Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗЕЙНЕТІҢЕ ҚОР ЖИНА, ҚОР ЖИНАСАҢ МОЛ ЖИНА!

26.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Адам баласы жоспарсыз өмір сүре алмайды ғой. Күнделікті өмірде әр түрлі жағдайға байланысты жоспарлар құратынымыз рас. Мысалы, білім алуды, еңбек етуді, той жасауды, балалардың дүниеге келуін, еңбек демалысын, үй немесе көлік сатып алуды жоспарлаймыз. Әрине, олардың бірі жүзеге асса, бірі аспай жатады.

Ал зейнетақы туралы ойдан (ол қарттық шақты көз алдымызға елестетеді) бір түрлі аулақ болуға тырысамыз. Бірақ қанша жаста болсаңыз да бәрібір ойлау керек. Егер зейнет жасыңызда лайықты өмір сүруді, сапалы емделуді, жақсы демалуды жоспарлаған болсаңыз ойланбасқа болмайды.

«Азын-аулақ зейнетақымды қайда жұмсасам екен, коммуналдық төлемдерді төлейін бе әлде дәрі-дәрмек сатып алайын ба? Мүмкін балаларыма азық-түлік сатып алғаным дұрыс шығар?» — деп, тиын санап қалудан құтылуға болады ма?

Болашақта осындай дилеммаға тап болмас үшін, зейнетақы қорының мамандары зейнет жасыңыздағы өміріңіздің қалай болатынын 50 немесе 40 жаста емес, одан да ерте кезде ойлануға кеңес береді.

Ұрпақтар ынтымақтастығы бойынша қалыптасқан, мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны 1998 жылға дейін еңбек еткен жандар ғана ала алатынын ескере кеткен жөн.

Мұндай ортақ жүйе жұмыс істеп, салық төлейтін тұрғындардың саны зейнеткерлердің санынан кемінде 4 есе артық болған жағдайда ғана өз жемісін береді екен. Бірақ Қазақстанда мұндай ара-қатынас өткен ғасырдың 90-шы жылдары бұзылған.

Егер қазіргі таңда кез келген адамнан: «Бүгінгі зейнеткерлер үшін көп салық төлеуге дайынсың ба?» деп сұрасаң, «иә, дайынмын», — деп жауап беруі неғайбыл. Бұл түсінікті де. Өйткені ол неге өзі үшін емес, өзге үшін төлеуі керек? Мүмкін, бүгінгі зейнеткер жас кезінде жарытып жұмыс істемеген шығар. Ал бүгін басқа – кезінде жұмыс істеген зейнеткерлер секілді лайықты зейнетақы алғысы келеді. Бұл әділдікке жата ма? Жоқ!

Мінеки, осыдан барып зейнетақы Қорындағы жеке зейнетақы шотына өзіңнің зейнетақы жинақтарыңды жинау қажеттілігі туындайды.

Отандық зейнетақы жүйесінің жинақтаушы құрамдаушы міндетті және ерікті деп аталатын екі бөлімнен тұрады.

2017 жылдың басына қарай зейнетақы жүйесінің міндетті бөлігі (10% міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушілердің зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлері үшін өз қаражаты есебінен төлейтін 5%-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) зейнетақы жинақтарында 99,97 пайызды құрады. Ал ерікті зейнетақы жарналарын аударатындардың саны өкінішке қарай өте аз. Бұл салымшылардың бар-жоғы — 0,04 пайызын құрайды.

Егер медицинаның дамуы арқасында зейнеткерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы ұлғайып жатқанын ескерер болсақ, әрине кімнің де болса ауырмай-сырқамай, тоқшылықта ұзақ өмір сүргісі келетіні анық.

Қазіргі таңда көп адам Еуропа елдерінің зейнеткерлеріне қызыға қарайды. Өйткені олардың зейнет жасындағы өмірі лайықты қамтамасыз етілген. Олар қаржылық жағынан ешкімге тәуелді емес. Ал бұған, оларға мемлекет мол көлемде зейнетақы тағайындағаннан емес, зейнетақы қорына аударылған қаражаттың көлемді болғаны арқасында қол жеткізіп отыр. Оның үстіне батыс елдерінің зейнеткерлері өздерінің қарттық өмірін алдын ала ойластырады. Дамыған елдерде адамдар зейнетақылық жоспарын сонау студенттік кезеңнен бастап құрып, қарттық шаққа арнап өз еріктерімен саналы түрде қор жинай бастайды.

Мемлекет бұл мәселеде оларға көмектеседі. Қалайша? Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі жинақталған шақта, адамдарға зейнетақы жинақтарына қосымша ретінде мемлекеттен зейнетақы жәрдемақысы төленіп отырады.

Ал бізге не кедергі? Зейнет жасына қор жинауда ең үлкен кедергілердің бірі – ол біздің өзіміз. «Уақыт бар ғой, әлі-ақ үлгеремін», — деп жүргеніміз…

Ол аздай, қолбайлау болатын басқа да маңызды қажеттіліктер туындап жатады. Біресе тұрмыстық техниканы жаңалау керек болып қалады, біресе қарызды қайтару керек немесе көлік сатып алғың келеді. Осылайша қолда бар ақша жұмсала береді…

Тағы бір айта кететін жайт, осы біз неге жалақыны конвертпен алуға келісеміз? Кейде тіпті жұмыс істеуге ерінеміз немесе табыс алсақ та зейнетақы қорына жарна аударғымыз келмейді немесе аударуды ұмытамыз.

Қанша жерден мықты маман болсаңыз да, айына қанша табыс тапсаңыз да, ерте ме, кеш пе зейнет жасына шығып, белсенді жұмысты тоқтатқан шақта, зейнетақыға деп жинаған ақшаға немесе мемлекеттен төленетін базалық зейнетақыға ғана өмір сүруге тура келеді. Бірақ, оның да мөлшері жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей байланысты!

Халықаралық Еңбек Ұйымының стандарттарына сәйкес, зейнетақының мөлшері орташа жалақының 40 пайызынан кем болмауы тиіс. Бұл дегеніңіз, зейнет жасына шыққан азаматтың табысы орташа жалақыдан екі еседен артық азайып кетуі мүмкін. Егер зейнеткер орташа жалақының 40 пайызын алатын болса, әрине оған күнделікті шығындарын азайтуға, өзінің өмір сүру салтын өзгертуге тура келеді. Ал жақсы коэффициент дегеніміз, ол – жалақының 80 және одан жоғары пайызы…

Кімде-кім зейнет жасында лайықты өмір сүргісі келсе, 63 жасқа дейін қанша қаржы жинауы керектігін, жарналардың мөлшерін қаншалықты  ұлғайтып, олардың қаншалықты жиі аударылуы керектігін бүгіннен бастап білуі керек.

Ал бұл тұрғыда зейнетақы калькуляторының көмегі зор. Оны зейнетақы жүйесінің қатысушысы БЖЗҚ сайтынан көре алады.

Егер сізде қосымша табыс көзі бар болса, онда олардан зейнетақы қорына аударымдар жасап тұру қажет. Сол табыстарыңыздың ең болмаса 5 пайызын ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударуға тырысыңыз.

Зейнетақы капиталын жасау үшін оған соншалықты бір арнайы білім немесе ептілік қажет емес. Алыс жолдың кішкентай қадамнан басталатынындай, зейнетақы капиталыңыз да зейнет жасыңыздағы өміріңізге арнап жинаған алғашқы теңгеден басталады.

Зейнетақы жинақтарыңыздың сомасы жарналардың сомасына ғана емес, олардың зейнетақы қорына тұрақты түсіп тұруына да байланысты. Өкінішке қарай, зейнетақы жарналарын салымшылардың барлығы бірдей уақтылы аудара бермейді.

Статистикалық көрсеткіштерге көз жүгір-телік. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белсенді салымшылардың жалпы санының 20 пайызы жылына 1 жарнадан 3 жарнаға дейін, 29 пайызы – жылына 4 жарнадан 9 жарнаға дейін, ал 51 пайызы – жылына 10 және одан да көп жарна аударады.

2017 жылдың алғашқы жартысында белсенді салымшылардың 20 пайызы  — 1 жарнадан 2 жарнаға дейін, 38 пайызы – 3 жарнадан 5 жарнаға дейін, ал 42 пайызы – жарналарды ай сайын аударып тұрған.

Иә, лайықты соманы жинақтау үшін барлық табыс көзінен тұрақты түрде жарналар аударып тұру қажет.

Бұл ретте мемлекеттің өз жауапкершілігінен бас тартпайтынын айта кеткен жөн. Яғни, мемлекет зейнетақының базалық деңгейін (2018 жылдан бастап ол еңбек өтілі мен жинақтақаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай өсетін болады) және зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігін қамтамасыз етеді.

Тек есіңізде болсын, меншікті зейнетақы капиталыңыздың жиналуына тек өзіңіз ғана жауаптысыз!

Тимур РАЕВ.

Связанные новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

04.05.2026
PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

Астана вновь окажется в центре внимания мирового киберспорта. В городе пройдет международный турнир PGL Astana 2026. В этом состязании по...

Читать далее ...

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

04.05.2026
Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

В Алматы под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта. В своем выступлении Глава государства...

Читать далее ...

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

04.05.2026
Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

Состоялся семинар, посвященный вопросам эффективного использования водных ресурсов и обеспечения водной безопасности. В мероприятии приняли участие специалисты отрасли, представители государственных...

Читать далее ...

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

03.05.2026
Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства к реализации Указа Главы государства...

Читать далее ...

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

03.05.2026
Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 мая 2026 года на территории Государственного национального природного парка «Жоңғар-Алатау», вблизи села Тополевка Сарканского района области Жетісу, на высоком...

Читать далее ...

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

01.05.2026
В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

1 мая – День единства народа Казахстана широко отмечается в области Абай. Сегодня на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города...

Читать далее ...

Новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

21 час назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

22 часа назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

22 часа назад

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

2 дня назад

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 дня назад

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

4 дня назад

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

4 дня назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

4 дня назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

4 дня назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС