Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЛТАУ АЛА БОЛСА АУЫЗДАҒЫ КЕТЕДІ

15.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Редакциямызға қос бірдей арыз арқалап, қалаға қарасты Достық ауылдық округінен зейнеткер келді. Өзін Жұмағали Исағұлов деп таныстырған қария осы ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы екен. Ақсақалды алаңдататын негізгі жайттың бірі – мынау. Бүгінгі таңда Достық ауылдық округіндегі 258 адам зейнет жасындағылар. Солардың 158-і өз зейнетақыларын банк карточкалары арқылы алатын болса, қалған 98-не қалыптасқан дәстүр бойынша «Қазпочта» мекемесінің ауылдағы бөлім-шесінен қолдарына тиеді екен. Негізгі мәселе де осы «Қазпочта» бөлімшесінің зейнеткерлерге ыңғайсыз жерде орналасуына қатысты. Бұрын ауылдық әкімдік ғимаратының бір бөлмесін жалдап отырған «Қазпочта» енді «жылы орындарын» суытса керек. Бұған арызданушының көңілі мүлдем толмайды.

— Біз соңғы 20 жылдан артық уақыт зейнетақымызды ауылдық әкімдікте орналасқан пошта бөлімшесінен алып келдік. Бәрі дұрыс болатын. Ауыл қарияларына да ыңғайлы еді. Енді міне, бізге еш ескертпес-тен, ақылдаспастан 2015 жылдың мамыр айында сол бөлімшені ауылымыздағы бір дүкеннің екінші қабатына көшірді. Жас болсақ, бір сәрі, қартайған шағымызда ешбір жағдайы жасалмаған екінші қабатқа шығып–түсудің өзі біз үшін қиямет–қайым. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында еріксіз сол жерге баруға мәжбүрміз. Осы мәселеге байланысты ауыл әкіміне, қала әкімдігіне  арызданған едім. Қалаға жазған арызыма кәсіпкерлік бөлімінен мәселені оңтайлы етіп шешуді қарастырып жатырмыз деген жауап алсам, ауыл әкімінен ешбір дыбыс та жоқ. Сөздің шыны керек, ауылдық округ әкімінің бұл әрекетіне таңғалып отырмын. Жауап бермегені көзіне ілмегені ме, түсінбедім. Бір ауылдамыз ғой, жолығып та айт-тым. Бітпейтін сырғытпа, шығарып салма жауап естимін. Екінші арызым, бәйбішеміз екеумізге 1998 жылы сол кездегі Семей қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет 32 гектар жерге ие екенімізді растайтын куәлік берген. Яғни біздің отбасымызға тиесілі осындай көлемде жер бар деген сөз. Міне, осы жерді даулап, сұрасам да мардымды жауап ала алар емеспін, — дейді арыз-данушы ақсақал.

Айтылған арыз бойынша тиісті орындарға хабарластық. Қарсы тараптың айтар өз уәждері бар. Мәселен, ауылдағы «Қазпочта» бөлімшесінің көшірілгеніне байла-нысты ауыл әкімі  мен Семейдегі      пошта мекемесі басшыларының жауаптары бір жерден шықты.

— Рас, ауыл зейнеткерлері ұзақ уақыт бойы ауылдық округ әкімдігі ғимаратында орналасқан пошта бөлімшесінен өз зейнетақыларын алып келді. Бұл жерде пош-та бөлімшесін екінші орынға көшіруімізде бәзбіреулердің сойылын соғу болмаса бас пайдасы көзделген жоқ. Түсінікті болу үшін ашып айтайын, әкімдік ғимараты 1986 жылы салынған. Ғимаратта әкімдік қызметкерлері, пошта, Қазақтелеком мекемелерінен бөлек, клуб орналасқан. Дегенмен, ғимарат салынғалы бірде-бір мәрте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Салдарынан оның ішіндегі жылу жүйесі, шатыры толықтай ескірді. Ол жылдағыдай жамап–жасқауды көтермейді, жөндеу керек. Ғимарат қыс мезгілінде өте суық. Сол себептен «Қазпочта» мекемесі өз бөлімшелерін өздеріне ыңғайлы жылы, жарық жерге көшірді. Оларды біздің әкімдікте күштеп ұстап отыруға құқымыз жүрмейді. Әрине, айтып көрдік, ақылдастық. Бірақ олар өздеріне тиімді нұсқаны таңдады. Ал әкімдік ғимаратының шатырын ауыстыру үшін 2,5 млн., жылу жүйесі үшін 5,5 млн. теңге қажет. Біз тиісті сметалық құжаттамасын әзірлеп, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына өткіздік. Енді жауабын күтіп отырмыз. Әлбетте, қариялардың екінші қабатқа көтерілуі қиындық тудырады. Осы мәселе бойынша, пошта орналасқан дүкен иесімен сөйлесіп, мәселені шешуге көмектесуін сұрадық. Жеке кәсіпкер өз дүкені жанынан қосымша нысан салып, поштаны сонда көшіруді жоспарлаған болатын. Алайда, әзірге оған мүмкіндігі болмай тұрғанға ұқсайды. Дегенмен, бізде пошта арқылы зейнетақысын алатын 98 қарияға қолдан келген көмекті жасап отырмыз. Зейнетақы 3 күннің ішінде қолдарына тиеді. Өздері келе алмайтындары болса, үйлеріне дейін апарып береміз. 1-ші кезекте жасы 80-нен асқан қарияларымызды ескереміз, — дейді Достық ауылдық округінің әкімі Нұркен Жарлыкенов.

Ақсақалдың арызда көрсеткен екінші мәселесі бойынша Семей қалалық жер қатынастары бөлімі жерге орналастыру және жер қатынастарының ауылдық округтер бойынша секторының меңгерушісі Дамир Рахимжановқа хабарласып, істің анық –қанығына көз жеткіздік.

— Үкіметтің 90-шы жылдардың соңына қарай азаматтарға пай есебінде жер бөліп бергені рас. Бірақ бұл сол адамға түбегейлі берілді дегенді білдірмейді. Барлық жер мемлекетке ғана тиесілі. Алайда 2003 жылы маусым айының 20 –сы күні жаңадан шыққан ҚР Жер Кодексіне сәйкес, еншісінде пайлары бар әрбір азамат сол жерді 2005 жылдың 1 –ші қаңтарына дейін не өз атына болмаса белгілі бір шаруашылықтың атына рәсімдеуі тиіс болатын. Егер олай жасалмаған жағдайда 1998 жылы берілген жер үлесіне құқы жөніндегі куәліктің күші толықтай жойылады. Егер ақсақал осы белгіленген ережені орындамаған болса, онда атында ешқандай жер жоқ деген сөз. Барлығы заң аясында бекітілген, -дейді сектор меңгерушісі.

Міне, айтылған арызға берілген ресми жауаптар осындай. Бірақ қария мұнымен ғана тоқтамай, жазған екі арызына да жазбаша жауап күтетінін айтып еді кездесуде. Сонда бұл қалай, бір ауылда отырып, үлкенімен кішісі ортақ тіл табыса алмағаны ма деген заңды сұрақ туындайды. Не десек те, аты «Достық» аталса да затына сай болмай тұрған ауылдық округтегі ауызбіршілік ерте ме кеш пе орнағаны дұрыс сияқты. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

04.05.2026
PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

Астана вновь окажется в центре внимания мирового киберспорта. В городе пройдет международный турнир PGL Astana 2026. В этом состязании по...

Читать далее ...

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

04.05.2026
Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

В Алматы под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта. В своем выступлении Глава государства...

Читать далее ...

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

04.05.2026
Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

Состоялся семинар, посвященный вопросам эффективного использования водных ресурсов и обеспечения водной безопасности. В мероприятии приняли участие специалисты отрасли, представители государственных...

Читать далее ...

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

03.05.2026
Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства к реализации Указа Главы государства...

Читать далее ...

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

03.05.2026
Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 мая 2026 года на территории Государственного национального природного парка «Жоңғар-Алатау», вблизи села Тополевка Сарканского района области Жетісу, на высоком...

Читать далее ...

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

01.05.2026
В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

1 мая – День единства народа Казахстана широко отмечается в области Абай. Сегодня на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города...

Читать далее ...

Новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

20 часов назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

21 час назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

21 час назад

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

2 дня назад

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 дня назад

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

4 дня назад

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

4 дня назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

4 дня назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

4 дня назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС