Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14.02.2014
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын насихаттау жұмыстары қаламызда қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазақ елінің қуатты мемлекетке айналуына жол ашатын құнды құжаттың маңызы мен ондағы көрсетілген міндеттер жайлы пікір алмасып, ой бөлісу аса қажетті іс. Осындай мақсатпен қаламызға келген Мәжіліс депутаты Виктор Киянский Достық үйінде зиялы қауым өкілдерімен және этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен жүздесті.

 

Қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мен «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Түсіпхан Түсіпбековтың қатысуымен өткен жиында Виктор Киянский сөзін қазақша амандасып хал сұрасудан бастады. «Жаңа жылқы жылының басында келіп отырған соң барлығыңызды жаңа жылмен құттықтап, жаңа жыл елімізге құт-береке әкелуін тілеймін»,- деп жиылғандарға жылы лебізін білдіргеннен кейін кездесудің басты тақырыбына қарай ойысқан халық қалаулысы Президент жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» идеясы туралы өзінің азамат ретіндегі және заң шығарушы биліктің өкілі ретіндегі пікірін жеткізді.

Осындай ұлы идеяның төңірегінде барлық адамдарды, тұтас халықты, қазақ еліндегі түрлі  ұлт өкілдерін топтастыра білу нағыз көшбасшыға тән мінез қыры және сол идеяның қаншалықты мәнге ие екендігін түсініп, қауым болып жүзеге асуына ат салысу – жарқын келешекке ұмтылған, шын мәніндегі ұлы халықтың болмысына сай қасиет. Бұл тұрғыдан келгенде Нұрсұлтан Әбішұлының қай жағынан алсаң да мақтап — мадақтауға тұрарлықтай,  игілікті бастаманы қолдай білетін берекелі ұлттың, ұлы халықтың абройын әлемге танытып отырған көреген саясаткер, көшбасшы  екенін айтқым келеді. Бұдан былай да біз қалыптасқан мемлекеттің ұландары ретінде Елбасының өзінің жолдауында айтқан «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына бір адамдай атсалысқанымыз дұрыс. Ол үшін біз ең алдымен экономикамызды өркендетіп, кешегі өткен ата-бабаларымыздан мұраға қалған кең  байтақ жерімізді қастерлеп, қыз-ғыштай қорып, қорғауымыз қажет. Және сол жердің асты мен үстіндегі табиғи байлықтарымызды тиімді пайдалана білуіміз керек. Халық қалаулысының  кездесуге жинал-ғандардың алдында сөйлеген сөзінің жалпы бағыты осындай болды.

 

{jcomments on}Сөз арасында Виктор Киянский экономиканың өркендеуінде энер-гетиканың аса маңызды рөл атқаратынын да тілге тиек етті.

 

«Сондықтан қазіргі таңда Елбасымыз айтқан баламалы қуат көздерін дамыту бастамасы үлкен мәнге ие болып тұр.  Бұл тұрғыда озық елдерден үлгі алуымыз керек. Мысалы, Стокгольм қаласына берілетін электр энергиясының 80 пайызы Баренц теңізінде орнатылған арнайы станцияларда өндіріледі. Біз осындай тың технологияларды меңгеріп, жетілдіріп, пайдамызға жаратуымыз керек.  Баламалы қуат көздерін дамыту тұрғысында Шығыс Қазақстанда қадамдар жасалып жатқанын байқауға болады. Прапорщиково ауылында жер асты суының жылуы арнайы құрылғылардың көмегімен арттырылып, елді мекендегі орта мектеп содан шыққан энергиямен жылытылып отыр. Кейін бұл технологияның да пайдаға асатынынына сенімім мол. Сондай-ақ, баламалы қуат көздерінің бір түрі – күн батареяларын жасайтын Өскемендегі «Қазақстан Соллар Силикон» кәсіпорынының жұмысы да қарқын алып келеді. Бір айта кетерлігі, бұл зауытта пайдаланылатын шикізаттың барлығы өзіміздің жерден алынады. Демек, күн батареялары өндірісінің тұтас циклы қалыптасқан. Өңірде жасалып жатқан бұл жұмыстар «Мәңгілік Ел» идеясының жүзеге асуына қосылған үлес деп айтуға болады»,- деді Виктор Киянский.

Сондай-ақ, халық қалаулысы жақында Елбасы көтерген мемлекетіміздің ресми атауын «Қазақ елі» деп өзгерту бастамасын толық қолдайтынын жеткізді. Өздеріңіз байқасаңыздар бүкіл халқымызға ортақ бұл ой Астана төріндегі «Қазақ елі» монументінен жан-жақты көрініс тапқан болатын. Демек, мемлекетімізді өзіміз де өзгелер де «Қазақ елі» деп атайтын кез жетті. Сондықтан, Елбасы көтерген бұл идеяны барлығымыз қолдап қана қоймай, өмірлік ұстаным етіп, жүзеге асуына ат салысуымыз керек»,- деді Мәжіліс депутаты.

Мемлекетіміздің дамуына әсер ететін маңызды фактор еліміздегі татулық пен бірліктің сақталуы. 130-дан астам ұлттың өкілдері тұратын біздің қоғамда бұл ұлтаралық татулық, ынтымақ пен бірлік, төзімділік ұғымдары үлкен мәнге ие. Осылай дей келе, Виктор Киянский, бұл тұрғыда Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын ерекше атап өтіп, осы іргелі ұйымның ел ішінде толеранттылық пен өзара сыйластық принциптерін насихаттап, мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолында қалтқысыз қызмет етіп келе жатқанын да айтып өтті. Ұлыс-қа ұйытқы болып отырған қазақ  халқы мен елімізде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдері басты байлығымыз саналатын осы береке-бірлігімізді сақтап, келешек ұрпақты отансүйгіштікке баулып, оларға лайықты тәрбие берсек, бұл да Елбасы жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына қосқан үлесіміз болады,-деді халық қалаулысы.

Сондай-ақ, кездесу барысында Мәжіліс депутаты жиналған қауымның сұрақтарына жауап берді. Олардың алғашқысы Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерді оңалту туралы заңға қатысты болды. Аталмыш құжатты жобалау кезінде олқылықтар орын алған көрінеді. Мәселен, бұл заңға сәйкес кейбір аса қауіпті аймақтарда тұрған халықтың бір тобы зиянды аз шеккен азаматтардың санатына еніп кеткен. Осындай қателіктерді түзету, заңға өзгерістер енгізу жоспарда бар ма деген сауалға Виктор Киянский: «Бұл мәселе Парламентте жиі көтеріледі. Әріптестерімнің депутаттық сауалдары және басқа да үндеулер арқылы осы іспеттес сұрақтар қойылып жүр. Сондықтан, сіздер көтерген бұл мәселе қалайда шешімін табады  деген ойдамын»,- деп жауап берді. Бұдан бөлек жиналғандар елге еңбегі сіңген азаматтарға берілетін мемлекеттік наградаларды қосымша төлемақымен қамтамасыз ету туралы сауал қойды. Нақтылап айтқанда, республикамыздың дамуына үлес қосып орден, медаль та-ғынған аға буын өкілдеріне алатын зейнетақыларынан бөлек қосымша қаражат төленсе деген ұсыныс жасалды. Қойылған сауалдың орынды екенін айта келе, Виктор Киянский, бұл мәселені Парламентте көтерілетінін айтты.

Келелі  ой, пайымды пікірге толы болған жиын соңында депутат Семей өңірі халқының да Елбасы жолдауында көрсетілген мақсат-міндеттерді орындауға, мемлекетіміздің шынымен де Мәңгілік елге айналуына өзіндік үлестерін қосатынына сенім білдірді. Кездесуге келген қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен этномәдени бірлестік-тердің мүшелері де халық қалаулысына Елбасының стратегиялық маңызы бар жолдауы бойынша айт-қан толымды әңгімесі үшін алғыстарын білдіріп, парламентте көтерген игі бастамаларының қолдау табуына және алда атқаратын жұмыс-тарының жемісті болуын тіледі.

Мирас Құсайын,

«Семей таңы».

Связанные новости

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

09.06.2026
Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

В области Абай продолжается работа по обеспечению безопасности жителей в период летнего сезона отдыха. Об этом на площадке Региональной службы...

Читать далее ...

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

09.06.2026
Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

С момента запуска института банкротства физических лиц в Казахстане жители области Абай подали свыше 12,5 тысячи заявлений на внесудебное банкротство....

Читать далее ...

Новости

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

8 часов назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

9 часов назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

9 часов назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

2 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

2 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

2 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

3 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

3 дня назад

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

3 дня назад

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» на побережье озера Алаколь состоялся экологический форум «EcoQadam».

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС