Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ШЫҒЫСТҮСТІМЕТ» — ҚУАТТЫ КӘСІПОРЫН

12.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Жер астында маңдай термен еңбек етіп, шахтада жұмыс істейтін азаматтар — ауыр еңбекті арқалаған қажырлы жандар. Кен өндіруде жер астының ызғары мен зілдей болып жауырыннан басатын ауыртпашылық — адам үшін үлкен бейнет. Оған төзе білген, шыдамға күш дарыта алып, бейнет тірліктің зейнетін таба алған шахтерлер шынайы еңбектің қаһармандары десек, артық айтқандық емес. Шын мәнінде, шахта ішіндегі ауыр жұмыс, бел суытпайтын бейнет, басын қатерге тіккен қауіп — бәрі – бәрі тек отбасы, халық игілігі үшін.

 

Есімі елге мәшһүр қаламгер Медеу Сәрсеке өзінің «Кішкентай шахтер» шығармасында: «Шынайы шахтер болу үшін, әрине, шахтаға түсу керек»,- деген, шахтер болмасақ та, осы салада еңбек етіп жатқан жандардың тыныс — тіршілігімен танысу мақсатында Бородулиха ауданының Жезкент кентінде орналасқан KAZ Minerals-тың «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорнына жол тарттық.

KAZ Minerals — Қазақстанда заманауи, аз шығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған мыс өндіруші компания. Топтың құнды қағаздары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында айналымда.

Компанияның қолданыстағы кешендерінде мыс өндіріледі және өндірісті кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші компания  әлем бойынша да жетекші мыс өндірушілердің бірі саналады. Сондай-ақ кәсіпорын іліспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның қомақты көлемін өндіреді.

Ал жабық тәсілмен мыс-полиметалл кенін өндіретін «Шығыстүстімет» ЖШС 1977 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания құрамына 1996 жылы кірген. Орлов шахтасы аталып кеткен кен орнында бүгінде мыңнан астам жұмысшы бар. Ал кәсіпорынның жобалық қуаты 1,6 млн. тонна екен.

Сонымен,  ертелетіп «Шығыстүстімет» ЖШС-не жеттік, бізді компанияның Корпоративтік байланыстар департаментінің ШҚО бойынша менеджері Ермек Дюзкенов қарсы алды. Басшылардың рұқсатынан кейін бізге шахтерлерге қойылатын басты талаптардың бірі саналатын қауіпсіздік ережесі таныстырылды. Кәсіпорын қызметкері шахтаға кіргеннен бастап жүріс-тұрыс, арнайы киім, қажетті қауіпсіздік құрылғыларын пайдалану ережелерін егжей – тегжей түсіндірді, арнайы бейнебаян көрсетіліп, қауіпсіздік белгілері таныстырылды. Жұмысшылардың арнайы киімі, шамы бар каска, көзілдірік, өзін-өзі құтқаруға арналған құралы сынды шахтада жұмыс істейтіндердің басты жабдықтары беріліп, көп ұзамай шахтаның аузындағы темір торға келіп жеттік. Ішке кірген бойда, әп-сәтте орнынан қозғалған темір тор тастай қараңғы тұңғиыққа сүңги жөнелді. Зырлаған бойда тас үңгірге жетіп тоқтады. Үңгірдің төбесіне шамдар ілінген. Ал табанына мыс кенін тасымалдауға арналған электровоздың темір жолы төселіпті.

Жол бастаған кәсіпорынның өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің жетекші инженері Ербол Саукимбаев шамамен жеті жүз метр тереңдікке жеткенімізді айтып, шахтаның ішінде жұмысшыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік тоқтайтын аялдамаға алып келді. Біраз уақыттан кейін арнайы техника діттеген жерімізге жеткізді. Осылайша, алдымен тас үңгірдегі жұмысшыларға қарай   бағыт алып, техникаларға жанар-жағармай құятын аумаққа келіп жеттік. Бұл жерде мамандар шахтаның жұмысшылары мен техникаларды қажетті орындарға жіберіп отырады екен. Шахтадағы барлық аумақ осы жерден бейнебақылау камералары арқылы бақыланатынын білдік.

— Шахта бірнеше «горизонтқа» бөлінген. Біз қазір 12- горизонттамыз. Әр жерге бақылау камералары орнатылған. Осы жерден аумақтарда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын көруге болады. Байланыс жүйесі де бар. Оның барлығы қауіпсіздік пен төтенше жағдайдың алдын алу үшін жасалған. Жұмысшыларды жаңа өзіміз келген көлік кесте бойынша тасымалдайды. Сонымен қатар қызметкерлеріміз үшін азын-аулақ тынығып, тамақтануға арналған орындар белгіленген. Онда тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, су ысытатын термопоттар орнатылған,- дейді кәсіпорынның өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің жетекші инженері Ербол Саукимбаев.

Одан кейін техника жөндеу орталығына бет алдық. Бұл жерде тастан үңгіп жасалған дөңгелек жөндеу орындары, токарь цехы, қосалқы бөлшектер сақтайтын қойма, тіпті көлік жуатын орындар бар екен. Бір сөзбен айтқанда, шахта ішіндегі техника жөндеу кешені десек болады. Бұл орындарда, келеңсіздіктердің алдын алу үшін, техника күн сайын тексеріліп отырады екен.                                                                                                                        — Техникалар белгіленген кесте бойынша жөндеуге келеді. Жөндеу жұмыстарын екі бағытта жүзеге асырамыз. Айталық, арнайы техникалар күн сайын алдын ала тексеріліп отырады, сонымен қатар жоспарлы жұмыс бойынша айына үш машинаны жөндейміз. Нөмірленген бөлшектер уақыты келгенде ауыстырылып отырады. Қаншама жыл істеп келеміз, қандай бөлшектердің жиі сынатынын білеміз. Сондықтан қажетті бөлшектер алдын ала қоймаға жеткізіліп тұрады. Бұл жұмысты үзіліссіз жүргізу үшін жасалып отыр,- дейді техника жөндеу шебері Нұрболат Жұмабеков.

Әрине, арнайы техникалардың заман талабына сай болуы жұмысты жеңілдетеді. Кәсіпорын осыған аса мән берсе керек, шахта мен фабрикаға арналған өзі жүретін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліпті.

Карьерге қарағанда жер асты өндіріс жұмыстары қиын екені белгілі. Өкінішке қарай, мұндай жерлерде өндірістік жарақаттар да орын алып жатады. Компания соның алдын алу үшін тиісті жұмыстарға да аса ден қойған. Айталық, шахтаны желдету, температуралық режімді сақтауда, шахталарды бекітуде жаңа технологиялар енгізілуде.

Білікті маман да кәсіпорынның нәтижелі жұмыс істеуіне тікелей ықпал етері анық. Тау-кен шеберлері шахтадағы негізгі мамандықтар бойынша жұмыс істей білулері керек. Сондықтан бұл жердегі мамандар кенді тасу, жарылған тау-кен массасын кен түсіру орындарына тиеу-жеткізу, машиналармен тасымалдау, электровозды басқарып, кенді тасу сияқты дағдыларды меңгерген.

Сапар барысында мысты өндіру процесімен таныстық. Әдетте, кеніштердің құрамында «сульфидті кен» мен әртүрлі қосарлы өнімдер болады. Қосарлы өнімдерге мырыш, күміс және алтын жатады. Технологиялық процестің қай сатысында болмасын қажетсіз материалдардың артып келе жатқан көлемдерінен айырудан, сульфидті кенді өңдеуден және тауарлық металл алуға баса назар аударылып отырады. Жер асты кенішінен жарылғыш материалдардың көмегімен бұрғылау-қопару жұмыстарын қолдану арқылы кен өндіріліп шығарылады. Қуатты техникалар шикізатты жинастырып, самосвалдарға, олар болса кенді бастапқы үгітудің ұсатқыштарына тасымалдап отырады. Осыдан кейін шикізат кәсіпорынның кен байыту фабрикасына жөнелтіледі. Онда бірқатар үгіткіштерде қайта өңделеді де, сумен араластырылады. Нәтижесінде кен паста немесе пульпа іспеттес өте майдаланған массаға айналдырылады. Ал кейін өнім қапталып, сатылымға жіберіледі. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынның  кен өндіру жұмысы, өндіріс орнының соңғы жетістіктері заман талабына сай. Жабық кен орны жұмысшылар үшін де тиімді еңбек шартын ұсынып отыр. Бұл да компанияның өркендеуіне үлес қоспақ.

— KAZ Minerals компаниясының еңбекақысы тау-кен саласында ең жоғары болып саналады. Әрине, жұмысшылар мамандығына қарай еңбекақы алады. Қызметкерлерімізге барлық жағдай жасалған. Емдік алдын алу тағамдары тегін берілсе, кәсіподақ тарапынан да әртүрлі демалыс орындарына жіберіліп отырады. Ұжымдық келісімшартта барлық қосымша көмектер көрсетілген,- дейді Корпоративтік байланыстар департаментінің ШҚО бойынша менеджері Ермек Дюзкенов.

Мақала Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде әзірленді.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС