Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ КӨБЕЙЕДІ

14.11.2017
FacebookWhatsappTelegram

«Сандық Қазақстан: IT – технологиялар — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды сапалы дайындау құралы». Осындай тақырыпта «Кәсіпқор» холдингінің қолдауымен 7 қараша күні қаладағы электротехника колледжінде республикалық семинар болып өтті. Семинарға «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  Кәсіптік білім беру орталығының басшысы Гуля Қарсыбекова, Атырау қаласы «APEC Petrotechnic» жоғарғы колледжінің жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Әсел Ермекова, Семейдегі кәсіптік-техникалық білім беретін бірнеше колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.

Семинардың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу үрдісіне IT-технологияларды енгізу және жүзеге асыруға байланысты тәжірибе алмасуға, осы салада білім беретін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталды.

—   Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық — кәсіптік білім беретін 23 оқу орнында 1208 студент бар. Оның 766-сы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында білім алуда. Есептеу техникасы мен ақпараттық жүйе мамандықтары бойынша 8 мемлекеттік және 15 жекеменшік колледждер базасы негізінде кадрларды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы «Есептеу техникасы» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 96 орын бөлінсе, «Ақпараттық жүйе» мамандығы үшін 20 орын қарастырылған. Бүгінгі күні еңбек нарығында IT-технологияны жақсы меңгерген жоғары білімді  мамандарға сұраныс артып отыр. Осыған орай биыл республикада алғаш рет жергілікті бюджет есебінен 14 білім гранты бөлінді. Келесі жылдан бастап «Сандық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру жолында IT-технолог мамандарына жоғары білім беру мақсатында грант санын көбейтіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының қыр-сырын меңгерушілерді даярлау жұмыстары жалғасатын болады,- дейді ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды қайта даярлау орталығы директорының орынбасары Дамир Серғазы.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, өзінің әлеуеті, мамандыққа бағдарлауы, материалдық-техникалық жағдайы тұрғысынан өңірлік даму жобасына сай келетін 10 колледж таңдалып алынған. Облыстағы 83 колледждің ішінде электротехникалық колледж үздік ондықтың тізіміне еніп отыр. Электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков:

— Бүгінде электротехникалық колледж – техникалық және кәсіптік білім беретін, IT-технолог мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны. Техникалық және кәсіптік мамандықтардың әлеуетін арттырып, жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру мақсатымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің 823 колледжі арасында өткен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында электротехника колледжінің «Мехатроника» мамандығының студенті 1-ші орынға ие болды. Осыдан-ақ колледж ұстаздарының біліктілігін аңғаруға болады. Республиканың озық оқу орындарының қатарында Атырау қаласындағы  «APEC Pertotechnic» жоғарғы колледжі бар. Бұл — Батыс Қазақстандағы негізгі мемлекетаралық қатынасқа бағытталған мұнай өңдеуді үйрететін білім ордаларының бірі. 2018 жылдың наурыз айына дейін «Кәсіпқор» холдингі және ШҚО білім басқармасы Семейдегі электротехникалық колледжді де дүниежүзілік стандарттарға сай келетін оқу орны етуді жоспарлап отыр. Биыл колледждің 34 оқытушысы шет мемлекеттерде біліктіліктерін арттырып келді, енді 5 оқытушы 20 қараша күні Ұлыбританияға білім жетілдіру курсынан өтуге аттанбақ,- деді Азат Сарпеков.

Жібек Серғазы, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС