Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

29.09.2017
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семейде жылу беру маусымы ерте басталды.  Өткен жылғыдай емес, биылғы қоңыр күздің ызғары мен жауын-шашыны өзгеше. Тіпті, 23 қыркүйек күні қар ұшқындағанын биылғы қыстың қаһарын танытып тұрғандай. Синоптиктер де биыл қыстың қатты болатынын айтуда.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов 26 қыркүйек күні күннің суытуына байланысты облыстағы әлеуметтік маңызға ие барлық нысандарды жылуға қосу туралы тапсырма берді. Ал көпқабатты тұрғын үйлер кестеге сәйкес жүргізіліп жатқан қажетті дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін, яғни қазанның алғашқы күндерінде жылу жүйесімен қамтылатын болады. Көп ұзамай ыстық су да берілмек. Бұл туралы қала әкімдігінде Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев пен қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

— Бүгін, яғни 26 қыркүйек күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің жылу беру маусымын бастау жөніндегі қаулысы шықты. Әуелі, жылуға қаладағы ауруханалар, балалар бақшасы, білім беру мекемелері сынды барлық әлеуметтік нысандар қосылады. Көпқабатты тұрғын үйлерге келер болсақ, дайындық паспорты бар баспаналарға берілмек. Бүгінде «Теплокоммунэнерго» МКМ жылумен қамтып отырған 1069 көппәтерлі үйдің 900-нде дайындық паспорты бар. Қалған үйлер жылу маусымына дайындық шараларын тамамадап қалды, — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Бүгінгі күнде Семейде бір жылу электр орталығы, 16 жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. «Теплокоммунэнерго» мекемесінің орталық қоймасында 57 мың 532 тонна көмір бар. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы шеңберінде МЭН, Дорожник жылу қазандықтары қайта жаңғыртылып, 501, 410, 506, 14-ші шағын ауданының орталық жылу пункттері қалыпқа келтірілді, Красин көшесіндегі №87 үйге жылу желісі тартылды. Ал Зооветинститут 35 квартал жылу қазандықтарын қайта жаңғырту жобаларына түзетулер енгізілуде. Семейдің солтүстік бөлігінің 147 гектар аумағын қамтыған Қарағайлы мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерге жылу РК-3 жылу қазандығы арқылы беріледі. «LightHouseLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік компаниясы үш жарым шақырымды құрайтын жылу желілеріне монтаж жұмыстарын жасаған.  Бүгінгі күні қала бойынша дебиторлық қарыздың жалпы сомасы 255,3 млн.теңгені құрап отыр. Қараша халықтың берешегі 210,5 млн.теңге болса, заңды тұлғалардың қарызы 44,0 млн.теңге, мемлекеттік мекемелер 0,8 млн.теңге берешек.

«Теплокоммунэнерго» мекемесі үшін РК-1, №1 ЖЭО-ның қондырғыларының релелік қорғанысын модернизациялау мәселесі өзекті болып тұр. Бұл бағыттағы жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу мақсатында жылу мекемесі мен Павлодар қаласының «Павлодарэнергопроект» серіктестігі арасында келісімшартқа қол қойылды.

Айта кетейік, шаһардағы жылу қазандықтарын жөндеуден өткізуге осы жылы жергілікті бюджет есебінен 249 миллион, облыстық қазынадан 162 миллион теңге бөлінді. Бірінші қарашадан бастап жылу энергиясының тарифі 4,2 пайызға қымбаттауы бек мүмкін. Жылу бағасының өсуін мамандар әдеттегідей көмірдің, судың және электр қуатының қымбаттауымен байланыстыруда.

«Семей Водоканал» МКМ-нің нысандары бойынша 2016-2017 жылдарға арналған 3 жоба жүзеге асырылуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолға алынған жобаның жалпы құны 465,4 млн. теңгені құрады. Бүгінде оның 87,2 пайызы игерілді. Бұл туралы ақпарат берген «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандықов әр жоба жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып өтті.                                                                                                                                     – Үш жобаның бірі Қарағайлы шағын ауданында іске асуда. Мөлтек аудандағы су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу үшін 281,4 млн. теңге қаражат бөлінген. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстың 83 пайызы игеріліп үлгерді. Жалпы, бұл ауданға 5,152 шақырым су құбырлары желісі орнатылуы тиіс. Қазір 4,339 шақырым құбыр жүйесі тартылды, 27 су құдықтары орнатылған. «Бант» ЖШС-нің мердігерлік етуімен сорғы стансалары құрылды. Жоспар бойынша мұндағы жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында тамамдалады деп күтілуде, — дейді «Семей Водоканал» МКМ директоры Еркін Сағандықов.

Жүзеге асырылуы тиіс екінші жоба аясындағы жұмыстар да дәл осы ауданда жүргізілуде. Шағын ауданға кәріз жүйелерін құру мақсатында қазынадан 63,5 млн.теңге бөлініпті. Құрылыс жұмыстарын «Бант» серіктестігі 100 пайызға орындап, қарастырылған қаражаттың 62,7 млн.теңгесі игерілді. Келесі жоба Контрольный кентіне су құбырларын тартуға бағытталды. Ол үшін 120,5 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда мұндағы жұмыстың 90 пайызы орындалды.                                                                                             Халықты сумен қамту үшін 2017-2018 жылдарға Ұлттық қордан 2,453 млрд. теңге бөлініпті. «Семей Водоканал» МКМ-нің нысандары бойынша төрт жоба бекітілді. Мәселен, Ш.Уәлиханов көшесі мен Қосанов көшесінен бастап Аюченко көшесіне дейінгі су құбырлары жаңартылу үстінде. Сондай-ақ 20 жылдан бері Қайнар ауылының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жолында су құбырларын тарту, құдықтар орнату жұмыстары орындалуда. Өңірге қарасты Шүлбі кентінде су тарту жүйелері жаңартылып, Затон аумағында су бөгеттері мен желілерді қайта қалыпқа келтіру ісі жүріп жатыр. Дебиторлық қарыз мәселесіне келер болсақ, қазір қала тұрғындары мен мекемелердің жалпы берешегі 345 млн. жуықтаған. Борышкерлерге қатысты сотқа дейінгі жұмыстар жүргізіліп, уақытша су тарту және су беру қызметтерін тоқтату жөнінде техникалық шаралар қолданылуда. Айта кету керек, тұрғындардың су жүйесіне қарыздары бойынша 1035 іс сотқа жіберілді.

— Семейде судың тарифі 1 шаршы метрге 47 теңге. Бұл облыс орталығымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. «Семей Водоканал» МКМ-нің жұмысы тұрақты. Қала шетіндегі шағын кенттер таза ауыз сумен қамтылды. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда халықтың берешегі де біршама азайды. Қалада 360 су құдығы бар. Алайда, бұл су құдықтарының санын азайтып, мейлінше есептегіш құрылғыларын орнатқан абзал, — деп атап өтті Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев.

«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» дейді қазақ нақылы. Қаһарлы қысқа дайындық жайы пысықталған жиында көңілге қонымды есептер тыңдалды. Бұл күндері әлеуметтік нысандарға жылу беріп үлгерген «Теплокоммунэнерго» мекемесіне семейліктер қыстан қысылмай шығамыз деп үмітін артып отыр.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС