Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ҚЫЗЫЛ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

19.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

18 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Жарма ауданына келіп, Әуезов кентінде кен игеру бойынша ауқымды «Қызыл» жобасын жүзеге асырып жатқан «Бақыршық» кен орнында болды. Іссапар барысында аймақ басшысы «Полиметалл» ААҚ-ның бас директоры Виталий Несиспен кездесті. Кенді өлкедегі кемел істермен аудан әкімі Нұрлан Сыдықов таныстырды. Даниал Кенжетайұлы кен игеру жұмыстарына қажетті жаңадан бой көтеріп жатқан бірқатар нысандарды да аралады.

Аймақ басшысы сапар барысында ең алдымен жаңадан салынған кен байыту фабрикасы, вахталық кент құры-лысы алаңдарымен танысып, кенді аршу жұмыстары жүріп жатқан карьерде болды. «Полиметалл» ААҚ-ның бас директоры Виталий Несис, дайындық жұмыстарымен қатар, кен өндіру ісі де жүзеге асып, қазірдің өзінде 2,5 тоннаға жеткенін атап өтті.

Жобалық жұмыстың кезеңмен жүзеге асып келе жатқанын жоғары бағалаған облыс әкімі аталмыш кен орнының өзіндік маңызы зор екенін атап өтті.

— Соңғы екі жыл ішінде бұл кен орнында бірнеше рет болдым. Компания «Қызыл» жобасын табысты жүзеге асырып келе жатқанына көз жеткізудемін, — деді Даниал Кенжетайұлы. — Үстіміздегі жылғы инвестициялық капитал 51 миллиард теңгені құрады. Ал өткен жылы 29 миллиард теңгеге жеткен болатын. 90-шы жылдардың соңы, 2000-шы жылдардың бас кезінде мұнда бірнеше рет келген едім. Сондықтан бұл кен орнынан өнім алу геологиялық тұрғыдан қиындық тудыратынын және кеннен алтынды бөліп алу да оңай емес екенін жақсы білемін. Осыған қарамастан, компания заманауи жаңа технологияны таңдап отыр. Кен орнындағы қызу жүріп жатқан жұмыстардың нәтижесінде келер жылдың бірінші жарты жылдығында кәсіпорын іске қосылып, еліміздің алтын қорын ұлғайтатын тағы бір маңызды нысанмен толығады деп сенемін. Бүгінгі күні мұнда еңбек етіп жатқан 600 адам жаңа технологияны игеруге күш салуда. Сонымен бірге кенттің инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріп отырмыз. Бұл бағытта жаңа ресурстар бөлінетін болады, оның ішінде осыдан 25 жыл бұрын салынған жергілікті мектеп те жөндеуден өтпек. Сондай-ақ кенттің әлеуметтік әлеуетін көтеруге компания да жақсы атсалысып, кәсіпорынның көмегімен дәрігерлік амбулаторияға жөндеу жұмыстары жасалды. Өткен жылы балабақшаны қайта жаңғыртып, халық игілігіне пайдалануға берді. «Полиметалл» компаниясының біздің барлық әлеуметтік жобаларымызға белсенді атсалысып келе жатқанын атап өткен жөн,- деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Құрылыс алаңымен танысқан облыс әкімі жұмыс сапарын қорытындылап, кәсіпорын өкілдерімен бірқатар мәселелерді пысықтады. Сонымен қатар кен орны орналасқан кенттің де шешімін күткен мәселелері кеңінен сөз болып, ортақ шешімдер қабылданды.

Өз кезегінде аудан әкімі Нұрлан Сыдықов облыс басшысына өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында бой көтерген, бүгінгі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген Бақыршық орта мектебінің жағдайын баяндады. 320 оқушыға арналған оқу ордасында қазіргі таңда 472 оқушы білім алып жатыр. Ал ғимараттың жалпы жағдайы қанағаттанарлық деуге келмейтінін алға тартқан Нұрлан Бәтташұлы білім ошағы күрделі жөндеуді қажет ететінін айтты. Тиісінше, жөндеу жұмыстарына қажетті жобалық-сметалық құжаттамасы толық әзірленген. Айтылған ұсынысты ескерген Даниал Кенжетайұлы келер жылы бұл бағытта облыстық бюджеттен қаржы қарастырылатынын жеткізді.

Аудан басшысы облыстық маңызға ие Әуезов – Шар бағытындағы тас жолының жағдайына да тоқталды. Әуезов кенті мен іргелес Шалабай ауылы тұрғындарының ертеден Семей, Шар қалаларымен алыс-берісі қалыптасқандығын, сондық-тан тұрғындар бұл шаһарларға жиі қатынайтынын, ал жол жағдайы сын көтермейтінін және қыс мезгілінде жол қатынасы қиындайтынын атап өтті. Жол мәселесіне қатысты ұсынысты  құптаған облыс әкімі алдағы уақытта тиісті қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатынын айтты.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

7 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС