Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАТАҢ БАҚЫЛАУ КЕРТАРТПА ІСКЕ ҚАМШЫ БАСАДЫ

04.05.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейге соңғы жасаған жұмыс сапарында аймақ басшысы Даниал Ахметов жергілікті билік алдында бірқатар тапсырмалар берген еді.  Олар «Солтүстік» сауда–логистикалық орталығындағы сауданың делдалсыз өтуі, қаланы көркейтуге байланысты жұмыстардың жандануы мен жол жөндеу жұмыстарының кешеуілдемеуіне қатысты болатын.  Осыған орай қала әкімі Ермак Сәлімов 29 сәуір күні қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар бірнеше орында болып, ондағы атқарылып жатқан шаруаларды өз көзімен көріп қайтты.

Арада апта өтсе де, аймақ басшысының сынына ұшыраған «Солтүстік» сауда – логистикалық орталығындағы кемшілік бұл жолы да көзге ұрды. Әкім де оны байқады. Мәселе алыпсатарларға байланысты. Жыл он екі ай бейнетін көріп, зейнетіне қолы жетпеген кейбір шаруаның еңбегін солар оңай жеп кетіп отыр. Тіптен кейбірімен Ермак Бидахметұлының өзі де тілдесті. Сөреге қойған заты өзінікі болмай шыққан саудагер қала басшысы алдында күмілжіп, қойылған сұраққа жауап таба алмай қысылды. Істің мән–жайына қаныққан әкім орталық әкімшілігіне мәселені төтесінен қойды.

— Бұл жерде алыпсатарлар жоқ емес. Біз оны көріп отырмыз. Сіздерге берер бірінші тапсырмам – алыпсатарлардан арылыңыздар. Өйткені шалғайдан келген шаруадан арзанға сатып алып, оған үстеме қосып саудалау дұрыс емес. Егер осы жерде жұмыс жасағысы келсе, сіздермен екі жақты келісімшартқа отырсын. Сол шартта алыпсатардың сөреге қойған бағасы жәрмеңкеде белгіленген бағадан аспауы керек. Әртүрлі  баға болмауға тиіс. Кімге біздің талап ұнамайды – қалада не көп, сауда орындары көп, сонда барып саудаласын. Екіншіден, жәрмеңкедегі әр орынға төленетін ақшаның түбіртегі болуы қажет. Бұл — қазынаға түсетін салық. Менің ойымша, сіздерде халыққа тиімді жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған. Салқындатқыш құрылғылар, зертхана, ет шабатын орындар бар. Енді не кедергі? Біз өз тарапымыздан биылдан қалдырмай жәрмеңкеге дейінгі жолды жөндеп, жаңа аялдама орнатамыз.  Қаладан екі ортаға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі де шешілетін болады. Тек жоғарыда мен атаған жұмыстар қысқа мерзімде орындалсын,- деді Ермак Сәлімов логистикалық–сауда орталығы басшылығына қарап.

Бұдан арғы сапарын темір жол вокзалы ауданында орналасқан Қабанбай батыр ескерткіші алаңындағы жұмыстармен танысумен жалғастырған әкім атқарылып жатқан шаруаға көңілі толмайтынын ашық айтты. Қазір бұл алаңда қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді  өткізілген конкурс нәтижесі бойынша, «Еңбек-Өскемен» РМК № 11 филиалы жеңіп алса керек. Алайда  негізгі жұмыстарды филиалға еншілес мердігер «Амирстрой групп» ЖШС атқаруда. Бас мердігерге құрылыс басына қала әкімінің, тиісті орган өкілдерінің, тілшілердің келетіндігі алдын ала ескертілгендігіне қарамастан, кездесуге келмей қалғаны кім–кімді болсын таңғалдырғаны анық. Қала басшысы бұл әрекетті «өз ісіне жауапсыздық» деп бағалады. Ал тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленовтің айтуынша, алаңдағы ескі құрылыс материалдарын бөлшектеу жұмыстары 10 мамырға дейін аяқталады екен. Осы аралықта 2 мың шаршы метрге төселген тас төсеніштер (брусчатка) алынып, алаң артық нысандардан арылады. Нәтижесінде алаң аумағы кеңейтілмек. Соңынан жерге жаңа  төсеніштер салынып, алаңның екі жиегінен жарықтандырылады. Алайда батыр ескерткіші еш өзгеріссіз қалмақ, тек оның айналасында құлаған, қираған құрылыс материалдары ауыстырылатын болады. Бөлім басшысының берген ақпарына құлақ түрген әкім атқарылып жатқан шаруаның шала екенін тілге тиек етті.                                                                                                                                                                                                — Кез келген құрылыс, қайта жаңғырту жұмысы болсын оның басында, қарапайым тұрғынға түсінікті болуы үшін, куәлігі тұруы керек. Әйтпесе кімнің не жасап жатқандығын ел қайдан біледі? Бұл — бір. Екіншіден, жұмысты ұйымдастыру жағы ақсап тұр. Мен бұл жерде жұмыс қайнап жатқан шығар деп күткенмін. Бірақ бәрі керісінше, бар болғаны 4 адам жұмыс істеп жүр. Мына түрімізбен бұл шаруаны қашан аяқтаймыз? Сондықтан алдағы күндері осы нысанға қатысты жұмыс кестесін әзірлеуді тапсырамын. Тағы бір мәселе – бұл жерге қоғамдық бақылау қажет. Сол арқылы біз мердігердің өз міндетін сапалы болмаса сапасыз атқаратынын біліп отырамыз, — деді Ермак Бидахметұлы. Әкім алаңды қоғамдық бақылау жұмысына жауапты етіп темір жол саласының ардагері Мақсұт Көшжановты бекітті. Бұдан кейін Ермак Сәлімов екі күнге жабылған ескі көпірге де аялдап, істің басы-қасында жүрген жауапты тұлғалармен тілдесті. Биыл шаһар бойынша қала көшелерін қалыпқа келтіру жұмыстарымен «Гордорстрой» ЖШС айналысады. Көпірдегі ағымдағы жұмыстарды атқару осы мекеме мойнында. Жұмысты белгіленген мерзімінен ерте аяқтауды сұраған әкім тілшілер қауымын Семей көшелерінің хал–ахуалынан хабардар етті.

— Ағымдағы жылы қала көшелерін жөндеуге қалалық, облыстық бюджеттен көп мөлшерде қаржы бөлінді. Соның арқасында 8 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл шамамен 11 шақырымды құрайды. Алайда біз қоғамдық көліктердің, меншік иелігіндегі көліктердің көшелерде ұзын–сонар кезекте тұрып қалмауы үшін, алдымен ойылған, шұңқыр жерлерді бекіту жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Осы жұмыс біте салысымен, орташа жөндеу жұмыстары басталады. Семейде соңғы рет орташа жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізілген. Сол жылы жөнделген жұмыстарға кепілдік берілген. Мердігер ұжым мен жергілікті әкімдік арасындағы келісімшартқа орай, бұл кепілдік 3 жылға бекітілген. Егер осы уақытта атқарылған істе ақау шықса, оны мердігер түзетуге міндетті. Қазірдің өзінде бұл іс атқарылып жатыр. Жол сапасын тексеру жұмыстарын тәуелсіз аттестацияланған зертханамен бірлесе жүргіземіз. Ағымдағы жылы біз 38 мың тонна асфальтті жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұрындары ескі асфальт бетондары ұрланып, қолды болса, енді биылдан бастап біз оларды қажетті жерлерге тиісті технологиялар бойынша кәдеге жарататын боламыз. Мәселен, кварталішілік жолдар, подъездердің алды сияқты қажетті жерлерге пайдаланылады. Осындай жұмыс қайта жаңғыртудан өткізіліп жатқан алаңдардағы төсеніштерге де байланысты. Біз оларды жинастырып, ең қажет еткен аурухана, мектеп, саяжайларға таратып береміз. Олар оны тиісті мақсатқа жұмсайды. Жалпы, қала көшелерін қалыпқа келтіруге жауапты «Гордорстрой» мекемесімен облыс деңгейінде үлкен әңгіме болған. Бұл мекемені өз ісіне жауапты, қажетті техникалары жеткілікті, жұмыс күші бар салмақты ұжым деп білемін. Сондықтан, қандай да бір тосыннан пайда болатын кедергілерге тап болмасақ, қала көшелерін жөндеу жұмыстарын алдағы 2 айда толықтай аяқтап шығатынына сенімдімін,- деді қала басшысы.

Семей қаласын дамытудың 3 жылдық жоспарына орай, қайта жаңғыртудан өтетін қоғамдық орынның бірі – М.Әуезов алаңы. Құны 112 млн. теңгеге бағаланған алаңды көркейту жұмыстары «Еңбек-Өскемен» РМК № 11 филиалына жүктеліпті. Құрылыс басында бас мердігерге еншілес «Амирстрой групп» ЖШС директоры Бауыржан Ахметовке жолыққан әкім бұл жердегі шаруаға да көңілі мүлдем толмайтынын жеткізді. Оған себеп мердігер мекеме басшылығы алаңдағы жұмыс нүктесін қашан қоярын дөп басып айта алмауында болып отыр. Жоспар бойынша бұл алаңдағы бетон төсеніштер алынып, оның орнына түрлі түсті тас төсеніштер салынады. Бір сөзбен айтқанда, алаң жаңа түрге енбек. Бүгінгі жұмыс сапарын осы жерде қорытындылаған шаһар басшысы әлі де шаруаның пісіп–жетілмеген тұстары бас екендігін жасырмады. — Өздеріңіз көріп отырғандай, біздегі басты мәселе –жұмыстың шашыраңқылығы.  Іске жауапты тұлғалардың жауапсыздығы. Мен мұны өзім жүріп өткен алаңдардағы жұмыстарға қатысты айтып отырмын. Тиісті ақшасы бөлінген, мердігері анықталған, кедергісі жоқ іске не бөгет екенін байқадыңыздар. Біз бұл істі қоғамдық бақылауға ұсынамыз. Ол үшін құрылыс алаңындағы төлқұжатта, мердігердің, тиісті органдардың байланыс телефондары, құрылыстың қашан басталып, қашан аяқталатыны туралы ақпараттан бөлек, қалалық әкімдікте өткен жылы іске қосылған «Бақылау» бағдарламасының мекенжайына сілтеме жасалады. Міне, осы сілтеме арқылы қаламыздың әр тұрғыны құрылыс басындағы кез келген келеңсіздікті ұялы телефонға фотосурет арқылы жолдай алады. Біз сол арқылы тиісті шара қолданамыз. Мамыр айының басында қаламыздағы Абай, Невзоров мұражайы, «Ажал вагоны» алаңдарын қайта жаңғыртуға байланысты конкурс өткіземіз. Ол үшін қаражат табылды. Жеңіске жеткен мердігер анықталған соң, жұмыс басталады. Нәтижесінде қала тұрғындары 2-3 айдың көлемінде қаланың жаңа келбетіне куә болады. Бұл аралықта қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарының да аяқталатынын жоғарыда айт-тым. Қаламызда экономикалық жағдай қалыпты. Жылдың алғашқы тоқсаны бойынша облыс көлемінде Семей алғашқы ондыққа еніп отыр. Бұл — біз үшін қуанышты жағдай. Ал бүгінгі көргендерім бойынша тиісті бөлімдерге тың тапсырмалар берілді. Оны біз мамырдың алғашқы жұмыс күнінде талқылайтын боламыз,- деп сөзін қорытындылады Ермак Сәлімов.

Қатаң бақылау кертартпа іске қамшы басады. Кемшін тұстардың орнын толтыру алдағы күннің еншісіне қалды. Қорытынды шығарына да күмәніміз жоқ. Әкімнің қатаң бақылауына іліккен шаруалар ширай түсіп, көрікті қалаға көзайым болар күніміз алыс емес.

Ермек ИСАБАЕВ,                                                                                                                                                                                             «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС