Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ КҮТІЛУДЕ

26.12.2017
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі қоғамдық көліктердің жұмысын оңтайландыру мақсатында қала әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасымен «Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері тоғыз ай бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өткен жұма, 22 желтоқсан күні қалалық әкімдікте өткен жиында институт директорының орынбасары Байболат Баймаханбет қорытынды шығарып, автобус бағыттарына қатысты жаңа жобаны таныстырды. Жиынға сондай-ақ облыстық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаев, мемлекеттік органдар мен қоғамдықұйым өкілдері қатысты.

Алматы қаласында орналасқан ғылыми-зерттеу институты бұл іспен бірінші рет айналысып отырған жоқ. Өз тарихында көптеген жауапты жұмыстарды абыроймен атқарған мекеме бізге дейін Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Шымкент қалаларында да еңбек еткен.

Байболат Досалыұлының сөзіне қарағанда, Семейде автобус бағыттары дұрыс жоспарланбаған. Кейбір бағыттағы жолаушылар санынының аздығынан олардың санын қысқартқан жөн.

Бүгінгі күні Семейде 428 автобус 51 бағыт бойынша жолаушы тасымалымен айналысады. Алдағы уақытта 9 автобус бағыты қысқарса, 24 бағыт біріктіріледі, 13 бағыт өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Байболат Баймаханбет баяндады:

— Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 мекеме бар. Қалыптасқан жүйе бойынша 9 ай зерттеу жүргіздік. Тасы-малдаушылардың жұмыс жүйесін, автобус бағыттарын, аялдамаларды тексеріп, автобуспен қамтылмаған аудандарды анықтадық. Жұмыс барысында ҚР заңдарын басшылыққа алдық. Байқағанымыздай, тасымалдаушылар тарапынан біраз заң бұзушылықтар орын алған. Олар үшін тиісті шара қолдану керек деп есептеймін. Ал автобус бағыттарына келсек, біз әр бағытта қанша адам тасымалданатынын тексердік. Тәулігіне 186 адам ғана тасымалданатын бағыттар бар. Және бұл бағыттардың көпір арқылы өтуі тиімсіз. Жолаушы тасымалына қатысты белгіленген нормаларға сүйенсек, 320 мың халқы бар Семей қаласының тұрғындары А нүктесінен В нүктесіне дейін 35 минутта жетуі тиіс. Қызыл кордон немесе Водный ауданынан мына жерге жету үшін мен неге бүкіл қаланы аралауым қажет?- дейді Б. Баймаханбет.

Шаһарда жолаушы тасымалымен айналысатын шағын автобустардың көп екенін тілге тиек еткен ол қалаішілік жолаушылар тасымалы үшін 12-13 орынға арналған бұл көліктердің жарамсыз екенін айтты. Оның айтуынша, мұндай жағдайға тек жолаушылар саны аз болғанда ғана рұқсат етіледі және шағын автобустар саны тасымал бағытындағы көліктердің 30 пайызынан көп болмауы тиіс.

— Шағын автобуста жолаушылар саны тек белгіленген орынға шақ болуы шарт. Ал автобустыңөз ережесі бар. Жыл басынан бері Қазақстанда 23 мың адам жол көлігі оқиғаларынан зардап шеккенін ескере отырып, қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл аударуға міндеттіміз. Өкінішке орай, тасымалдаушылар бұл салада да әлсіздік танытып отыр. Мәселен, «Автомигди» ЖШС-де механика кабинеті атымен жоқ. Заңға сүйенсек, таңертең және кешкі уақытта қоғамдық көлік міндетті түрде тексерілуі керек. Егер автопарктің механикаға қаражаты жетпесе, жолаушылар тасымалымен айналыспағаны жөн. Әрбір автопарк басшысы жүргізушілер үшін де барынша жағдай жасауы керек. Олар таңғы 4.30-дан кешкі 9-ға дейін қызмет етеді. Сондықтан олардың  тамақтанатын, жуынатын, ұйықтайтын бөлмелері болуы тиіс. Ол туралы Заңда көрсетілген. Сондай-ақ жүргізуші мен кондуктордың арнайы киімдері мен медициналыққұжатының болуы, аялдама аттарының екі тілде хабарлануы міндетті,- дейді институт директорының орынбасары.

— Қоғамдық көлік қалалық әкімдіктің жіті бақылауында. Біздің зерттеуімізге сәйкес, әрбір қоғамдық көлікте күніне орташа есеппен 212 жолаушы тасымалданады. Оны 80 теңгеге көбейтсек, әжептәуір қаражат шығады. Сондықтан біздің тараптан тасымалдаушыларға қойылатын талап та нақты. Ол барлығына ортақ. Біреуді кәсібінен айырып, артық әрекетке барайық деп отырған жоқпыз. Дегенмен бүгінгі заман талабына сай қызмет көрсететін тасымалдаушылар ғана жұмысын жалғастырады,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Жиында айтылғандай, жаңа жобаға байланысты әлі де өзгерістер болуы мүмкін. Бұл — алдағы уақытта жолаушылар тасымалымен айналысатын жаңа мердігер мекеменіңқызмет барысына дайындыққана.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 дня назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

5 дней назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

6 дней назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

6 дней назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

6 дней назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

6 дней назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

7 дней назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

1 неделя назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

1 неделя назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС