Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Тәртіп сақшыларына тарту

23.06.2017
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан полициясының 25 жылдығы қарсаңында семейлік тәртіп сақшылары үлкен сыйға ие болды. Қалалық ІІБ-на қарасты Затон полиция бөліміне жаңа әкімшілік ғимарат беріліп, 50–ден астам су жаңа автокөліктің кілті табысталды. Кәсіби мереке қарсаңындағы салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ШҚО ІІД бастығы, полиция генерал–майоры Жанарбек Бақтыбаев қатысты.

100 мыңнан астам тұрғын тұратын аумақтың қоғамдық қауіпсіздігіне жауапты Затон полиция бөлімінің жаңа қонысқа көшуі жайдан–жай емес. Бөлім орналасқан ескі ғимарат өткен ғасырдың 30-шы жылдарында салынған. Техникалық әрі санитарлық нормаларға сай келмейтіндігі көптен бері айтылып, бөлімнің жеке құрамын ІІМ Семей заң колледжінің ғимаратына орналастыру меселесі облыстық ІІД басшылығы тарапынан 2010 жылы көтерілген екен. Өңірдегі полиция қызметін жетілдіруді ескерген облыс басшылығы облыстық бюджеттен қаржы бөліп, ғимаратты барлық талаптарға сай етіп қайта жарақтап шықты. Ішкі істер органдарының жедел–қызметтік әрекеттерінің өзгешеліктері мен стандарттарына сай келетін ғимараттың ашылу сәтінде аймақ басшысы Даниал Ахметов сөз алды.

— Баршаңызды Қазақстан полициясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Зор денсаулық, қызықты, бақытты өмір тілеймін. Бүгін ашылатын жаңа ғимарат — азаматтардың қауіпсіздігін, конституциялық құқықтарын, қоғам тыныштығын сақтауды ең басты орынға қойып отырған Елбасы саясатының көрінісі. Заман талабына сай ғимарат аса жауапты ішкі істер органдары қызметін одан әрі жақсартуға ықпал етеді деп сенемін. Жыл сайын сіздердің қызметтеріңізді жаңа сатыға көтеру үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Бір ғана ағымдағы жылды алатын болсақ, ішкі істер органдары қызметін оңтайландыру үшін бөлінген қаражат былтырғы жылмен салыстырғанда 42 пайызға артты. Аймақ полицейлері үшін биыл 240 көлік сатылып алынады. Осылайша, Шығыс Қазақстан сақшылары көлікпен 100 пайыз қамтылған алғашқы облыстардың бірі болмақ. Бұл жолдағы қауіпсіздікті сақтап, қоғамдағы келеңсіз жағдайлар мен түрлі қылмыстың алдын алуға септігін тигізері сөзсіз,- деген Даниал Кенжетайұлы өз құттықтауынан кейін жергілікті полиция бөлімі, жол–патрульдік полиция батальоны басшыларына жаңа автокөлік кілттерін табыс етті.

Облыстағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға қатысты атқарылып жатқан шаруалар жайлы тілшілерге берген сұхбатында облыс әкімі бұрын–соңды жетпеген жетістіктерге қол жеткізетінімізді атап өтті.

— Полиция қызметін жетілдіру назарымыздан тыс қалған емес. Оларға қажетті алғашқы көліктерді сатып алдық. Жақын күндері жеке құрам үшін 10 автобус сатылып алынады. Автобустар полицейлер үшін қажетті барлық жабдықтармен жарақталған. Бір атап өтерім – сатылып алынатын көліктердің барлығы облысымыздағы көлік құрастырумен айналысатын зауыт өнімдері. Бұдан бөлек Өскемен мен Семей қалаларының орталықтарын толық бақылауда ұстайтын 60 бейнебақылау камералары орнатылады. Егер біз ағымдағы жылы техника мәселелерін шешсек, келер жылы полицейлерді баспанамен қамтуды бір жақты етуді қарастырамыз,- деді Даниал Кенжетайұлы.

Бұдан әрі облыс әкімі ғимаратты аралап көріп, өзінің оң бағасын берді. Ғимаратта, Затон полиция бөлімінен бөлек, жергілікті полиция қызметі, арнайы жасақ қызметкерлері орналасады. Сонымен қатар бұған дейін Әуезов полиция бөлімінде орналасқан уақытша ұстау изоляторы да осында көшірілді.

— Қаладағы уақытша ұстау изоляторы 1976 жылы салынып, пайдалануға берілген. Ол бүгінгі күннің талабына жауап бере алмайды. Изолятор 20 адамға арналғанымен, күнделікті ұсталатын адамдардың саны 35–ке дейін жететін. Жаңа изолятор 48 орынға арналған. Ол жерде барлық жағдай қарастырылған. Изолятор халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Тіптен медбике бөлмесі, уақытша қамаудағылар үшін серуендеу алаңы да қарастырылған. Қажетті құрал–жабдықтар, көрпе – жастықтар, медициналық қондырғылар, дәрі — дәрмектер — барлығы жаңадан сатылып алынды. Жалпы, бұл полиция бөлімі қызмет көрсететін аумақта 13 мектеп, 13 жатақхана, 10 қонақ үйі, 19 ірі ұжымдар мен өндіріс кооперативтері, басқа маңызды нысандар орналасқан. Облыс әкімдігі тарапынан беріліп отырған қызметтік көліктер жеделдікті әрі техникалық жабдықталуды арттыру мақсатында жергілікті полиция, жол–патрульдік полициясы қызметкерлері мен қалаға қарасты 11 ауылдық округтегі учаскелік инспекторларға беріледі. Бұл семейлік тәртіп сақшыларына артылып отырған тың жауапкершілік деп білеміз. Сенімді ақтауға тырысамыз. Осы орайда облыс әкіміне, облыстық ІІД бастығына өз қызметтестерімнің атынан алғыс айтқым келеді,- дейді Семей қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Ақылхан Қасқабаев.

Жаңа ғимаратқа қоныстанып, жаңа көлікке ие болған семейлік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда қырағылық танытатынына сенімдіміз.

Ермек ИСАБАЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС