Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АТЫҢ ШЫҚПАСА ЖЕР ӨРТЕ» НЕМЕСЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ СОЙЫЛЫН КІМ СОҒЫП ЖҮР?

15.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі Паровозная көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолын жөндеу мәселесі үш жылдан бері шешімін таппай келеді. Аталған көшеде орналасқан көзі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының ата-аналар комитетінің төрайымы Зүлфия Беркеева бұл мәселені 2013 жылдан бастап қозғап жүр. Бұған қатысты жазылған ресми хаттар тиісті мекемелерге жіберілгенімен, еш нәтиже жоқ. Бұл туралы 13 қыркүйек күні Абай атындағы кітапханада өткен қоғамдық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысында айтылды.

Қоғам өміріне бей-жай қарамайтын қала тұрғынының сөзінше, Паровозная мен Сеченов көшелері қиылысындағы тозығы жеткен жаяу жүргіншілер жолы көру қабілеттері бұзылған балаларға қиындық туғызып отыр. Ол жерде тіпті жылдамдықты тежеуге және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жол белгілері де орнатылмаған көрінеді.

— Бұл мәселе бойынша сан мәрте өтініш хаттар жібердім. Құзырлы органдар жаңа оқу жылында балалар асфальт төселген жолмен жүреді деп сендірген болатын. Жол белгілерін де орнатуға уәде берген еді. Ал көлік жүргізушілерінің басым көпшілігі жылдамдықты арттырып, бұл жермен көзі нашар көретін, зағип жандар өтетінін ескере бермейді, — дейдіЗүлфия Беркеева.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов өз кезегінде жоғарыда аталған көшені күрделі жөндеуден өткізуге байланысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатқанын айтады. Ал жылдамдықты тежеу белгілері алдағы екі аптаның ішінде орнатылатынын жеткізді.

Қоғамдық кеңесте қаралған келесі мәселе де қызу талқыға түсті. Семейлік Архат Қойшынов есімді тұрғынның қоғамдық кеңес атанын ҚР премьер – министрінің кеңсесіне және бірқатар министрдің жеке блогына жазған хаты қызу талқыланды. Өзін қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде таныстырып, хат жіберген тұрғынның ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ (ары қарай «ШҚ ӨЭК» АҚ) арасындағы өзара дау-дамайды арқау етіп жазған хаты кеңес мүшелерінің наразылығын тудырды.

Қазіргі таңда облыста «ШҚ ӨЭК» АҚ мен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті арасында бір келіспеушілік бар. Нақтылай түссек, электр жарығына берешегі бар тұрғындарды электр жүйесінен ажыратуға ШҚ ӨЭК-ның құқығы бар. Бірақ келісімшарт бойынша тоқ көзінен ажыратылғанда электр жарығын қайта қосу бірінші ретте тегін болуы тиіс. Мысалы, 2013-2017 жылдар аралығында ақысыз түрде көрсетілетін қызмет үшін Өскемен және Семей қалаларының тұтынушыларынан барлығы 40 млн. теңге көлемінде қаржы жиналған екен. Осы ретте Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақыры бұл істі сотқа жіберді.

Ал хатқа келер болсақ, автор түрлі нормативтік-құқықтық актілерге, заңнамаларға, энергетика саласын реттеуші құжаттарға сүйене отырып, «ШҚ ӨЭК» АҚ пен аймақтағы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің ШҚО бойынша департаментінің позициясын көрсетіп жазған. Мәселен, оның сөзінше «Комитеттің ШҚ ӨЭК-ын сотқа беретіндей еш айғағы жоқ әрі бұл Заң талаптарына сәйкес келмейді» делінген хатта. Алайда мұндай ұстанымға қоғамдық кеңес мүшелері еш келіспейді. «ШҚО әкімдігінің бұйрығымен қабылданған коммуналдық қызметтерді ұсынудың ережелері бар»,- дейді олар. Заң аясында жасалған ереженің 16 пунктінің 4-ші бөлімінде электр жарығы қиылғаннан кейін ажыратылған жарықты қайта қосу үшін энергетиктер ақша алмауы керек.

— Қоғамдық кеңес атын жамылып, энергетикалық компанияның сойылын соғып министрлікке хат жолдаған АрхатҚойшынов есімді қала тұрғыны барша қоғамдық кеңестің абыройына нұқсан келтірді. Бір қызығы, қоғамдық кеңеске оның еш қатысы жоқ және қайда жұмыс істейтінінен де бейхабармыз. Хаттың кәсіби тұрғыда өте сауатты жазылғанына қарағанда, бұл энергетикалық компанияның адамы болуы мүмкін. Осы орайда біз үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын «қоғамдық кеңес мүшесін» қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін прокуратураға арыз жаздық. Ал екі тарап арасындағы іске келер болсақ, кеңес мүшелері қарапайым халық мүддесін қорғап жүрген комитетті бір кісідей қолдайды. Десек те, мәселені егжей-тегжейлі сараптамадан өткізетін сот мамандары қара қылды қақ жаратын әділ шешім шығарады деген сенімдеміз,- деп түйіндеді қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Жанна Жыбраева.

Кеңес отырысында психикалық ауытқушылығы бар балаларды мектепке дейінгі білім беру орындарына орналастыру, Семей қаласының дамуына елеулі үлес қосқан әскери инженер, топограф, құрылысшы Иван Андреевке мемориалдық тақта орнату сияқты мәселелер де қаралды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семейтаңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС