Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ САҒАТЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

14.02.2014
FacebookWhatsappTelegram

Таяуда Семейдегі орталық кітапханадағы  баспасөз орталығында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қалиас Жұмабай, білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Фесенко, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Сәния Жақсылықованың қатысуымен     Елбасы Жолдауы аясында атқарылған және ағымдағы жылы жүзеге асырылатын шаралар жоспарымен таныстыру барысында баспасөз мәслихаты өтті.

Алдымен сөз алған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі   басшысының орынбасары Қ.Жұмабай бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау мәселесіне баса көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Елбасы биылғы халыққа Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеу- меттік тұрғыдан белсендетуге көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз» деп көрсеткен болатын. Бұл мақсатта әсіресе кәсіпкерлер зор қолдау танытып, барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы бағыттағы жұмыстарды қолға алуда. Мемлекет басшысы сондай-ақ, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға қатысу міндеттілігі туралы ереже енгізу керектігін де тілге тиек еткен болатын. Бұл бағытта Семейде де өткен жылы ауқымды шаралар атқарылған :

 

{jcomments on}- Облысымызда 57 мыңның үстінде мүмкіндігі шектеулі жан болса, қаламызда олардың саны 12827 адам. Жеке мүгедектік картасы бар, еңбекке жарамды 3-ші топ мүгедектерін жұмыспен қамту ісімен айналысудамыз. 2-ші топ мүгедектерінен бастап, жұмыс істеуге жарамды адамдар өтініштерімен бізге келулеріне болады. Біз ол адамның еңбекке қаншалықты қабілетті екендігін  сараптаймыз. Оларды жұмыспен қамту барысында, еңбек ету саласын таңдағанда көзқарастарын ескереміз.   Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 80 адам өтінішпен келген болатын. Бірқатары қайта оқыту курстарынан өтіп, шаштараз, тырнақ жөндеуші сынды мамандықтарды меңгерді. 26-сы тұрақты істейтін жұмыспен қамтылды,- деп атап өтті бөлім басшысының орынбасары.  Қалиас Жұмабайдың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың көпшілігі өз беттерімен жұмысқа орналасқылары келетін көрінеді. Егер Жұмыспен қамту бөлімі арқылы орналассақ, зейнетақы қорына қаржы құйылып, мүгедектік жеңілдік алып отырған құқымыздан айырылып қаламыз деп қауіптенеді . Сонымен қатар, Қ.Жұмабай құлағы мүкіс және зағип жандар мәселесі күрделі екенін жеткізді. Қаламызда 700 құлағы мүкіс, 800 зағип жан бар. Олар жұмыспен қамтылу үшін осы орталыққа жүгінеді, бірақ, Қ.Жұмабайдың айтуынша, бұл тарапта қиындықтар туындайды, себебі, жұмыс берушілерге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайды жасаңдар деп айта алмайтын көрінеді.

 

Өткен жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 23 млн.475 мың теңге бөлініп, 325 адам, оның ішінде 13 мүмкіндігі шектеулі жан қайта оқыту курстарынан өткен. Ағымдағы жылы бұл үрдіс жалғасын таппақ. Сала мамандарының айтуынша, биыл 25 млн.180 мың теңге бөлінген, өтініш білдірген азаматтар жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күнге 13 адам жұмыс істеуге ниетті ретінде тіркелген екен.

Баспасөз мәслихатында келесі көтерілген   сауал білім саласы төңірегінде болды. Елбасы Жолдауында «Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектептерді екі ауысыммен оқытуға көшіру керек» деген болатын. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы жайында білім бөлімі басшысының орынбасары Н.Фесенко:

-Қаламызда 3 ауысыммен оқитын мектептер маңында халық көп қоныстанған (Волгоград көшесі, Юность ықшамауданы) жақта болып отыр. Сонымен қатар, өз мөлтекауданында оқымайтын оқушылар да бар. Биылғы оқу жылында мұндай 50 оқушы өз ықшамаудандарында оқуларына мүмкіндік алды. Жалпы, бүгінгі таңда қаламызда 3 ауысыммен оқитын мектептер бар. Бұл мәселені шешу үшін қаланың Бас жоспарында жаңадан білім ордаларын салу қарастырылған. Юность ықшамауданында 1200 орындық, Степной кентінде  300, Бобровка кентінде 600 орындық  мектептер салу жоспарланып отыр. Мектеп құрылыстарының жобаларын құжаттандыру ісі қарастырылуда. Бұл білім ордалары салынар болса 3 ауысым мәселесі толықтай шешіледі, — дей келе, келер оқу жылында оқушылар тек өздері тұратын мөлтекауданы бойынша, яғни, тұрғылықты мекен-жай-ларына жақын орналасқан мектептерге ғана қабылданатындығын да айтып өтті.

Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамту жайы да сөз болды. Өткен жылы 10297 балдырған кезекте тұрса, 2014 жылы бөбектер саны 11 мыңнан асқан. Н.Фесенконың айтуынша, бұл тұрақты көрсеткіш емес. Күн санап туу көрсеткіші көбейген сайын балабақшаға сұраныс көлемі де арта түседі. Бұл тұрғыда алдағы уақытта іргелі жоспарлар мол.

-«Балапан» бағдарламасына сәйкес, Салқынбастау кентінде балабақша салу мәселесі қарастырылып, құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар,  қаладағы Жангелдин көшесі, Цементшілер, Энергетик кенті, Восход сынды аудандарда бес бірдей балабақша салу үшін жер бөлу мәселесі қаралуда. 2015-2016 жылдары бұл нысандардың құрылысы басталады деп күтілуде,- деді. Сондай-ақ, қазіргі таңда 51 шағын орталық пен бірқатар балабақшалардың жұмыс жасап жатқандықтарын да тілге тиек етті.

Жиын барысында мектеп өміріне қатысты ыстық тамақ мәселесі де қозғалды.

-Тұрмыстық жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету қолға алынған. Қаламызда 5429 оқушы бар. 2014 жылы 143 млн. теңге бөлінген, әр балаға күніне 150 теңгеден. Ыстық тамақпен бірге міндетті түрде бал мен сүт те беріледі. Сондай-ақ, биылғы жылдан бастап бал мөлшері артты, 1-4 сынып-тарға 10 грамм, 5-11 сыныптарға-20 гр, аптасына 2 рет 200 гр. сүт беріледі,- деді білім бөлімі басшысының орынбасары.

Білім беру саласындағы тың жаңалық – алдағы қыркүйекте қысқарып қалған қазақ тілінің 1 сағаты қайтарылатын болды.

-Өздеріңіз білетіндей, оқу жылының басында білім министрінің қаулысымен мектептердегі қазақ тілінің 1 сағаты қысқарған болатын. 2014 жылы министрліктің жаңа қаулысы күшіне еніп, 11 қаңтардан бастап, орыс мектептеріндегі 3-11 сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің сағаты бұ-рынғы қалпына келді,- деді білім бөлімі басшысының орынбасары.

Жиын соңында сөз алған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Сәния Жақсылыққызы биылғы жылғы мәдениет саласындағы атқарылар  шаралар ретімен таныстырып өтті. БАҚ өкілдері бөлім басшылары орынбасарларына сауалдар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

“Семей таңы”

Связанные новости

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

09.06.2026
Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

В области Абай продолжается работа по обеспечению безопасности жителей в период летнего сезона отдыха. Об этом на площадке Региональной службы...

Читать далее ...

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

09.06.2026
Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

С момента запуска института банкротства физических лиц в Казахстане жители области Абай подали свыше 12,5 тысячи заявлений на внесудебное банкротство....

Читать далее ...

Новости

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

8 часов назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

9 часов назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

9 часов назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

2 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

2 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

2 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

3 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

3 дня назад

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

3 дня назад

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» на побережье озера Алаколь состоялся экологический форум «EcoQadam».

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС