалының қазіргі инфрақұрылымын тексеруден бас-таймыз. Бұл дегеніміз – жол желісі, қоғамдық көлік қатынайтын жолдың кеңдігі, аялдамалардың қазіргі жай–күйі, соңғы аялдамадағы автобустардың айналма алаңының жағдайы. Тәулігіне 12-14 сағат көлік тізгінінде отыратын автобус жүргізушілеріне бұл жерлерде тамақтанатын орыннан бастап барлық жағдай жасалуы керек. Біз Семейдегі жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 мекеменің өндірістік – техникалық базасын тексеруіміз керек. Бұл жерлерде ең бастысы – медициналық бекеттің болуы. Біз, әдетте, жүргізуші денсаулығына қажетті тексеруді таңертеңгі уақытта ғана жүргіземіз. Алайда кешке де тексеруді ұмытпағанымыз жөн. Мұнымен қоса техникалық бекет жұмысы да тексеріледі. Олар күн сайын, автобустар жолға шықпас бұрын, техникалық ақауы бар–жоғын, салон ішінің тазалығын, тиісті адамдар телефонының жазылғандығын бақылауы қажет. Ал белгіленген тәртіп бойынша, жүргізуші мен бақылаушы арнайы киім үлгісімен жұмысқа шығуы шарт. Біз осылардың барлығына назар аударатын боламыз. Бастысы –тексеру жұмыстары. Ол үшін арнайы есепшілер таңның атысы мен кештің батысы, яғни автобус тоқтағанға дейін отыратын болады,- дейді Байболат Баймаханбет.

Арнайы есепшілер үшін уақытша жұмыс орындары ашылады және оған ниет білдіргендерді жұмысқа қабылдау қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге аспақ.

— Біз уақытша жұмысқа 70–тей адамды қабылдауды жоспарлап отырмыз. Олардың 60–ы есепшілер болады. Олар сағатына 500 – 650 теңге аралығында жалақы алады. Жұмыс оңай емес, таңғы сағат 5 жарымнан кешкі 9-10 – ға дейінгі аралықты қамтиды. Сенбі, жексенбі, мереке күндері, қоғамдық көлікте қатынайтын жолаушылар санының аздығына байланысты, жұмыс істемейді. Тексеру жұмыстары 25 мамырға дейін жалғасады. Есептеу барысында жолаушылар саны мен жеңілдікке ие болғандар саны анықталады,- деді ғылыми–зерттеу институты директорының орынбасары.

Кездесу барысында Байболат Досалыұлы зерттеу жұмыстарына жолаушы тасымалдаушылардың белсенділік танытып, қолдау көрсетуін өтінді. Өйткені ол жолау-шылар тасымалы ережесіне қайшы келетін бірнеше айғақтарды атады.

Зерттеу жұмыстарының алғашқы қорытындыларын ағымдағы жылдың қазан айында жарияламақ. Зерттеу аяқталысымен, қаламыздағы қоғамдық көлік жұмысының жақсаруы үшін, қысқа әрі ұзақ мерзімді ұсыныстар беріледі. Жиын соңында қала әкімі Ермак Сәлімов бұл ортақ іс екендігін атай келе, жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық көмектің берілетінін жеткізді.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС