Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАСАҚ…

01.06.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың қатысуымен баспасөз конференциясы өтіп, оқу жылы қорытындыланды.

— Биылғы жыл білім саласында өзгерістерге толы болды. Елбасы Жолдауында айтып кеткендей, үш тілді білім беруге көшіп жатырмыз. Балаларды оқулықпен жабдықтауға қаражат жеткілікті бөлінді. Келесі оқу жылында 2, 5 және 7 сыныптардың оқулықтары жаңартылады. Ағымдағы жылы 1-2 сыныптардың оқу дәптерлері жеткіліксіз болуына байланысты ата-аналар дәптерлерді өз қаражаттарына сатып алуға мәжбүр болған еді. Келесі жылы бұл олқылықтардың орнын толтыруға тырысамыз. Оқулықтардың жаңаруына байланысты  2, 5 және 7 сыныптардың және  бірінші сыныптың мұғалімдері қайта оқу курстарынан өтеді,- дейді білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Қаланың бас мұғалімінің сөзіне қарағанда, ұстаздар үш түрлі оқу курстарынан өтеді. Олар  Кембридж бағдарламасының деңгейлік курсы, оқулықтардың жаңаруына байланысты және үштілділік бойынша оқыту курстары.

— Ұстаздарды терең біліммен қаруландыру қажет. Осы бағытта екі жыл қатарынан мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға көп көңіл бөлініп жатыр. Барлық оқу курстарынан өткеннен кейін, олар диагностикалық тест тапсырады. Жақында ғана облыс әкімі Даниал Ахметов ұстаздардың қазақ және ағылшын тілдерін нашар меңгергенін атап өткен еді. Бұл тек қаламыздағы ғана емес, облыс, рес-публика деңгейіндегі проблема, — дейді Н.Фесенко.

Оқу жылы барысында «Мәңгілік Ел» бағдарламасы бойынша 25 кабинет ашылған. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектері білім ошақтарына қолдау көрсеткен.

— Осы жылы Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қосылдық. Қаламыздағы 7 колледж осы бағдарлама арқылы түлектерді тегін оқытады. Бұл бағдарлама, негізінен, жұмысшы мамандықтарына басымдық береді. Алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған немесе толық емес отбасылардың балалары осы бағдарламамен қамтылады. Түлектердің тізімін жасадық. Тамызда өтетін арнайы отырыста комиссия мүшелері бұл тізімді анықтайтын болады, — дейді білім бөлімінің басшысы.

Мектепке дейінгі даярлық топтары мен қала мектептері биыл «Дарынды мектеп» бағдарламасына қосылған. №23 орта мектеп оқу ісіндегі жетістіктеріне байланысты облыстық білім басқармасының қаулысымен лицей атағын алған.

Сондай-ақ, жиында айтылғандай, Назарбаев Зияткерлік мектебінің бұрынғы ғимараты   экономикалық лицейге беріледі. 240 оқушы білім алатын экономикалық лицей енді оқушыларды 6-7 сыныптан бастап қабылдамақ. Осылайша, оқушылар санын 650-ге жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында 53 оқушы облыстық, 2 оқушы республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Халықаралық ғылыми жобадан жеңімпаз атанған 8 оқушы ҰБТ-дан босатылған. Спортшыларымыз да биылғы жылы құралақан емес. «Озерки» командасы хоккейден облыс жеңімпазы атанып, миллион теңгені қанжығасына байлаған.

— Ата-аналармен қарым-қатынасқа көп көңіл бөліп жатырмыз. Жалпы, Ата-аналар кеңесі құрылды. Тек қана ұйымдастыру ісімен айналысатын ата-аналар белсенділері жұмыс істейді. Жыл бойы олармен жұмыс  атқарып, жаңалықтармен бөлістік. Олар да бізге жақсы көмек көрсетті. Жақында ғана Әкелер кеңесінің жиналысын өткіздік. Бұл жиналыс әкелер бала тәрбиесінде белсенді емес деген пікірді жоққа шығарады,- дейді Н.Фесенко.

Оқушылардың жаз мезгілін тиімді ұйымдастыру мақсатында «Радуга» (120 орын), «Жас қанат» (80 орын), «Түрксіб» (320 орын) лагерьлері  ұйымдастырылған. Олар 4 ауысымда жұмыс істемекші. Лагерьге 2000-нан астам баланың 466-ы тегін қамтылады. Бір баланың демалыс құны 22 мың теңгені құрап отыр.  Лагерьлердің алғашқы жұмысы 15 маусымнан басталмақ.  Сондай-ақ қалалық білім бөлімі оқу үлгерімі жақсы, белсенді 150 оқушыға, ал облыстық «Дарын» орталығы 200 оқушыға  «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға жолдама берген.

Отырыста оқу жылы соңында мектептерді жөндеуден өткізу мәселесі де сөз болды. Наталия Фесенко ата-аналардың қаражат жинауы міндетті емес, алайда демеуші болам деген ата-аналарға қарсылық жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, мектептер мен оқу кабинеттерін толық жөндеуден өткізу үшін әлі 1 млрд. 200 млн. теңге қаражат қажет.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС