Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨМІР ТАПШЫЛЫҒЫ РЕТТЕЛЕДІ

19.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

Қыстың қамын жазда ойлаған жақсы. Алайда қала тұрғындарының көбісі қысқа қамдануды әдетте қазан айынан бастайды. Нәтижесінде көмір қоймаларында ұзын-сонар кезек пайда болып, қиындық туындайды. Жергілікті БАҚ өкілдері қалада көмір тапшы деген ақпарат таратқаннан кейін, қала әкімі Ермак Сәлімов мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында «Жігер-СТ» ЖШС-ның көмір қоймаларына барып, жағдайды бақылап қайтты.

«Қаражыра» кен орнының көмірін сатумен Семейде «Жігер-СТ» ЖШС айналысады.  Жылу орталықтары мен мекемелерді, білім беру ордаларын қоспағанда жеке тұрғын үйлер үшін 40 мың тонна көмір қажет екен. 25 мың тонна көмір қазіргі уақытта Қаражыра кен орнынан сатып алынған. «Жігер-СТ» ЖШС қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, келісімшарт бойынша күніне 20 вагон Семей қаласына көмір тасымалдаумен айналысады. Орта есеппен күніне қалаға 800-1000 тонна көмір келсе, оның 200 тоннасы аудандар мен ауылдарға жөнелтіледі.

— Көмір қалаға уақытында жеткізіліп отыр. Мемлекеттік мекемелер мен көп қабатты үйлер үшін жылу орталықтары көмірмен толық қамтамасыз етілді. Біз мұнда жеке тұрғын үйлерді көмірмен қамтамасыз етуді бір жолға қою үшін жиналып отырмыз. Жеке көлік жүргізушілері осы қоймадан көмірдің тоннасын 7 мың теңгеден алып, көтерме бағамен сатып жүр. Қаражыра кен орны қаланы мөлшермен қамтамасыз етуде. Сондықтан алаңдайтын мәселе көріп отырған жоқпын. Қыс басында сарылып кезек күткенше, мүмкін болса тұрғындардың көмірді жазда алып қойғандары дұрыс, — дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

— Өткен жылдан бері «Қаражыра» кен орнынан 1 млн. 200 мың тонна көмір сатып алынды. Шығыс Қазақстан облысы көмір тасымалын ерте бастаған жалғыз облыс екенін де айта кеткеніміз жөн. Көмір вагондарының қозғалысын бақылап, қоймаға уақытында жеткізілуін қадағалап отырмыз, — дейді Семей жол бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев.

Мәселенің мән-жайына қаныққан соң қала әкімі көлік жүргізушілермен тілдесіп, пікірлерін тыңдады.

— Көмір тасымалы үшін қоймаға алдын-ала кезек қоямыз. Алдыңғы күні кезек қойғанмын, көмірді әлі күтіп тұрмын. Қоймаға күніне 5 вагон ғана келеді, кейде күн аралатып жетеді.  Соңғы екі-үш күнде ғана 10 вагон келіп отыр. Күніне 5 ауыр жүк көлігі келсе, 3 вагон көмірді жоқ деп есептеуге болады. Семейден бөлек, қалаға қарасты бірнеше ауданның жүк көліктері де осында келеді. Сол себепті Семейге көмір толық жеткізіліп отырған жоқ, — дейді Марат Сембаев есімді жүргізуші.

«Жігер-СТ» ЖШС басшысы Болатхан Мұсабаевтың айтуынша, аудандар мен ауылдарды қатты отынмен қамту үшін  күніне 40 вагон, яғни 2400-2800 тонна көмір аялдау пунктіне жеткізіледі. «Аялдау пунктінде көмірдің тоннасы 5800 теңгеден сатылып жатыр. Сондықтан сіздер аудандардан келген жүргізушілерге аялдау пунктіне баруды ескертулеріңіз керек. Біз мұндағы жүргізушілердің қай жерден келгенін анықтап жатпаймыз», — дейді Б. Мұсабаев.

Ермак Сәлімов жауапты қызметкерлерге жағдайды қатаң бақылауға алып, реттеуді тапсырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС