Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕР БАРДА, ТҰРСЫНҒАЗЫНЫҢ ЕСІМІ ӨШПЕЙДІ

13.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейде әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимов атындағы «Сәби болғым келеді» атты халықаралық конкурс өтті. Қазақстанның әр түкпірінен жиналған өнерпаздармен қатар, Моңғолия, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінен келген дәстүрлі ән орындаушылар да байқауда бақ сынады.

Тұрсынғазы Рахимов атындағы конкурс екі күнге созылды. Оған қазақтың қара домбырасын өзіне серік еткен 32 өнерпаз қатысты. Халықаралық дәрежеде өткен дәстүрлі ән орындаушылар конкурсы Семейде алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын  айта кеткен жөн. Байқау шартына сай, өнерпаздар сазгердің екі әнін және бір халық әнін құлақ бұрауын келтіре орындауы шарт.

— Шығыс өңірінде қазақтың дәстүрлі ән өнерін сақтап қалу мақсатында осы байқауды ұйымдастырып отырмыз. Қазір, эстрада жанрын айтпағанда, қазақтың дәстүрлі әндері де шетелге ойысып жатыр. Сондықтан қазақтың дәстүрлі әндерін Тұрсынғазы Рахимов арқылы халық жүрегіне жеткізуді мақсат тұттық. Өткен жылы Тұрсынғазы Рахимов атындағы фестиваль ұйымдастырылған еді. Биылғы байқауды сол бастаманың жалғасы деуге болады. Байқауды алдағы уақытта тек Семей қаласында ғана емес, Қазақстанның өзге қалаларында да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз,- дейді Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармония директоры Адай Азаматов.

ҚР-ның мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рамазан Стамғазиев, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Алмасбек Алматов, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Үдербаева, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Едіге Жүдібаров, ҚР-ның мәдениет қайраткері Әділ Тұрғанбай және ҚР-ның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нұрлан Көшеров байқауға қазылық етіп, кіл мықтыларды анықтады.

Байқау қорытындысына сай, бас жүлдеге алматылық Нариман Абдрахманов ие болды. Төлеген Шәкәрімов, Ермек Нұрлытау, Дәуренбек Сләмғали, Өзгеріс Серікбай (Моңғолия),  Жасұлан Сақаев жүлделі үшінші және екінші орындарға лайық деп танылды. Ұлытау өңірінің тумасы, «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, меценат Бекзат Алтынбектің 100 мың теңгені құрайтын арнайы жүлдесі де өз иелерін тапты.  ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Ғалым Мұхамединов атындағы жүлде Ғибадат Тұрғалиевқа, Айбала Бейсеноваға, Ерғазы Рахимов атындағы арнайы жүлде Гүлмира Шәбиеваға (Қырғызстан), Жүсіпбек Елебеков атындағы арнайы жүлде Алтын Сымасейітоваға, Мұқағали Мақатаев атындағы арнайы жүлде Еламан Құжимановқа табысталды.

Байқауға қазылық еткен халықтың сүйікті әншісі Рамазан Стамғазиев конкурстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады:

— Халықаралық байқау статусын алғандықтан, байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр. Қатысушылардың жартысынан көбі өзіміздің шәкірттеріміз. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тамамдап, үлкен сахнада ащы тері алынған, біраз байқаулардың жүлдесін қанжығасына байлаған жастар. Бізді қуантатыны – жастардың, халық әнінен бөлек, Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына бой ұруы. Ол кісінің осы күнге дейін жинақтап, халқына аманаттап кеткен барлық әндерін шашауын шығармай, шаң жуытпай, орындалу стилімен, жасалынған трактовкаларымен  әрбір әннің бірнеше нұсқасын шама – шарқылары жеткенше орындап шықты. Әншілердің дауыс мүмкіндіктері мен осы күнге дейін жинақтаған тәжірибелерін шамаладық. Жастардың қазақтың қара домбырасын құшақтап алыс-жақын шетелдерден, еліміздің өзге қалаларынан келіп жатқаны, әрине, бізді марқайтады. Байқау барысында жас буынның  аға буынмен бір сапта тұруға жарап қалғандығын да көріп отырмыз. Жеңімпазды анықтауда әншінің әнді меңгеруі, тіл тазалығы, дауыс тазалығы, дауыс диапазоны, домбыра тарту техникасы, актерлік шеберлігі, білімділігі, әнді халыққа жеткізуі, сахнада өзін-өзі ұстауы — бәрі-бәрі бағаланды. Әннің туы тігілген киелі өңірден бастау алған шараға құтты болсын айтқым келеді. Байқау осы күйінде қалып қоймай, екі жылда бір рет өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді,- деген Рамазан Стамғазиев Тұрсынғазы аға айтқан әңгімелерді жинақтап, шағын кітап етіп шығарса деген ұсыныс айтады.

-Тұрсынғазы ағаны білетін кез келген адаммен сөйлессек, ол кісі жайлы қызықты әңгімелер айтады. «Тұрсынғазы деген екен» деген мәліметтердің барлығын жиыстырып, шағын кітап етіп шығарса артық болмас еді деп ойлаймын. Қазір жоғары оқу орындарында Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығы ғылыми жұмыстардың тақырыбына арқау болып отыр. Демек, артында ұрпағы барда, сүйер елі барда, Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығы жоғалмақ емес,- дейді әнші.

Байқау барысында Еркін Шүкіманов пен Толғанбай Сембаевтың авторлығымен шыққан Тұрсынғазы Рахимовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сағынбасқа не шара?» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтіп, қалың оқырманға жол тартты.

Осылайша, Тұрсынғазы Рахимов атындағы алғашқы халықаралық байқау өз деңгейінде өтіп, дәстүрлі ән шеберлері халықтың құлақ құрышын қандырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

7 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС