Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

18.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтып өткен мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі көпшілік арасында талқыға түсуде.  Жұма, 15 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізуді жалпыхалықтық қолдаудың бірыңғай республикалық күнін атап өтті. Осыған орай еліміздегі барлық Достық үйлерінде бір мезетте Ассамблея кеңесінің отырыстары, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Семейдің де зиялы қауым өкілдері, оқу орындардың оқытушылары мен студенттері бас қосты. Отырыста жалпыұлттық талқылау шеңберінде мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі сөз болды.

Қаладағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде сөз алған спикерлер мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын бүкілхалықтық талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Республикада латын әліпбиіне көшу жұмыстары, негізі, 2006 жылы басталған екен. Сол жылдан бері Үкімет мүшелері, депутаттар мен ғалымдардан құралған ұлттық комиссия әліпбидің жүз бағыттағы жобаларын әзірлеген. Тек оның маңызды деп танылғандары ғана Парламентке ұсынылды. Қалай дегенмен латын қарпіне көшу мәселесі, ең алдымен, елдің әр аймағында талқылануы тиіс. Оны Мемлекет басшысы да айтып өткен болатын. Осыған орай бір ай көлемінде республикада жалпыұлттық талдау-талқылау жұмыстары жүргізілмек.

Басқосуда алғашқы болып сөз тізгіндеген Достық үйінің директоры Берік Көпбаевтың айтуынша, латын әліпбиіне ауысу ресми тілге еш әсері болмайды. Әліпби жобалары пісіп-жетіліп, бүкілхалықтық талқылаудан өткеннен кейін ғана 2022 — 2025 жылдар аралығында мектептерге енгізіле бастайды.

Латын әрпіне көшудің ұтымды тұстары талқыланған жиында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс, Солтүстік өңірлері бойынша вице-президенті Орал Шәріпбаев латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын тілге тиек етті.

— Біз «Мәңгілік ел» идеясын ұстанған халықпыз. Бұл идеяны жүзеге асырып, өркениетті елдер қатарына латын қарпіне көшу арқылы да бір табан жақындай түсеміз. Латын қарпіне көшуге байланысты қоғам арасында үрей бар. Сол қорқыныштан қайтсек те арылуымыз қажет. Латынға көшу арқылы қазақ тілінің табиғи, таза қалпын сақтай аламыз. Жаңа жаңғыруға қоғам да, заман да дайын. Сондықтан кері тартпауымыз керек. Әйтпесе біздің жастар заман ағымынан қалып қоюы ықтимал. Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы бірыңғай стандарты жарқын болашақ кепілінің кілті екенін уақыттың өзі дәлелдеп береді, — деді Орал Шәріпбаев.

Жалпы, алты құрлықтағы өркениеті дамыған мемлекеттер латын таңбаларын ертеден пайдаланады. Төрткүл дүниенің жүзден астам елінде латын әліпбиі қолданылады екен. Алысқа бармай-ақ, бауырлас Түркия елін алып қарасақ, тілі мен діні бір туысқан ел латын әліпбиіне 1929 жылы көшкен. Ал Әзірбайжан 1992 жылы, Өзбекстан 1993 жылы латынша жаза бастады. Қазақстан жиырмасыншы ғасырда үш мәрте әліпби ауыстырыпты. Орта ғасырлардан бастап 1929 жылға дейін араб графикасын, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасын қолданған, 1940 жылдан бүгінгі күнге шейін кирилл әліпбиі арқылы жазып-сызып жүрміз.

Келесі кезекте сөз алған «Аналар кеңесінің» төрайымы Нағима Мойынбаева латын әліпбиіне ауысу – маңызды қадам екенін айтады.

— Бұл модернизация болашаққа бастар жол. Біз Кеңес дәуірінде тәрбие көрдік. Бірақ ана тілімізді естен шығарған емеспіз. Жаңа заманның жастары әлемнің бес тілін жатқа біледі. Мұнымен тоқтап қалмай, латын тілін меңгеріп, заман көшіне ілесіп отыруымыз керек. Латын әрпіне көшу – игі бастама. Тарих беттерінде жазылған ақын-жазушылардың еңбектері ұмытылып қалады деген қорқынышты сейілтуіміз қажет. Нақты қадам жасауға ұлт болып талпынуға тиіспіз, — деді Нағима Мойынбаева.

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Нұршат Мусина латын графикасына бірден көшу оңай болмасын ескере отырып, алдымен бұл ретте мұғалімдерді оқыту керек дегенді алға тартты. «Нені оқыту керек? Кімді оқыту керек? Қалай оқыту керек? дегенде, «оқытатын кім» деген мәселеге жіті көңіл бөлу керек»,- деді ол.

Иә, Қазақ елі латын графикасына көшу мәселесін егжей-тегжейлі талқылауға кірісіп кетті. Бүкілхалықтық талқылауларда латын әліпбиіне көшуге қатысты түрлі ой-пікірлер, ұсыныстар айтылатыны заңдылық. Жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшуді ортақ міндет санайды. Өйткені бұл – уақыт талабы. Ең біріншіден, ол үштілділікті қалыптастыруды жеңілдете түспек. Екіншіден, латын графикасы цифрлық техникаларды енгізуге жол ашады. Осылайша еліміз озық технологиясы бар көшбасшы мемлекеттермен терезесі теңеседі. Үшіншіден, халықаралық тілге көшу бүгінде әлемдік үрдіске айналып отыр.

25 таңбадан тұратын жаңа әліпбидің нұсқасы дөңгелек үстелге қатысушылар назарына ұсынылды. Барлығы бірауыздан қолдаған әліпбиге бүгінгі заман жастары тұрмақ, жасы үлкен аға буын өкілдерінің де көзі үйреніп кеткені белгілі. Ал жазу дағдысын қалыптастыруды алдағы күннің еншісіне қалдырайық.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС