Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

05.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

3 қазан күні Семей қаласы әкімдігінде Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың жетекшілік етуімен өткен кеңес отырысында екі мәселе қаралды: Орыс православ шіркеуінің атқарып жатқан тәрбие жұмыстары және бұқаралық ақпарат құралдарындағы діни ахуалдың көрінісі.

Семей қаласының «Воскресенский собор» шіркеуінің басшысы Федор Проскурин Орыс православ шіркеуі тарапынан атқарылып жатқан жастарға тәрбие беру жұмыстарына тоқталды. Семейде төрт православ шіркеуі бар болса, соның ішінде «Воскресенский собор» шіркеуі жанында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. 1993 жылы ашылған мектепте бүгінде алтыдан он бес жасқа дейінгі 90 бала діни білім алуда. Оқу аптасына бір рет, яғни жексенбі күні ғана жүргізіледі. Балаларға діни дәрісті педагогикалық білімі бар білікті мамандар береді.

Кеңес мүшелері талқысынан өтіп, отырыста қызу қаралған келесі мәселе діни тақырыптағы мақалалардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы болды. Бұған қатысты баяндама жасап, БАҚ-тың қоғамдағы маңызының жоғары екенін атап өткен «Ислам нұры» газетінің бас редакторы Дәулет Тлеубердиев: «Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі адамдардың түсінігіне, әлеуметтік-психологиялық құндылықтарға, демократиялық және нарықтық қатынастарға негізделген, азаматтық қоғамның талаптарына сай келетін қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр. Бүгінгі таңда отандық журналистика саласында діни бағытты ұстанатын көптеген газеттер, басылымдар бар. Десек те халықтың діни сауатын көтеру бағытындағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отырған жоқ. Себебі осы тақырыпқа қалам тартатын журналистер, дінтанушылар және дін қызметкерлері көп жағдайда діни мақалаларды жазуға машықтанбаған,- деген ол БАҚ беттерінде Қазақстанның зайырлы мемлекет екені көбірек айтылуы керектігін алға тартты. Дәулет Рамазанұлының сөзінше, діни қатынасты реттейтін заңнамалар көбірек насихатталуы керек. Өкінішке орай, бұл мәселеде әлі де кемшін тұстарымыз бар.

— Ислам құндылықтары – БАҚ біртіндеп көңіл бөле бастаған тақырыптардың бірі. Алайда насихатталатын ислам құндылықтарының аясы мен мазмұны біршама тар. Біз дәрет алу, намаз оқу сынды мәселелерді ғана қозғаймыз да, исламдағы әдеп, имандылық, ислам тәрбиесі сынды негізгі мәселелерді назардан тыс қалдырып жатамыз. Ұлттық тәрбиемен тонның ішкі бауындай астасып жатқан бұл мәселелерді БАҚ өкілдері тереңірек ұғынып, кеңінен дәріптеуі қажет,- деп пікір білдірді Дәулет Рамазанұлы.

Дінтанушы ғалымдардың пікірінше, басқа діннің жетегінде кетіп жатқандардың дені діни түсінігі төмен адамдар мен жастар. Осы ретте Дәулет Тлеубердиев БАҚ-та дәстүрлі емес дінді ұстанған бірлестіктер мен діни ағым өкілдерінің өз қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тетіктері, жастардың өзге діни ұйымдарға кіруінің нақты себебі толық ашылып көрсетілмейтінін, осы бағытта тындырымды жұмыс атқару қажеттігін ерекше атап өтті.

— «Сенің Отаның, ұлтың жоқ, Отанды қорғауға хақың жоқ» деп жастар арасында ашық үгіт-насихат жүргізіп отырған діни ұйымдар бар. Оларға қарсы ешқандай амал-әрекеттер жасауға қауқарымыз жоқ. Себебі олар республикада заңды түрде тіркелген. Сондықтан ұлттық салт-дәстүріміздің дінмен сабақтастығы, ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктері жиі насихатталуы керек. Жастардың 55 пайызы діни ақпаратты интернеттен, 12 пайызы БАҚ-тан және 22 пайызы мешіттен алады. Қазақ тілді діни сайттардағы мақалаларға ерекше көңіл аударуымыз қажет. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда орыс тілінде 32 мың, ағылшын тілінде 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттардың саны 4 мыңға жетпеген. Оның тек 10 сайты ғана белсенді түрде жұмыс істейді. Журналистер қауымы ақпарат жариялауда ең алдымен ұрандатушылық емес, ақпараттың нақтылығына көңіл қойса игі. Сонымен бірге берілетін ақпараттың бұқараға жеңіл әрі түсінікті болуы шарт. БАҚ пен діни бірлестіктер және осы саладағы мүдделі барлық мемлекеттік органдар арасында тығыз байланыс орнатылса,- деген ұсынысын білдірді Дәулет Рамазанұлы.

Сөздің шыны керек, қазіргі күні бұл бағыттағы журналистік зерттеу жүргізу, зерттелген тақырыпқа талдау жасау мәселесі ақсап тұр. Бұл ретте бәріне ортақ заңның бар екенін ұмытпау керек шығар. Көп жағдайда журналистің мақала жазуына дәстүрлі емес діни ағымдардың елімізде заңды түрде бірлестік болып тіркелуі көп кедергі болып тұрғанын жасырып қайтеміз.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

4 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

7 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 неделя назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

1 неделя назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

1 неделя назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 неделя назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС