Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАТАР ӨНЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

30.10.2017
FacebookWhatsappTelegram

26-28 қазан аралығында Семейде татар өнер мектебінің «Көзге Иртыш Моңнары» халықаралық ХVIII фестивалі өтті. Фестиваль аясында ғылыми конференциялар мен көрмелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылып, Қазан қаласынан арнайы келген қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.

Фестиваль аясында белгілі татар аспазы, татар ұлттық асханасының шебері Юнус Ахметзяновтің құрметіне арналған аспаздар сайысы ұйымдастырылды. Семейліктермен қоса, Қазан қаласынан келген қонақтар да сайысқа өз өнімдерін ұсынды. Қазылар 15 ұлттық тағамның ішінен Юнус Ахметзяновтің рецебімен дайындалған бәлішті ең дәмді тағам ретінде бағалады.

— Біз татар ұлттық асханасының байырғы дәстүрін, әжелеріміз әзірлейтін ұлттық тағамның құрамын сақтадық. Татар ұлттық тағамдарын дәмді әзірлеу үшін татар халқының салт-дәстүрін жақсы көру керек. Өз ұлттық болмысыңды қадірлемесең, ұлттық тағамды дәмді әзірлеу мүмкін емес,- дейді қазылар алқасының төрағасы Мадина Ахунжанова.

Фестиваль бұдан әрі татар өнер мектебінің 25 жылдығына арналған ғылыми конференциямен жалғасты. 1992 жылы Ғабдулхақ Ахунжановтың бастамасымен ашылған мектепте тек татар халқының емес, өзге ұлт өкілдерінің де мәдениеті мен салт-дәстүрлері дәріптелуде.

— Бүгін қаламызда үлкен мереке. Татар өнер мектебі өзінің ширек ғасырлық мерейтойын тойлауда. Құрметті қонақтар, Семей қаласына қош келдіңіздер! Сіздерді қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан құттықтаймын! Татар музыка мектебінде тәрбиеленген балалар музыка саласында жемісті еңбек етіп қана қоймай, қазіргі күні қаланың қоғамдық өміріне де белсене араласады. Татар өнер мектебіне ұзақ ғұмыр тілеймін. Халықтар достығы мен ынтымағын сақтауда жемісті еңбек ете беріңіздер,- деген Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина татар өнер мектебінің ұстаздарына алғыс хаттар табыстады.

— Құрметті қонақтар! Семейліктер сіздердің Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтардың қаласына келгендеріңізге қуанышты. Семей – тамаша шаһар. Мұнда 12 мыңнан астам татар ұлты бар. Саны жағынан аз болғанымен, олардың бойында талант көп. Татарлар алғаш Семейге келгенде ең алдымен медресе ашып, 14 мешіт тұрғызды. Өнеркәсіп орындарын салды, жиі-жиі жәрмеңкелер ұйымдастырып тұрды. Ғабдулхақ Ахунжановтың бастамасымен татар өнер мектебі ашылды. Өнер мектебінің шәкірттері бүгінде Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де танымал. Татар мен қазақ халқына ортақ Латиф Хамиди сынды композитор бар. Ол екі халықтың музыкасын біріктірді. Семейде музыкалық мектептердің біріне Латиф Хамидидің есімі берілген. Композитордың Абай ауданына барып, «Абай» операсын жазғаны да баршаңызға мәлім. Татар халқының бастамасымен Өскеменде татар халқының ұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұса Жалелге ескерткіш қойылды. Бізде Ғабдолла Тоқайға да ескерткіш қойылған. Мұның бәрін міндетті түрде көрулеріңіз керек,-деді еңбек ардагері, Татар қоғамдық қоры президиумының мүшесі Рашида Хасанова.

2000 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Көзге Иртыш Моңнары» байқауының қатысушылары 27 қазан күні Абай атындағы театрда болып өткен фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде бас қосты. Шараға арнайы қатысқан Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға эстетикалық-көркемдік  білім беруге сүбелі үлес қосқан мәдениет саласының бірқатар өкілдеріне марапаттар табыс етті.

—  Әлемге ұлы Абайды, Шәкәрім мен Мұхтарды сыйлаған Семей жерінде бүгін қуанышты күн. Талай дарынға жол ашқан татар өнер мектебінің мерейлі тойы құтты болсын! Семейде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы ұлтаралық татулықты сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Ғабдулхақ Ахунжановтың жетекшілігіндегі татар мектебі жас таланттардың өнерге деген құштарлығын, қабілетін оятып қана қоймай, салт-дәстүрді, қала мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосуда, — деп ерекше атап өткен шаһар басшысы Ермак Сәлімов жиналған көпшілікке денсаулық, баянды бақыт, игі бастамаларына толағай табыстар тіледі.

Айта кетейік, биыл фестивальға Новосібір, Томск, Омбы қалалары мен облыстың әр аудандарынан 150-ге жуық өнерпаз қатысты. Вокал, би, хор, ансамбль, сөйлеу жанрлары бойынша өткен өнер фестивалінің гала-концертінде жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Жадыра Төлегенқызы,

Жібек Серғазы,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС