Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСКЕ ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗІЛМЕК

03.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстанда жыл соңына дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілуі тиіс. Келесі жылдың қаңтар айынан бастап түзетілген жаңа Заң күшіне енетін болады. Бұл — Ұлт Көшбасшысының Парламентке жүктеген міндеті. Осы ретте өткен аптада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Василий Олейник, Асылбек Смағұлов, Нұрлан Дулатбековтер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жай-жапсарын түсіндіру және талқылау мақсатында Семей шаһарына арнайы келді. Осыған орай қала әкімдігінде құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті.

Халық қалаулысы Нұрлан Дулатбеков Заңның сапасына, Парламенттің алға қойған міндеттеріне кеңінен тоқталды. Оның сөзінше, Кодекске толықтырулар мен өзгерістер енгізу кезінде ауыл-аймақтардағы қоғам өкілдерінің де ұсыныс-пікірлерін ескерген жөн. Себебі заңның сапасы мен өміршеңдігі заң шығарушы органдарға ғана емес, бүкіл қоғамға байланысты екенін ескеру қажет.

— Сапасы жоғары заң қабылдау – баршамызға жүктелген міндет. Қабылданған заң ең әуелі халыққа қызмет етіп, қоғам мүддесіне, қандай да бір мәселенің түйінін шешуге бағытталуы тиіс. Әлеуметтік — қоғамдық сипатқа ие заң ғана сапалы бола алады. Ал әлеуметті алаңдатқан мәселелерді шешетін сапалы заң мемлекеттің мерейін асырып, қарапайым халықтың жайлы өмір сүруіне ықпал етеді, — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Парламенттің төменгі палатасындағы заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мүшелерімен өткен кездесу барысында қалалық және әкімшілік соттардың төрағалары, қала прокуроры, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, әділет басқармасының басшысы ұсыныстарын білдірді. Ал қала прокуроры Марат Турубаев қолданыстағы Кодекстің кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім алуына жағдай жасауда өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға немесе басқа заңды өкілдеріне айыппұл салу жөніндегі 127-ші бабын қайта қарау керектігін алға тартты. Қала прокурорының пікірінше, құқық бұзғандардың барлығының бірдей салынған айыппұлды өтеуге қалтасы көтере бермейді екен. Семей қаласы әділет басқармасының басшысы Жанболат Самашев та жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңға толықтырулар енгізу жөніндегі пікірін ортаға салды. Қазіргі қолданыстағы Заңда құқық бұзғандарға жаза ретінде айыппұл төлеу шарасын қолдану ғана көзделген екен. Алдағы уақытта бұл Заңға азаматтарға бірден айыппұл салмай, ең бірінші ескерту шарасын қолдану туралы түзету енгізу қажет деп санайды ол. Басқарма басшысы бұл жеке тұлғалардың, жауапкершілікке тартылған азаматтардың тілегі екенін атап өтті.

Сондай-ақ жиында ұсақ құқық бұзушылықтарға қарсы қолданылатын айыппұл көлемі Кодекстің 434-ші бабында 10 АЕК деп көрсетілгендігі айтылды. Қоғамдық орында темекі шегу, шемішке шағу, қоқыс лақтыру сынды ұсақ құқық бұзушылықтарды жасайтындар көбінесе жастар, студенттер болғандықтан, айыппұл көлемін 5 АЕК-ке дейінгі мөлшермен белгілеу, сонымен бірге «Медиация туралы» Заңның аясын кеңейту сияқты пікірлер айтылды.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Василий Олейниктің сөзіне сенсек, бүгінде Кодекске түзету енгізуге байланысты 2 мың ұсыныс түсіп үлгерген, оның 500-ден астамы өңделді. Семей өңірінде болған бір топ депутаттар Өскемен, Риддер қалалары мен Шемонайха, Ұлан, Глубокое аудандарындағы қоғам өкілдерімен, құқық қорғау саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізбек ниетте.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

3 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

6 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

7 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

7 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС