Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН БОРОДУЛИХА

12.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңында бір күндік іссапармен Бородулиха ауданында болудың сәті түсті. Іссапар барысында ауданның тыныс-тіршілігімен таныстық. Ауданға қарасты Таврия, Красный Яр ауылдарында болып, мұндағы кәсібін дөңгелетіп отырған «Сахновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысын көзбен көрдік. Тасы өрге домалап, шаруасы шалқып отырған шаруашылықтың тынысы адам қызығарлықтай.

«Сахновское» серіктестігіндегі серпіліс

Бородулиха ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Жалпы аумағы 7,2 мың шаршы метрді құрайтын ауданның 87 773 гектар жерін орман, 14 301 гектарын су алып жатыр. Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонайха қаласымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Семей қаласымен шекараласады. Өсімдік және мал шаруашылығына ден қойған өңір сілеусін, қасқыр, қарсақ, түлкі, тиін, борсық, қоян, тағы басқа жабайы аңдар мекен ететін орманымен мақтана алады. Ауданға келе сала бірден Таврия ауылдық округінде орналасқан «Сахновское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аялдадық.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары орын алған тоқыраудан ең қатты «таяқ жеген» салалардың бірі ауыл шаруашылығы болғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Жекешелендірудің алғашқы толқыны кезінде қалыптасқан кооперативтер, серіктестіктер мен ұжымдық шаруашылықтардың басым көпшілігінің ісі алға баспай, құрдымға кеткен болатын. Саладағы 1998-2001 жылдары жүргізілген реформа барысында көптеген шаруашылық банкротқа ұшырап, 2002 жылға қарай олардың тең жартысы жер-жерде таратылды. Нәтижесінде ауыл тоқырау кезеңінде белшеден батқан берешегінен құтылды. Оның орнына жеке шаруа қожалықтары құрылды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы реформалаудан өткен кезеңде өз ісін бастағандардың қатарында «Сахновское» серіктестігі де бар еді. Қазіргі уақытта, мал шаруашылығымен қатар, дәнді дақылдар өсірумен де айналысатын қожалық аудандағы ең ірі серіктестіктердің бірегейі саналады.

— Иә, бастапқы кезде бәрі оңай болды деп айта алмаймын. Тоқырау заманы бізге де әсер етпей қоймады. Қаржы тапшылығы болды, арнайы техникалар мен ауыл шаруашылығы мамандары жетіспеді. Тіпті жеке совхоз бөлімі де, техникаларды жөндеу базалары да болмады. Десек те ауыл тұрғындары қиындықтарға бір кісідей төзімділік танытып, жемісті нәтижеге қол жеткізді. Береке-бірліктің арқасында қолға алған шаруамыз шалқып, қожалық жұмысы ілгері қарай өрледі,- дейді «Сахновское» ЖШС директоры Серік Молдабеков.

Мемлекеттік бағдарламалар табысқа жетелейді

Серіктестік басшысының айтуына қарағанда, экономиканың басты тетігі саналатын ауыл шаруашылығы саласын қиын-қыстау кезеңнен аман алып қалуға мемлекеттік бағдарламалардың септігі тиген сынайлы. Маңызды мемлекеттік шараларды жүзеге асыру барысында 2002 жылдары республикада тұрақты экономикалық даму, өндіріс көлемінің өсуі байқалды.

— Ауыл шаруашылығын одан әрі дамы-тудың жаңа белесі 2002 жылдан бастау алды. Бұл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезеңде аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау қарастырылды. Ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінді. Қорыта айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді арттыру, мал басы санын тұрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 70 пайызы тұрып жатыр. Олардың барлығы дерлік мал және егін шаруашылығымен айналысып, табысты еңбек етуде. Бұл ретте «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның ауыл шаруашылығын дамытуға, қажетті техникаларды сатып алуға көп қолдау көрсеткені талай шаруа қожалықтарының өсіп-өркендеуіне жол ашқанын айту керек. Бүгінгі таңда біз заманауи импорттық техникамен жарақтандырылған серіктестіктердің ішінде көш бастап тұрмыз. Егін жинайтын, жер жыртатын және басқа да техникалардың 40-қа жуық түрі бар. 12 400 гектар аумақты қамтитын  «Сахновское» серіктестігінің 8 мың гектар жері өсімдік шаруашылығына бағытталған. Биылдың өзінде жердің 30 пайызы күнбағыс, 40 пайызы бидай, 10 пайызы мал азығына арналған жем-шөп өсіруге, қалғаны қара бидай мен қарақұмық егуге берілді. Бородулиха ауданының жері құнарлы болғандықтан, еккен егіндері ешқандай дәрілік қоспаларсыз, табиғи тыңайтқыштармен өсіріледі. Тағы бір айта кетерлігі, астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақылдардың бірі саналатын бидай бүгінде қазақ еліндегі дара өнім ретінде белгілі. Бидай өсіруден біздің ел дүние жүзі бойынша бірінші орында. Бидай өсіруде бәсекелес мемлекеттерден озғанымызбен, қазіргі уақытта басқа да бағыттарға көңіл бөлгеніміз абзал. Ендігі жылы бидай егуді біршама азайтып, орнына рапс, жүгері, сорго егуді мақсат етіп отырмыз,- деп ойымен бөлісті кәсіпкер Серік Молдабеков.

Қазіргі күні қожалықта 65-ке тарта ауыл тұрғыны еңбек етеді. Жазғы мезгілде жұмысшылардың саны 100-ге жуықтайды. Көбінесе жиын-терін маусымында қосымша адамдар жалданады екен. Серіктестік басшысының сөзінше, мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп, тиісті субсидиялар да беріліп тұрады. Соңғы 15 жылдың ішінде көшбасшы шаруа қожалықтарының біріне айналған «Сахновское» ЖШС өз өнімдерін Семей, Павлодар қалаларына тасымалдайды. Тұтынушылардың санын арттыру мақсатында серіктестік әр жыл сайын өнім түрлерін де өзгертіп отыруды жөн санайды.

«Сахновское» ЖШС тек өсімдік шаруашылығы бойынша емес, төрт түлік өсіруде де алдыңғы қатардан көрініп жүр. Қожалықта аудан климатының ерекшелігі мен географиялық орналасуына бейімделген етті бағыттағы қазақтың ақбас сиыры мен Герефорд сынды асыл тұқымды 400 бас ірі қара малы өсірілуде.

— Біз ресми түрде асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруа қожалығы деген статусқа ие болып, ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдарында тіркелгенбіз. Бұл бізге республиканың әр аймағында орналасқан қожалықтарға асыл тұқымды ірі қара малын жіберуге мол мүмкіндік береді,- деді С.Молдабеков.

Ауыл шаруашылығын дамыту жолында қожалық басшылығы тек техникалар паркін жаңартуға ғана көңіл бөліп қоймай, серіктестік аумағының инфрақұрылымына да баса назар аударуда. Техникаларды қоюға арналған арнайы қысқы гараждар бой көтеріп, мал өсіруге бағытталған базалар мен жиналған астық өнімдерін сақтайтын қоймалар салынып жатыр. Алдағы уақытта қосымша еңбек ресурстарын тарту үшін тұрғын үйлер салу жоспары да жоқ емес. Ең бастысы, өндірісті әртараптандыру, яғни жаңа технологияларды енгізіп, заман талабына сай техникаларды қолдану арқылы өндірілген өнім көлемін екі есе арттыру мақсаты тұр.

Ауылдың бүгіні баянды, келешегі кемел

Шөбі шүйгін, мал баққанға, егін еккенге таптырмас құт мекенге айналған Бородулиха ауданындағы жұмыс сапарымызды Красный Яр ауылдық округінде жалғастырдық. Красный Яр, Речное, Девятка және Уба-Форпост ауылдарын қосқанда, округте 753 адам тұрады. Уба өзенінің бойында орналасқан көркімен көз тартып, көрген жанды таң-тамаша ететін таңғажайып табиғаты бар ауылдың бүгіні баянды, келешегі кемел. Округте Краснояр орта мектебі бар. 2003 жылы негізі қаланған оқу ордасында 90-ға жуық бала білім нәрімен сусындауда. Сондай-ақ мұнда 25 бүлдіршінге шақталған шағын орталық та жұмыс істеп тұр. Медициналық пункт те күрделі жөндеуден өткен. Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсететін пунктте егу бөлмесі, ем-дом шараларын жүргізуге арналған кабинет пен гинекология кабинеті бар.

— Бұрнағы жылдары науқастарды Мәдениет үйінен берілген аядай бөлмеде қабылдадық. Кейін халықтың мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын меценат, Бородулиха ауданы мәслихатының депутаты Сергей Быков өз қаражатына бұрынғы Қазпошта ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Бюджеттен бөлінген қаржыға заманауи құрал-жабдықтар, жиһаздар алынды. Өткен жылдың 20-шы қыркүйегінен бастап қолданысқа берілген жаңа медициналық пунктке күніне 7-8 адам келеді. Барлығын бір өзіме қабылдауға тура келеді. Себебі ауданда медицина саласын игерген мамандар тапшы,- деді ауыл фельдшері Жеңіс Базилов.

Медициналық пунктте 27 жыл бойы жалғыз өзі еңбек етіп келе жатқан фельд-шер Жеңіс Базилов қызметін абыроймен атқарып жүр. Ауыл тұрғындары оны әмбебап дәрігер деп атап кеткен. Жеңіс Базиловтың жұбайы Гүлнар да осы ауылда медбике болып еңбек еткен абзал жан. Мамандардың жетіспеушілігі салдарынан қазір ол ауыл әкімшілігінде бас маман қызметін атқарады.

—  Ауылда мамандар өте аз, бірақ біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бір кісідей жұмыс істейміз. Округ тұрғындары  бір-бірімізге жақын туысқандай болып кеттік. Ауыл-аймағымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың жағдайын жақсартуға үлесімізді қосу үшін барымызды салып жүрміз,- деді Красный Яр ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Гүлнар Базилова.

Әр ауылдың тағдыры сонда тұрып жатқан қарапайым халқына тікелей байланысты десек, бұл тұрғыдан алғанда, шағын ауылдағы жақсы іс, жарқын бастамаларды аңғармау мүмкін емес. Ауылдың бүгінгі келбетінен мұндағы қарашаның еңбегінің нәтижесін көреміз. Халықпен бірге жұмыла жұмыс істелсе, кез келген ауданның дамуына қол жеткізуге болады. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелі жолға қойылған Бородулиха өңірі бұл ретте өзінің ерекшелігін ұтымды пайдалануда. Әлеуеті артқан іргелі аудандардың бірі, даму жолында талай белестерді бағындырған бірлігі берік Бородулиханың болашаққа бағдары айқын. Оны іссапар барысында анық байқадық.

Бородулиха аудандық ішкі саясат бөлімінің арнайы тапсырысымен әзірленді

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 неделя назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС