Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СҮТ ЖӘНЕ ҰН ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ РЕТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

08.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Төмен бағадағы көкөністер қаладағы 35 сауда нүктесіне жеткізілді. Естеріңізде болса, газетіміздің №81 санында тұрақтандыру қорындағы көкөністердің қараша айынан сауда айналымына енетінін жазған едік. Дегенмен қордағы өнімдер қарашаның соңғы аптасынан бас-тап қана айналысқа енді. Қала дүкендеріндегі көкөністер мен сүт, ұн өнімдерінің бағасына бақылау жасау үшін бейсенбі, 7 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев және қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Марат Нүгеров кезекті рейдке шықты.

Тұрақтандыру қорындағы көкөністер «Приречное» агрофирмасына тиесілі. Биыл осы агрофирмадан Семей және Өскемен қалалары үшін 7,5 мың тонна көкөніс жиналған болатын. Бұл өнімдер агрофирма тарапынан Семейдегі 35 сауда нүктесіне тек 10 пайыздық үстеме бағамен жеткізіліп отырады (16-сы сол, 14-і оң жағалауда орналасқан). Қазір осы арнаулы сауда орындарында картоптың, қызылшаның, сәбіздің, қырыққабаттың және пияздың келісі 83 теңгеден саудалануда.

— Қазіргі күні тұрақтандыру қорында Семей қаласы үшін 4,3 мың тонна көкөніс бар. Сенбі, жексенбі күндері «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығында да тағам өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп тұрады. Әдетте, мұнда ет, сүт, ұн өнімдері және көкөністер арзан бағамен саудаланады. Мұндағы ет бағасы қаладағы жалпы бағадан 10-15 пайызға төмен. Кейде көкөністердің бағасы тұрақтандыру қорының бағасынан төмен көрсеткіштерді көрсетеді. Бүгінде 900-ден астам сауда нүктелерімен келісімшарт жасалды. Оның 35-і тұрақтандыру қорымен байланысты. Халық көп тұтынатын 19 өнімнің бағасы қазір мемлекет тарапынан арнайы бақылауға алынған. Сүт өнімдері бағасының көтерілуіне байланысты облыс әкімдігі сүт өндіретін кәсіпорындармен келісімшартқа отырып, нәтижесінде баға 10-15 пайызға төмендеді. Айталық, «Айша» жұмсақ пакеттегі сүт өнімдерін 175-180 теңгеден, «Багратион» 190 теңгеден, «Эмиль» 210 теңгеден тасымалдап отыр. Майлылығы 2,5 %-ды құрайтын айран өнімдеріне қатысты да осындай көрсеткішке қол жеткіздік. Ет және көкөніс өнімдерін тұтынушылар, әдетте, бірнеше күнге есептеп алады. Сондықтан  олардың бағасын тұрақтандыру үшін осындай қадам жасалды,- дейді М.Нүгеров.

Бөлім басшысының айтуынша, тұрақтандыру қоры көкөністердің бағасын бір қалыпта ұстап тұру үшін қажет:

— Тұрақтандыру қорымен бірнеше жылдан бері жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл салада тәжірибеміз бар. Өзге аймақтарда мұндай қор жоқ деп айтуға да болады. Тәуелсіздік пен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көкөністер мен өзге де өнімдердің көптеп жеткізілуін қадағалаймыз. Сондай-ақ Нива, Южный дүкендері мен «Арқа» сауда үйінің жанынан көліктегі сауда ісін ұйымдастырмақмыз. Онда көкөністер 80 теңгеден саудаланатын болады. Тасымалдаушыға қолайсыздық туғызатындықтан, биыл, өткен жылдағыдай, арнаулы сауда нүктелері көп таңдалған жоқ. Тапсырыс қабылдау және өнімдерді қайтарып беру жүйелері жұмыс істеп тұр. Бірақ әзірге қордағы өнімдердің сапасына шағым айтылған жоқ,- дейді ол.

«Наурыз», «Жаңа Көктем», «Домашняя еда», «Тамаша», «Барс», «Adal» сынды сауда нүктелерін аралаған облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков бастаған топ тұрақтандыру қорының өнімдерін бақылап қана қоймай, сүт, ұн өнімдерінің бағасына да тексеріс жүргізді.

— Халық көп тұтынатын 19 өнімнің ішіндегі 10 өнімнің орташа бағасы Семейде республикалық көрсеткіштен жоғары болып тұр. Бағаның неліктен көтеріліп тұрғанын анықтау керек. Тұрақтандыру қорынан жеткізілген көкөністің 5 түрінің бағасы ойдағыдай. Ал күріш пен ұн өнімдері бағасы қымбаттау. Бүгінгі күні «Эмиль», «Восток — молоко», «Багратион» жергілікті сүт өнімдері зауыты облыстың 70-80%-ын қамтамсыз етіп отыр. Сондықтан осы зауыттармен ортақ баға үшін келісіп жатырмыз. Оның ішінде майлылығы 2,5%-ды құрайтын айран, майлылығы 5-9% аралығындағы сүзбе, майлылығы 72%-ды құрайтын сары май және жұмсақ пакеттегі сүт өнімдері бар. Жұмыртқа бағасы облыс бойынша сәл көтеріліп тұр. Тасымалдаушымен келісімшарт жасалғаннан кейін, бұл мәселе де шешімін табады,- деді Шалқар Байбеков.

Рейд соңында Ш.Байбеков арнайы мамандарға сүт және ұн өнімдерінің бағасы мен тасымалын реттеуді тапсырды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС