Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ КІМГЕ КЕРЕК?

17.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

Сыннан көз ашпаған қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы жақсармайынша, жергілікті әкімдіктің көңілі жай табар емес. Жол ақысы көтерілген тұста, жолаушыларды автобустардағы жағдай жақсарады деп сендірген. Бірақ әзірге түбегейлі оңалып кеткен дүниені көрмедік. Баз баяғы қалпында. Тасымалдаушы мекемелер өз міндеттерін толық орындамайды дегенді үш жолаушының екеуінен естуіңізге болады. Халықтан түскен арыз –шағымға атүсті қарамаған қала басшысы Ермак Сәлімов жұманың кешінде тиісті сала мамандарын ертіп кезекті рейдке шықты.

Әкім, тілшілерге берген уәдесі бойынша, жолаушылар саны азайды–ау деген мезгілде, қас қарая қала аралады. Қаланың басты аялдамаларына барып, қоғамдық көліктің қаншалықты кестеге сай жүретініне көз жеткізді. «Орталық алаң» аялдамасына жеткен біздер қоғамдық көліктердің жүруіне ренжулі жерлестерімізді көрдік. Өзін қала тұрғынымын деп таныстырған бір әпкеміз жұмысқа күнделікті автобуспен қатынайды екен. Сондықтан жаңартылған жүру кестесін де жаттап алған.  Солай бола тұрса да, автобустардың уақытынан едәуір кешігетін кездері жиі болатынын айтқан ол: «17-ші, 53–ші бағыттағы автобустарға отырамын. Күтіп тұрғаныма жарты сағат болды. Біреуі де жоқ»,- деп кейіс танытты. Өзге ірі қалалардағыдай емес, негізінен, кешкі сағат 8–ден кейін жолаушылар ағыны азаяды. Ол рас. Бірақ бұл уақыттарда түрлі үйірмелерден үйіне қайтатын жастарымыздың бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Ал елдің қамын ойлағаннан гөрі өз қалтасының «қампайғанын» бірінші орынға қоятын жолаушылар тасымалына жауапты мекемелер «басы ауырмаған соң, өзгемен ісі болмай тұр». Десе де көлік жүргізушісі мен кондукторлардың өз айтары бар. Мәселен, 35–ші бағыттағы автобусқа отырған біздер «кешкі сағат 8-ден кейін жүру тиімсіз, автобусқа мінетін адам жоқ, өзіміз шығынға ұрынамыз» деген жауап естідік. Бірақ бұл барлық жерде бірдей емес. Өйткені, жолаушысы жоқ бір аялдама алдыңыздан шыққанымен, сізді күткен көп жолаушы келесі аялдамада тұрады. Рейдте осыған да куә болдық. Кешкі мезгілде автобустардың аз қатынауына кейбір қоғамдық көліктердің өз еркімен бағытынан шығып кетулері де себеп болып отыр. Оның арты, әрине, мәселенің ушығуына келіп тіреледі. Мәселен, «Базар» аялдамасында 12-ші бағыттағы автобусты күткен жолаушылар уақыттарын текке өткізіп тұрды. Автобус болса бұл бағыттан әлдеқашан шығып кетіпті. Бір өкініштісі, өз ісіне немқұрайлы қараған жүгенсіз жүргізуші әрекеті де жауапсыз қалмақ. Оның басты себебі – оларға тиісті шара қолданатын ешқандай заң жоқ. Осыны жақсы біле ме, қайдам, мердігер мекемені қойып, қарапайым жүргізуші мен кондуктор да халықты әбден басынып алған.

Осындай жекелеген кемшіліктер болмаса, автобустар дәл сол күні кешкісін ерсілі-қарсылы ағылып жатты. Шамасы, қала әкімінің қоғамдық көліктердегі кешкі сапарынан алдын ала құлақтанып алса керек. Бірақ дәл осындай көзбояушылық кімге керек? Кімді алдағысы келеді, елді ме, әкімді ме? Өтіріктің құйрығы бір–ақ тұтам екенін ескерсек, бұл да абырой әкелмейді.

Кезекті сапарын қорытынды-лаған қала басшысы, қоғамдық көлік қатынасында ілгерілеу бол-ғанымен, жолаушылардың әлі де көңілі толмайтын тұстары бар екенін жеткізді. Сондықтан осы саладағы кемшін тұстарды жою жолында жұмыстар жалғаса беретінін атап өткен Ермак Бидахметұлы мердігерлерге сыннан қорытынды шығаратын уақыттың жеткенін айтты.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС