Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАЙСАН – ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР

08.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы жұмыс сапарымен Зайсан ауданына барды. Облыс әкімі ауданға жасаған кезекті жұмыс сапары барысында аудан аумағындағы археологиялық қазба жұмыстармен танысып, бірқатар өндіріс ошақтарын, әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен Даниал Ахметов Қаратал ауылдық округінің аумағындағы халық ішінде «Жеті оба» аталатын қорымдарды аралап көруден бастады. Айта кетсек, биыл бұл мекенде археологиялық қазба жұмыстары жүруде. Бұғанға дейін Зайсан ауданына қарасты киелі мекен Шіліктіде ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізген археолог – ғалым Әбдеш Төлебаев мұндағы қазба жұмыстарымен егжей – тегжейлі таныстырды. Осыдан кейін облыс әкімі Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Көрпе өзенінің аумағындағы тағы бір қорымдағы зерттеу жұмыстарына да қанықты. Ғалым Әбдеш Төлебаев осы жерде облыс әкіміне бұл күнде зерттеліп жатқан төрт оба туралы толықтай мағлұмат беріп, қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлерді көрсетті. Жалпы, Зайсан ауданы тарихи мұраларға бай өңір екенін жақсы білеміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, мұнда ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Өзінің жұмыс сапары барасында аймақ басшысы қазба жұмыстарында алғаш табылған Афанасьев мәдениеті жәдігерлерімен танысты. Көне артефакттардың ішінде салт — жоралғыларды жүргізуге арналған сауыттар, мыс пышақтары мен тас-тан жасалған еңбек құралдары бар. Әбдеш Төлеубаевтың айтуынша, нақ осы жерде біздің заманымызға дейінгі 25-18 ғасырда қолданыста болған 500-ден аса жекелей ескерткіштер табылыпты. «Афанасьев мәдениеті — қола дәуірінің алдында болған үлкен бір мыс, тас дәуірінің мәдениеті. Сондықтан бұл археология ғылымына, Қазақстан тарихына қосылған бір жаңа деректер деп есептеймін. Шығыс Қазақстан облысында зерттеліп жатқандай, археологиялық кешендерге мән беріп жатқан ешбір облыс жоқ», — дейді бұл ретте Әбдеш Төлеубаев. Аймақ басшысы Даниал Ахметов осындай қазба жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте облыс әкімі еліміздің тарихын әйгілейтін һәм айшықтайтын обалар мен қорымдарды көпшіліктің тамашалайтын орынға айналдыру керектігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де ширата түсу қажеттігіне басымдық берді.

Даниал Ахметовтің Зайсан ауданындағы жұмыс сапары  Қаратал ауылындағы биыл жөндеу көрген орта мектепті аралаумен жалғасын тапты. Әлбетте, еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, оларға барлық жағдай жасау бүгінгі күннің басты талабы. Иә, биыл білім беру бағытында жаңа бастама бар. Шығыс Қазақстан облысы алғаш болып орта оқу орындарын қолдауды мақсат тұтқан «Туған мектеп» бағдарламасын жүзеге асырмақшы. «Туған жер» жобасының жаңа бағытын облыс әкімі Даниал Ахметов аудандағы іссапары барысында қолға алуды тапсырды.

Қаратал орта мектебінің оқушылары биылғы оқу жылын аса қызығушылықпен күтті. Өйткені білім ошақтарында заманауи құралдармен жабдықталған география, тарих кабинеттері жасақталып,  шеберханалар жаңартылды. Мектептің қазіргі кейпі  —  түлектердің еңбегі. Олар «Түлеп ұшқан білім ошағына көмектесу» борышымыз деп санайды. Облыс әкімі Даниал Ахметов,  бұл тәжірибені өзге де аудандарда қолдану керек екенін атап өтті.

— Жуық арада үш кезеңнен тұратын бағдарламаны жасап, мектептерге   керекті жабдықтар тізімін анықтау керек. Кейін мектеп түлектерімен хабарласып, патриоттық акцияға қатысуға шақыруға болады, — дейді осы орайда Даниал Кенжетайұлы.

Мектепті аралаған соң, аймақ басшысы ауылдық ауруханаға барды. Ем — шара бөлмелерімен танысып, облыс әкімі жетіспейтін медициналық құрал-жабдықтардың санын анықтау жағын ескертті. Бұл күнде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Кондюрина көшесінде 60 пәтерлі екі көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2018 жылда аяқталуы тиіс жұмыстардың қарқыны мен сапасы өңір басшысының көңілінен шықты. Аудан әкімі Темірбек Қасымжанов көп қабатты қос тұрғын үйді межелеген уақытта халыққа пайдалануға беру үшін барлық мүмкіндіктер пайдаланылып жатқанын жеткізді. Бұл ретте  облыс әкімі: «Жарайсыңдар. Ешқандай мәселе жоқ. Сіздер өзгелерге үлгі көрсетіп отырсыздар» деп қысқа қайырды. Зайсан ауданында инфрақұры-лымды дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы  сәтті жүзеге асуда. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалалық коллекторға қосу үшін кәріз жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Даниал Ахметов, шағын тракторларды құрастыратын зауытта да болды. Бұл жерде көршілес Қытай елінен құрал-саймандар сатып алынып, ауыл шаруашылығына қажетті техника құрастырылады. Кейін облыс шаруаларына тиімді бағамен сатылады. Жуық арада коммуналды қызметке арналған көпфункционалды шағын тракторлар да шығару жоспарланып отыр екен.

Зайсан ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік те дамыған. 87 орынға шақталған «Happy Babу» балабақшасын кәсіпкер Қайсар Жұманов ашты. Кәсіпкер 53 млн. теңге жұмсап, нысанды күрделі жөндеуден өткізді. Бүгінде бүлдіршіндерді тәрбилеуге барша жағдай жасалған. Сапар соңында облыс әкімі «СМУ-Шығыс» ЖШС-не на қарасты темір-бетон зауытына да аялдады. Өзінің Зайсан ауданына жасаған арнайы іссапарында облыс әкімі әр салада атқарылып жатқан игі істерге оң баға беріп, ауданның болашағы зор екеніне сенім білдірді.

Нұргүл ХАЛЫҚОВА, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС