Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КІМДЕР?

08.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

22 қыркүйек күні БҰҰ, БҰҰ-ның Балалар Қорының даму бағдарламасы, көші-қон бойынша халықаралық ұйымдар, Еуразиялық қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымының қолдауымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында әлеуметтік қызметкерлердің бірінші қазақстандық форумы өтеді. Онда әлеуметтік жұмыстағы менеджмент, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілікті және қайырымдылықты қолдау сияқты өзекті мәселелер назарға алынады. Форум қарсаңында Семейдің әлеуметтік қызметкерлері аптаның бірінші күнінде Абай атындағы кітапхана қабырғасында өткен дөңгелек үстелде бас қосты. Жиында қаладағы әлеуметтік жұмыстың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, баспанасыз жандарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны болғандарға кәсіптік көмек көрсету мәселелері сөз болды.

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің басты қызметі – адамдарға қамқор болу. Ал әлеуметтік қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік қызметкердің біліктілігін, содан кейін статусын көтеру қажет екенін алға тартқан «Жанұя орталығы» қорының президенті Жана Жыбраева еліміздің оқу орындарында осы салада арнайы маман даярлайтын оқу бөлімдерін ашу керек деген ұсынысын бірінші болып ортаға салды.  — Бүгінгі таңда әлеуметтік қызметкер құқықтық жағынан қорғалмаған. Сондықтан ол бір жағынан мемлекетке, екінші жағынан өзі қызмет көрсететін адамға жұмыс істейді. Әлеуметтік сала қызметкерлердің басым көпшілігі өз құқықтарын толық біле бермейді. Демек, ол да белгілі бір көмекке мұқтаж. Осы және өзге де өзекті мәселелер көтерілетін форум – мемлекеттің игілікті бастамасы. Атап өту керек, 2011 жылы Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлердің Ассоциациясы құрылған болатын. Сол уақыттан бері республиканың түгел әлеуметтік сала еңбеккерлерінің басын біріктіретін ауқымды іс-шара ұйымдастырылмады. Форум қарсаңында өткізіліп отырған осы жиында айтылған барлық талап-тілектер, ұсыныс-пікірлер республикалық дәрежеде талқыланатын болады, — деді    Жанна Жыбраева.

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова әлеуметтік қызметкерлердің статусын жоғарылату, әлеуметтік қызмет сапасын жақсартуға байланысты өтетін қазақстандық форум – әлеуметтік саясаттағы ең негізгі қадамдардың бірі екенін ерекше атап өтті.

— Шыны керек, бүгінгі күні әлеуметтік қызметкердің еңбекақысы өте төмен. Сапалы қызмет көрсететін білікті қызметкерді жұмысқа тарту үшін бұл олқылықтың орнын толтыру керек. Әлеуметтік қызметкер тағдыр тауқыметін тартқан, қиындықтарға тап болған жандарға ең бірінші болып қол ұшын беретін, жүрегі мейірім мен ізгілікке толы әмбебап маман. Дей тұрғанмен, олардың статусы қазіргі заманға сай талаптар көшінен қалып қойғаны алаңдатады. Осы дөңгелек үстел басында әлеуметтік қызметкерлер тарапынан айтылған ұсыныстар министрлікке жетіп, тиісті шешімдер қабылданатынына кәміл сенеміз,-деді Надежда Шарова.

Ел тәуелсіздігін алған жылдары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің белгілі бір стандарттары болмағанын тілге тиек еткен Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев, бүгінде қаладағы  әлеуметтік қызметтің сапасы өткен жылдармен салыстырғанда біршама жақсарғанын айтады. Ал қазіргі күні халықаралық тәжірибелерге сүйену негізінде стационарлық үлгідегі, жартылай стационар, уақытша орналасу, күндізгі стационар, үйге қызмет ету сияқты алты бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары жасалған.

— Қалада жалғызбасты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға үйге қызмет көрсету, күндізгі стационар бойынша 3 орталық жұмыс істейді. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің екі орталығы бар. Мүгедектерді сурдо-тифло, гигиеналық құралдармен, арбалармен қамтамасыз етуге жергілікті және республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отырады. Семейде әлеуметтік көмекке мұқтаж 3 мың адам бар. Олармен 300-ден астам әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 25 жыл ішінде мол тәжірибе жинап үлгердік. Нәтижесінде әлеуметтік қызмет түрлерін көрсететін екі орталық ШҚО бойынша әдістемелік алаңға айналды. Бұл дегеніміз, Семейдегі әлеуметтік жұмыс жақсы жолға қойылғанын аңғартады, — дейді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Азамат Құрманғалиев.

Жиында өз ойын, ұсынысын ортаға салғандардың қатарында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей өңірі боынша орынбасары Гүлнар Шәріпова бар. Оның айтуынша, әлеуметтік қызметшінің жұмысы сан қырлы мамандықты қамтиды. Сондықтан әлеуметтік қызмет көрсетуді бір жүйеге келтіріп, реттеп отыратын бірыңғай нормативтік акт қабылдануы керек. Осы заң аясында әлеуметтік қызметкердің жалақысын қарастыратын арнайы баптар енгізілуі тиіс деген ұсынысын білдірді ол. Себебі әлеуметтік қызметкердің жұмысы өте күрделі. Денсаулығы, жүйкесі сыр берген, ауыр жағдайға душар болған адамдармен жұмыс істейтінін ескерсек, аталмыш сала мамандарының еңбек демалысына қосымша күндер белгілеп, еңбекақысын өсіру артық етпейді дегенді алға тартады Гүлнар Шәріпова.

Дөңгелек үстел барысында қаралған әлеуметтік қызметкерлердің мәселелері, ұсыныстар қыркүйектің 22-де Елорда төрінде өткізілетін республикалық форумда қаралатын болады.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС