Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Комсомол кентінің бес көшесі жарықтандырылады

05.06.2017
FacebookWhatsappTelegram

Сенбі, 3 маусым күні шаһар басшысы Ермак Сәлімов Комсомол кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде жарық, су, тұрғын үй, қоғамдық көлік мәселелері сөз болды.

Кездесуде айтылғандай, Комсомол кентінің негізгі бес көшесі екі аптадан соң электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Осыған дейін Дружба, Достық, Жидебай, Ермек, Шөптіқақ көшелеріне инженерлік желілер тартылмаған болатын. Кейбір үй иелері электр қуатын ретсіз қосып алып пайдаланған болса, кейбірі электр қуатына қосылмаған. Осы сұрақтарды шешу мақсатында жобалық-сметалық құжат әзірленіп, «Вула» ЖШС құны 132 млн. теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын жүргізген. Шамалы уақыттан соң кенттің негізгі бес көшесі жарықпен қамтамасыз етіледі, ал қалған көшелерді электр қуатымен қамтамасыз ету келер жылдың еншісіне қалды.

Комсомол кентінің тұрғындарын алаңдатқан тағы бір мәселе бар. Ол — су құбырының тартылмауы. Қала басшысының сөзіне қарағанда, қазір магистралды және кварталішілік желілерді тарту үшін құжаттар әзірленіп жатыр.

Магистралды желілерді тарту  7,5 млн. теңгені, кварталішілік желілерді тарту құны 6,5 млн. теңгені  құрап отыр. Магистралды желілерді тарту үшін Алматы қаласының «ҚазСантехпроект» ЖШС-мен, ал квартал іші желілерді тарту үшін Өскемен қаласының «Феррата» ЖШС-мен келісімшартқа қой қойылған. Жоба бойынша, осы мәселе төңірегіндегі құжаттарды әзірлеу қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

Комсомол кентіне тұрғын үй салу мәселесі де назарға ілініп отыр. Тұрғын үй салу үшін 930 жер телімі жобаланған. Оның ішінде мемлекеттік актімен әзірленген 328 жер теліміне 197 үй салынған болса, 52 тұрғын үй салынып жатыр. Қалған 602 жер телімі әзірлену барысында.

— Бүгінгі күні қала әкімдігінде жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға 23 885 адам кезекте тұр. Соның ішінде Комсомол кенті — болашақта тұрғын үй салу мәселесі жоспарланған аудандардың бірі. Қазіргі күні Ақсай, Ұшақтар және Комсомол кенттерін сумен және жарықпен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Келесі жылы осы жобаларды жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Осы жобалар жүзеге асқаннан кейін тұрғындарға жер телімін жалға бере бастаймыз. Тұрғын үй салынып біткен соң, тұрғындар жер телімін өз аттарына меншіктей алады. Облыс әкімі Даниал Ахметов айтқандай, Семей қаласын үлкен ауылға айналдырудың қажеті жоқ, салынатын үйлер ретті, әдемі болуы керек. Сондықтан  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы да осы аудандарға тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз,- дейді Е.Сәлімов. Кездесу барысында Комсомол кентінің тұрғындары депутат Қайрат Құсайыновқа аялдаманың алыстығына, жолдың нашарлығына шағым айтты. Өз кезегінде халық қалаулысы қоғамдық көліктердің жекеменшікте екенін және кенттегі халық санының аз екенін алға тартты. «Бұл мәселе төңірегінде тасымалдаушылармен сөйлескен болатынмын. Ең алдымен жолдың сапасын жақсарту керек»,- деген Қайрат Құсайынов қоғамдық көлік проблемасын алдағы уақытта шешуге тырысатынын жеткізді.

Комсомол, Селевина, Юность, Жаңа құрылыс аудандарының мектептерінде бала санын азайту мақсатында қазіргі күні Ұшақтар ықшам ауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп салынуда. Бас мердігер «Фирма Азия» ЖШС мектеп құрылысын қараша айында аяқтауды жоспарлап отырған көрінеді. Сондай-ақ Комсомол кентінде балабақшаға деген сұраныс та жоғары. Кезекте тұрған 1 690 бала Ұшақтар кентінде салынып жатқан жаңа балабақшадан кезектерін күтуде. Ал 2018 жылға қарай аталған ауданда 200 орынға арналған балалар ауруханасының құрылыс жұмыстары басталмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС