Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АЛТАЙ» БІРІНШІ ЛИГАҒА ОРАЛДЫ

26.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жылы бірінші лига командалары арасында жүлделі орынға ие болған облысымыздың «Алтай» командасы Премьер — лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алған. Клуб басшылығы шетелден маман шақыртып, команданы қайта жасақтап, алдағы маусымға тас түйін дайын еді. Алайда клуб мүшелері мен команда ойыншылары, жанкүйерлер ерте қуанған екен. Қазақстанның Футбол федерациясы командамызда орын алған кемшіліктерді жіпке тізіп, бекітілген ережеге сүйене отырып, жазаның ең ауыр түрін қолданды. Сөйтіп, еліміздегі аяқдоптың отаны саналған Семей футболын екінші лига командалары арасындағы ойындарда тамашалауға мәжбүр болдық. Бір ғана қаланың емес, дүйім бір өңірдің намысын қорғайтын команда жасыған жоқ. Білікті бапкер, мықты ойыншыларынан айырылса да, жастардан жасақталған «Алтай» аяқтан шалғандарға шын жүйрікке тұсау жоқ екенін көрсетті. Маусым басында команда тізгіні отандық бапкер Сергей Тимофеевке тапсырылды. Сенімге селкеу түсірмеген Сергей «жұлдыз ойыншыларсыз-ақ» чемпион болуға болатынын, шетелдік маманның үйреткенін жергілікті бапкерде білетінін дәлелдеді.

Хош, сонымен, «Алтай» командасы екінші лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы атанды. Негізінен, жергілікті команда бұл атаққа футбол маусымының аяқталуына соңғы 3 кезең қалғанда қол жеткізген. Алайда, Федерация бекіткен ережеге сәйкес, қалған ойындар өтуі тиіс еді. Соңғы турда Солтүстік Қазақстан облысының «Рузаевка» командасын қабылдаған алтайлықтар қонақтардан айласын асырып, 1:0 есебімен басым түсті. Жүлделі орындардан үміті үзілсе де, ұпай санын еселеуді көздеген «Рузаевка» тәп–тәуір қарсылық көрсетті. Негізгі 90 минут түгесіліп, төреші қосымша 5 минут қосқан. Жергілікті жанкүйерлерге қуаныш сыйлаған жеңіс голы да осы қосымша уақытта соғылды. Гол авторы – Алексей Мальцев.

Төреші ысқырығы шалынысымен жанкүйерлер өз командасын чемпиондық атағымен құттықтауға алаңға лап қойды. Олардың арасында Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ирина Валиева, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының спорттық директоры Павел Демьян, Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтар болды.

Команданы чемпиондық атақпен қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтаған Надежда Шарова «Алтайдың» биылғы маусымы жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлағанын айта келіп, келер маусымда дәл осындай жеңімпаз межеден түспеуге тілеулестік білдірді. Ақжарма құттықтау тілектерінен кейін команданың әр мүшесіне алтын медаль үлестіріліп, команда капитаны Евгений Кострубқа чемпиондық тондо табысталды. Команда бапкері Сергей Тимофеев маусым барысында 3 мәрте айдың үздік бапкері атанса, Дәурен Қайқыбасов тамыз айының үздік ойыншысы атанды. Дәурен сонымен қоса сұрмергендер қатарында. Оның еншісінде 18 гол бар. 21 жасар команда қақпашысы Исламбек Асан да білікті мамандар назарына ілігіп отыр.

«Алтай» маусым барысында 30 кездесу өткізіп, 22 –інде жеңіске жеткен. Қалған 5 ойында тең есеп тіркелсе, 3 ойында ғана жеңіліс тапқан. Қарсыластар қақпасына 67 гол соғып, өздеріне 14 гол жіберген, 71 ұпайға қол жеткізді.

Осылайша, «Алтай» бірінші лигаға сеніммен аяқ басты. Енді тек тағы бір кедергі тап болмаса болғаны.

Ермек ИСАБАЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС