Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАЛАРҒА ЖОЛ ЖОҚ!

08.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Жаз басталғалы қаланы көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. Бұл бағытта біраз шаруалардың басы қайырылды. Ал көшедегі сыртқы жарнамаларға қатысты мәселені бір ізге қою – күн тәртібінде тұр.  Осыған орай облыс әкімі Өскемен және Семей қалаларының көркіне кері әсерін тигізіп тұрған жөнсіз ілінген жарнамаларды ретке келтіру жөнінде тапсырма берген еді. Бұл мақсатта Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қалалық ішкі саясат, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдерінің өкілдерімен бірге қала көшелеріне рейд жасады.

Жыл басынан бері мұндай рейдтер көптеп ұйымдастырылып, нәтижесінде ақпараттық өзектілігін жоғалтқан, заң талаптарына сәйкес келмейтін бірнеше билбордтар алынып тасталды. Бүгінде қала көшелерінде жұлма — жұлмасы шыққан жарнамалар ілінген, жартылай бос тұрған кермелер көп-ақ. Енді осындай кермелерге әлеуметтік — саяси мазмұнға ие жарнамаларды орналастыру жағы жолға қойылмақ. Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаевтың мәліметінше, қалада 186 билборд кермесі бар болса, оның тек үшеуі ғана мемлекеттік коммуналдық мекемеге тиесілі. Жекеменшік иелігіндегі қалған 183 кермеге жарнамаларды ілу үшін қожайындарымен арнайы келісімшарт жасалады. Сондай-ақ қалада 12 жарнама агенттігі жұмыс істейді. Қазіргі күні көше бойында орналасқан баннердің 30-ға жуығы Ұлт Көшбасшысының қазақстандықтарға арнаған үндеуіне, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне, ҚР мемлекеттік рәміздеріне, Алаштың 100 жылдық мерейтойына арналған. Идеологиялық жұмыстың негізі болып саналатын қоғамдық — саяси жарнамаларды орналастыруға биыл бюджеттен 2 млн. 400 мың теңге қаржы бөлінген екен.

— Елімізде 2003 жылы қабылданған «Жарнама туралы» заң бар. Онда жарнамалық өнімдер мен қызметтің барлық түріне қатысты нормалар көрсетілгені туралы көкірегі ояу, көзі қарақты азаматтардың барлығы білетін болар. Алайда заң талаптарын сақтамай, тиісті мемлекеттік орындардың келісімінсіз жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де жоқ емес. Соның салдарынан көшелерде жөнсіз ілінген жарнамалардың қатары көбейіп тұрғаны қынжылтады. Кейбір билбордтар жол бойындағы талдардың тасасынан көрінбейді, жол қозғалысына кедергі келтіретіндері тағы бар. Рейд барысында талапқа сәйкес келмейтін билборд иелеріне ескертулер жасалатын болады. Комиссия тарапынан жасалған сын-ескертпелер дер кезінде түзетілмесе, заң аясында жауапқа тартылады әрі қала келбетіне кері әсерін тигізіп тұрған жарнама кермесімен қоса алынып тасталады. Өз қаражаты есебінен Президент әкімшілігі, облыс және қала басшылықтары ұсынған эскиздерді қолдану арқылы бос кермелерге жарнама орна-        ластыратын меншік иелері де бар, —  дейді ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Көшедегі билбордтардың «Жарнама туралы» заңға сәйкестендірілмегені өз алдына, олардың арасында «Тіл туралы» заңды бұзып жатқаны қаншама. Мемлекеттік тілді жарнама мәтіндеріндегі өрескел қателерден қазір көз сүрінеді.

Жарнама – жаңа идеология, мәдениеттің бір көрінісі десек қателеспейтін шығармыз. Көшпелі жиын барысында осы мәселеге де көңіл бөлінді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаевтың айтуынша, ішкі және сыртқы жарнамалар ілінбес бұрын, олар тексеруден өтеді. Мәселен, ең алдымен сәулет және қала құрылысы бөлімі жарнаманың эстетикалық жағын негізге алса, ішкі саясат бөлімі мән-мазмұнына баса назар аударады, ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қателеріне қарайды. Осы үш тексерілімнен өткеннен кейін барып орналастырылады.

— Жарнама эскиздері орталық-тандырылған жүйе бойынша бекіп, мәтіндерде стилистикалық, орфографиялық қателер кетіп, сапасыз аудармаларға орын беріліп жатады. Ондай жағдайда олқылықтардың орнын толтыру үшін тиісті шаралар қолдануға тура келеді,-дейді Айдар Айтқазыұлы.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова ана тілі ақсап жатқан жарнамалармен күресу жолындағы жағымды жаңалығымен бөлісті. Айтуынша, алдыңғы аптада жолаушыларды тасымалдаушылар мен қала басшылығы арасында 22 қыркүйек – тіл мерекесі шеңберінде меморандумға қол қойылмақ. Екі тарапты келісім бойынша, жолаушыларды тасымалдаушылар қоғамдық көлік сапасын жақсартуы тиіс болса, қала әкімшілігі барлық аялдамалардың атауын мемлекеттік тілге сапалы аударуды қамтамасыз етуі керек. Өнер адамдарының дауысымен жазылған аялдамалар атауы енгізілген арнайы дыбыс жазба құрылғылары барлық автобустарға орнатылатын болады.

Ал көше жарнамаларына байланысты табылған кемшіліктер келесі аптада жекеменшік билборд кермелері қожайындарының қатысуымен өтетін кездесу барысында талқыланып, бұл бағытта тиісті орындарға межелі міндеттер жүктелмек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС