Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ САҚТАУ — ОТБАСЫНАН

15.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Сейсенбі, 12 желтоқсан күні Семейде «Рухани жаңғыру: Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» тақырыбында республикалық форум өтті. Форумға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілі Мейрам Иманбаев, қала әкімі Ермак Сәлімов және қаладағы үкіметтік емес ұйымдар мен бірлестіктер өкілдері, ата-аналар, оқушылар, студенттер қатысты.

Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда діннің маңызы зор. Мемлекетіміз ұстанып отырған дін саясатына қатысты дәстүрлі емес діни ағымдар тарапынан айтылып жатқан сыни пікірлер де жоқ емес. Дін саласында орын алып жатқан кейбір келеңсіздіктерді жою мақсатында өткен жылы қыркүйек айында Елбасының тапсырмасымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған арнайы тұжырымдамасы да әзірленді. Сол тұжырымдамалардың негізінде биыл дін саласындағы кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

— Жоба бойынша, дін саласын қамтитын 10-нан астам заң мен 3 кодекске өзгерістер енгізілді. Жаздан бері діни бірлестіктермен, қоғамдық ұйымдармен бірге бірнеше мәрте қоғамдық тыңдау өткіздік. Бұл мәселе мемлекеттік органдар тарапынан да әлденеше рет талқыланып, сүзгіден өтті. Бүгінгі күні аталған заң Президент әкімшілігінің келісімін алды. Алдағы уақытта заң жобасы халық қалаулыларының талқылауына түседі,- деді Мейрам Иманбаев.

Оның айтуынша, Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар әртүрлі діни бірлестіктер мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын және теріс діни ағымдарға қарсы заңнамалық тұрғыда жүргізілетін жұмыстарды нығайта түспек. Мәселен, жаңа заң бойынша 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасының рұқсатынсыз ғибадат орындарына баруына болмайды. Олай болмаған жағдайда, діни бірлестік басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Ата-аналарға да белгілі бір жауапкершілік көзделген. Елімізде әртүрлі діни ұйымдар мен бірлестіктердің кең қанат жайып келе жатқанын ескерсек, бұл жастарды теріс діни ағымдардың жетегінен қорғаудың тиімді жолы екенін айтады мамандар.

—  Күз айында мектепте форма мәселесі қайта-қайта көтерілетінін де білесіздер. Қазақстан – зайырлы мемлекет, яғни мемлекет пен дін бір-бірінің ісіне араласпайды. Конституцияның 1-бабында бұл туралы нақты айтылған. «Білім туралы» Заңда да, Білім және ғылым министрінің №26 бұйрығында да оқушының мектепте бірыңғай оқу формасын сақтауы керектігі көрсетілген. Қарап отырсақ, мектеп формасы туралы нақты заңнамалық нормалар қабылданған. Осыған қарамастан, қыз балаларды мектепке жібермей отырған ата-аналар бар. 6 желтоқсан күні ҚМДБ мектеп формасына қатысты өз ұстанымын жариялап, мемлекет заңына азаматтардың бағынуы тиіс деген қорытындыға келді. Демек, ҚМДБ тарапынан да, мемлекет тарапынан да бұл мәселеге қатысты ортақ түсіністік бар,- дейді М.Иманбаев.

Отбасының мемлекетті құрушы фактор екені белгілі. Бабаларымыз «Отан от басынан басталады» дейді. Халқымыз ақ неке, адал жар ұғымдары арқылы отбасы мен некенің қасиетін ардақтайды. Қазіргі кезде кейбір жастардың отбасы құндылығы мәселесіне атүсті қарайтындары көңіл қынжылтады. Неке — отбасын құрудың негізі, ер мен әйелді рухани және материалдық тұрғыдан біріктіретін жол.

— Материалдық тұрғыда отбасын қамтамасыз ету әкенің міндеті болса, балаларының тәрбиесіне көңіл аудару ананың жауапкершілігінде. Қазір көп жас-тар Батыс елдеріне еліктеп, азаматтық некеге алданып жатыр. Шындығында, отбасын құрудың өзіндік шарттары бар. Өзара келіскен екі жас алдымен ата-анасының рұқсатын алады, олар  куәгерлердің болуы, некені көпшілікке жариялау, АХАЖ бөліміне тіркелу сияқты жолдардан өту керек. Қоғамда жетім-жесірдің пайда болып, ортаның бұзылып жатқаны отбасы құндылығына терең мән бер-меуден. Әр халықтың бала тәрбиесіне қатысты ұстанатын өз ерекшелігі болады. Қазақ халқының бала тәрбиесіне тән ерекшелігі – жасы кіші адам үлкенге сіз деп сөйлейді, үлкен тұрып кіші, әке тұрып ұл, шеше тұрып қыз сөйлемейді. Қазақ қыз баланы аз күндік қонағым деп құрметтесе, ұлын ұрпағымды жалғастырушы деп бағалаған. Ата дәстүрімізден алшақтамай, ұлттық құндылықтарымызды сақтай білейік,- деп пікір білдірді Семей қалалық Орталық мешіттің наиб имамы Бекзат Баешов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

04.05.2026
PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

Астана вновь окажется в центре внимания мирового киберспорта. В городе пройдет международный турнир PGL Astana 2026. В этом состязании по...

Читать далее ...

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

04.05.2026
Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

В Алматы под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта. В своем выступлении Глава государства...

Читать далее ...

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

04.05.2026
Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

Состоялся семинар, посвященный вопросам эффективного использования водных ресурсов и обеспечения водной безопасности. В мероприятии приняли участие специалисты отрасли, представители государственных...

Читать далее ...

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

03.05.2026
Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства к реализации Указа Главы государства...

Читать далее ...

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

03.05.2026
Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

2 мая 2026 года на территории Государственного национального природного парка «Жоңғар-Алатау», вблизи села Тополевка Сарканского района области Жетісу, на высоком...

Читать далее ...

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

01.05.2026
В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

1 мая – День единства народа Казахстана широко отмечается в области Абай. Сегодня на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города...

Читать далее ...

Новости

PGL Astana 2026: лучшие команды мира соберутся в столице

2 дня назад

Глава государства провел второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

2 дня назад

Эффективное использование водных ресурсов: обсуждены вопросы водной безопасности и экономии

2 дня назад

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

3 дня назад

Фестиваль «Цветение яблони Сиверса» прошел в Жетісу

3 дня назад

В Семее прошли праздничные мероприятия ко Дню единства народа Казахстана

5 дней назад

«Караван закона» в пути: жители Бородулихинского района встретились с правоохранителями

5 дней назад

Глава государства принял президента Международной кинологической федерации Тамаша Яккеля

5 дней назад

В Казахстане запустят крупнейший в Центральной Азии завод по глубокой переработке кукурузы

5 дней назад

Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС