Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Алакөл жағалауындағы жұмыстар жіті бақылауда

04.07.2017
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен өткен аптада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Алакөлге жұмыс сапарымен келіп, жағалауда арнайы жиын өткізді. «Алакөл — Тазалық» ЖШС-нің мекемесінде облыстық және аудандық бөлім, мекеме басшыларының қатысуымен өткен жиында Алакөл жағалауында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин бастаған әкімдіктің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Сонымен қатар Нұрымбет Аманұлы Алакөлге келген демалушылардың денсаулығы басты назарда болуы қажеттігін және заман талабына сай туристік кластер қалыптастырудың маңызы жоғары екенін атап өтті. Үржар ауданы әкімінің орынбасары Жарқынбек Байсабыров туристік аймақта атқарылған жұмыстар жайлы баяндай келе, көл басындағы бірқатар мәселелерге де тоқталды.

— Бүгінде Алакөл аумағын абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық, өрт қауіпсіздігі шаралары, құрылыс жұмыстарының уақыт талабына сай болуын қалыптастыру   мақсатында облыстық комиссия мүшелері жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтиже бойынша, туристік аумақта орын тепкен 147 нысанның 76-сы заң талаптарына сай келіп, демалыс маусымына дайын екені анықталды. 8 демалыс үйі межеленген мақсаттарды шілде айында аяқтауды жоспарлап отырса, қалған демалыс базалары да осы жуық күндері тамамдамақ. Бұдан өзге 26 нысан иелері заман талабымен бірге төңіректерін абаттандырып жатыр. Ал қалған 24 демалыс үйі аталған талаптарға сай емес деп танылды. Алакөл аумағын көркейту мақсатында облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, 7 жоба іске асты. Атап айтқанда, саябаққа 360 түп көшет отырғызылып, тамшылатып суару әдісін қолданудың нәтижесінде әр алуан талдар тамырланып, айнала жасыл желекке оранды. Сондай-ақ тақта тастар төселіп, қоршаулар орнатылып, жарықтандыру жүйелерінің жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар орталық көшеде орын тепкен Арбат жобасының жоспарындағы аумаққа 5 мың шаршы метрге тақта тастар төселіп, шамдар орнатылды,- деген Жарқынбек Борашұлы бүгінгі күні туристік кешендегі мәселелердің бірі  электр энергиясы екендігін айтып, осы ретте жоғары вольтті жүйелерді Мақаншы ауылынан тартуды жоспарлап отырғандарын айтты.

Нұрымбет Аманұлы заңсыз сауда жасау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұл ретте лицензиясы жоқ сауда жасаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құлақ аспаған жағдайда, айыппұл салу қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, жергілікті полиция қызметкерлеріне қызметтік автокөліктердің жетіспеуіне байланысты, керекті мәліметтер тізімін беруді ЖПҚ-ның басшысы Болат Төлешке тапсырды. Бұл жиында Алакөл жағалауындағы құтқарушылардың да мәселесі айтылды.

Нұрсұлтан ЕСЕМБАЕВ, Үржар ауданы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС